Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Анатолий Пак by Анатолий Пак
9 июня, 2026
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Фото: aquaflame-expo.ru

Коммуналдық қызметтердің түбіртегіне қарап, өмір бойы шағымданып өтуге де болады немесе жай ғана жарықты өшіріп жүруге болады (әрине, қажет емес кезде). Осыған дейін біз жылу ақысын қалай азайту керектігі туралы жазғанбыз. Ал бүгін энергетик мамандардың электр жарығына кететін шығынды үнемдеуге қатысты пайдалы кеңестерін ұсынамыз.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Сарапшылардың есептеуінше, Қазақстанда екі бөлмелі пәтерде тұратын отбасылар айына орта есеппен 250-350 кВт/сағ, ал жылына шамамен 3-4 мың кВт/сағ электр жарығын жағады. Әрине, көрсеткіштер әр үйдің қаншалық көп немесе аз қолданатынына және тұрғын үйлерді электр құралдарымен жарақтандыру деңгейіне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен еліміз бойынша орташа деректер дәл осындай. Бұл сандарды өз аймағыңыздағы тарифке көбейтіңіз — қомақты сома шығады.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Еуропа елдерінде бір отбасы айына орта есеппен 200-375 кВт/сағ, ал жылына 2,5-4,5 мың кВт/сағ электр энергиясын жұмсайды.

Ал сонда күнделікті тұрмыс-тіршілікте электр қуатын қалай үнемдеуге болады?

Энергетиктердің айтуынша, жарықдиодты шамдарды пайдаланған тиімді. Олар кәдімгі шамдарға қарағанда қуатты әлдеқайда аз жұмсайды.

Үнемді тұрмыстық техника таңдау: Энергия тиімділігі жоғары класты құрылғыларды сатып алған жөн. «Күту режимінен» ажырату: Тоққа қосулы тұрған техникалар (тіпті қолданылмаса да) электр энергиясын «жеп тұрады», сондықтан оларды розеткадан ажыратып жүру керек.

Құрылғыларды ақылмен пайдалану: Кондиционер, жылытқыш сияқты қуатты көп қажет ететін жабдықтарды орынды, тек қажет кезде ғана қолдану қажет.

«Әдетте, электр қуатын көп қажет ететін тұрмыстық техниканы қадағалау арқылы энергияны көбірек үнемдеуге болады. Мысалы, қолданылмайтын зарядтағыштар мен құрылғыларды тоқтан ажыратып қою, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды толық толтырып қосу, техниканың энергия үнемдейтін режимдерін пайдалану, сондай-ақ ескірген жабдықтарды уақытылы жаңа, үнемді түрлеріне ауыстыру керек», – дейді мамандар.

Тұтынушы бір айда немесе бір жылда қанша үнемдей алады?

Сарапшылардың айтуынша, үнемделген қуаттың нақты көлемін білу үшін үнемдеу шараларын бастағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру керек. Дегенмен, мамандардың есептеуінше, электр қуатын тұрақты түрде үнемдеу және тиімді құрылғыларды пайдалану шығынды шамамен 10-20%-ға азайтуға көмектеседі. Егер пәтер айына орта есеппен 350 кВт/сағ тұтынса, демек, бұл ай сайын 35-70 кВт/сағ, ал жылына 420-840 кВт/сағ үнемдеуге болады. Осы көрсеткішті өзіңіз тұратын аймақтың тарифіне көбейтіп көріңіз. Ресурстарды тиімді пайдалансаңыз, жылына бір-екі айдың жарық ақысын «қалтаңызда қалдыруға» толық мүмкіндік бар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Енді электр желілеріндегі шығындар туралы әңгіме өрбітсек. Мамандардың айтуынша, ток көзін электр станцияларынан түпкілікті тұтынушыларға (үйлерге) жеткізу кезіндегі шығындар – бұл табиғи әрі қалыпты құбылыс. Мұндай шығындардың негізгі бөлігі желілердегі, трансформаторлардағы және басқа да құрал-жабдықтардағы физикалық процестерге байланысты болады. Электр сымдармен жүргенде, өткізгіштердің қарсылығы мен құрылғылардың жұмысы салдарынан электр энергиясының бір бөлігі жылуға айналып, ұшып кетеді. Бұдан бөлек, коммерциялық шығындар да болады. Бұл шығындар есептеуіш құралдарындағы қате көрсеткіштерден, есептегіштердің бұзылуынан немесе токты заңсыз пайдалану, яғни кәдімгі ұрлық салдарынан  да туындайды.

Tags: электр қуатыҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

Келесі жаңалық

Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мәжіліс спикері Цойдан емханаларға барып халықпен байланыс орнатуын сұрады

Цой шетелдік вакциналардың бағасын айтты

26 октября, 2021
Күн сайын көбейіп келеді: өткен тәулікте 7 778 адам COVID-19 жұқтырды

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1038 адам тіркелді

15 ноября, 2021
«Таза Қазақстан»: Жетісудағы экологиялық акцияда өзен жағалауы мен елді мекендер тазартылды

«Таза Қазақстан»: Жетісудағы экологиялық акцияда өзен жағалауы мен елді мекендер тазартылды

11 апреля, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.