Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Анатолий Пак by Анатолий Пак
8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Болонья қаласында Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиға – қазақы тазының әлемдік кинологиядағы ең беделді шаралардың бірі саналатын  World Dog Show 2026 бағдарламасына қатысуы сәтті аяқталды.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

2026 жылғы 2–7 маусым аралығында халықаралық кинологиялық қауымдастықтың назары Италияға ауды. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген төрешілер, сарапшылар, селекционерлер, ит иелері және ұлттық кинологиялық ұйымдардың өкілдері бас қосты. Қазақстан үшін бұл шараның маңызы ерекше болды, өйткені әлемдік деңгейдегі басты алаңдардың бірінде 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) алдын ала мойындауына ие болған ұлттық тұқым – қазақы тазы таныстырылды.

Қазақстан кинологтар одағының World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуы қазақы тазыны түпкілікті халықаралық деңгейде мойындатуға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңіне айналды.

Іс-шара аясында 2 маусым күні өткен FCI төрешілерінің IV дүниежүзілік конгресіне қатысудың маңызы зор болды. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшы-төрешілер бас қосатын кәсіби алаң. Конгресс барысында Қазақстан кинологтар одағы қазақы тазыға арналған арнайы дәріс өткізді. Халықаралық төрешілер корпусына тұқымның тарихы, оның қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен байланысы, тазының аңшылық текті тазылар санатындағы қызметтік ерекшелігі, тұқымдық типі, экстерьері, қозғалыс мәнері, мінез-құлқы және рингтегі бағалау ерекшеліктері таныстырылды.

Мұндай формат тұқымды таныстырумен қатар, FCI төрешілері арасында қазақы тазы туралы дұрыс кәсіби түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл алдын ала халықаралық мойындау кезеңінде аса маңызды, өйткені әлемдік аренадағы әрбір көрсетілім тұқымның болашақтағы қабылдануына, дамуына және түпкілікті мойындалуына тікелей әсер етеді.

Қазақстанның World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуының маңызды бөлігі қазақы тазыға арналған Қазақстан кинологтар одағының таныстыру стенді болды.

Қазақстанның ұлттық стенді көрменің дәл орталығында орналасып, алғашқы күннен-ақ World Dog Show 2026 көрмесінің ең көрнекті әрі көпшілік жиналатын алаңдарының біріне айналды. Ол төрешілердің, селекционерлердің, ит иелерінің, ұлттық кинологиялық ұйымдар өкілдерінің, көрме қонақтарының және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Стендке келген қонақтар қазақы тазының тарихымен, оның қызметтік ерекшелігімен, тұқымдық сипаттарымен, қазіргі селекциялық жұмыстың жай-күйімен және Қазақстанның осы тұқымның отаны ретіндегі рөлімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Стенд тек ақпараттық алаң ғана емес, нағыз тартымды орталыққа айналды. Көптеген қонақтар стенд жанында аялдап, Қазақстан өкілдерімен пікір алмасып, естелік суретке түсті. Көрмеге қатысушылар мен қонақтардың пікірінше, Қазақстанның ұлттық стенді World Dog Show 2026 көрмесіндегі ең жарқын, мазмұнды әрі есте қаларлық экспозициялардың бірі болды.

Қазақстанның қатысуындағы басты сәттердің бірі 5 және 6 маусым күндері өткен қазақы тазылардың рингтік көрсетілімдері болды. Тұқым өкілдері бірден үш маңызды көрме кезеңіне қатысты: Club Show 2026, ENCI Winner 2026 және World Dog Show 2026.

Ең басты ортақ нәтиже – барлық қазақы тазылар ешбір ерекшеліксіз «Өте жақсы» («Excellent») бағасын алды. Бұл көрсеткіш ұсынылған иттердің жоғары сапасын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда ұлттық тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы селекциялық жұмыстың жүйелі әрі дұрыс жолға қойылғанын дәлелдейді.

2026 жылғы 5 маусымда қазақы тазы Италияның ұлттық деңгейдегі  Club Show 2026 көрмесінде таныстырылды.

Club Show 2026 қорытындысы бойынша Астанадан келген Ақтабан үздік жас аталық, Алматыдан келген Табиғат үздік жас аналық атанды. Астаналық Лашын үздік аталық, ал Рея үздік аналық деп танылды. Қорытынды салыстыру нәтижесінде Лашын тұқымның үздік өкілі атанып, Club Show 2026 жеңімпазы болды.

Сол күні қазақы тазылар халықаралық деңгейдегі ENCI Winner 2026 көрмесіне де қатысты. Астанадан келген Челси үздік жас аталық, Алматыдан келген Табиғат үздік жас аналық атанды. Перс үздік аталық, ал Рея үздік аналық деп танылды. Тұқымның үздік өкілі әрі ENCI Winner 2026 жеңімпазы атағын Перс иеленді.

Перстің тарихи жетістігі ерекше назар аударуға тұрарлық. Тұқым ішіндегі жеңісінен кейін ол өз жас санатындағы басқа тазылармен бақ сынасып, төртінші орынға ие болды. Қазақы тазы үшін мұндай деңгейдегі халықаралық алаңда қол жеткізілген нәтиже тұқымды әлемге таныту жолындағы маңызды жетістік әрі жаңа белес болды.

2026 жылғы 6 маусымда қазақы тазы FCI жүйесіндегі әлем чемпионаты саналатын Дүниежүзілік иттер көрмесінің негізгі бағдарламасы – World Dog Show 2026 аясында таныстырылды.

World Dog Show 2026 қорытындысы бойынша Алматыдан келген Челси үздік жас аталық, ал Алматыдан келген Табиғат  үздік жас аналық атанды. Астаналық Лашын үздік аталық, ал Рея үздік аналық деп танылды. Тұқымның үздік өкілі әрі World Dog Show 2026 жеңімпазы атағын Лашын иеленді.

Тұқым ішіндегі жеңістен кейін Челси мен Лашын өздерінің жас ерекшелігі санаттарында басқа тазылармен сайысты жалғастырды. Қорытынды салыстыру нәтижесінде Челси төртінші орынға ие болып, қазақы тазы үшін әлемдік көрме алаңындағы тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.

World Dog Show 2026 нәтижесі бойынша Челси мен Табиғат Жас әлем чемпионы атағына ие болды. Ал Лашын мен Рея Әлем чемпионы титулдарын жеңіп алды.

Осылайша, көрме бағдарламасының қорытындысы бойынша Дастер, Лашын, Рея, Перс, Арлан және Кербез Италия чемпионы атағын иеленді. Ал Сарбаз чемпиондар сыныбының резервтік жеңімпазы атанды. Челси, Табиғат және Ақтабан Жас Италия чемпионы титулдарына қол жеткізді.

Бұл нәтижелер Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Қазақы тазы World Dog Show 2026 көрмесінде жай ғана таныстырылып қойған жоқ – тұқым әлемдік аренада өз мүмкіндігін сенімді түрде көрсетіп, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды, халықаралық қауымдастықтың назарын аударды және өзінің тұрақты тұқымдық деңгейін дәлелдеді.

Қазақстан кинологтар одағы үшін жеңістер мен титулдар маңызды болғанымен, басты нәтиже бұдан да ауқымды. Қазақы тазы халықаралық кинологияда барған сайын танымал бола түсуде, ал Қазақстан осы бірегей тұқымның тарихи отаны әрі оны сақтау, дамыту және ілгерілету бағытындағы жүйелі жұмыстың негізгі орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Қазақстанның World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуының тағы бір жарқын сәті қазақы тазының халықаралық TOP Dog 2026 шоуындағы өнер көрсетуі болды.

TOP Dog – бұл рингтегі дәстүрлі сараптамалық бағалау емес, кең аудиторияға, бұқаралық ақпарат құралдарына және әлемдік көрме қауымдастығына бағытталған әсерлі халықаралық шоу. Дәл осы алаңда тұқым тек мамандарға ғана емес, мыңдаған көрерменге өз елінің мәдени келбетінің бір бөлігі ретінде таныстырылады.

Осы беделді алаңда Қазақстан алғаш рет таныстырылды. Аренадағы басты экранда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көрсетіліп, еліміздің атауы халықаралық кинологиялық қауымдастық алдында салтанатты түрде жарияланды.

Аренада Қазақстанның атынан Астанадан келген қазақы тазы Дастер, хендлер Карина Камибаева және Қазақстан кинологтар одағының президенті Серікқали Бауыржан өнер көрсетті.

Бұл жай ғана көрме бағдарламасының бір бөлігі емес, қазақы тазының тарихи отаны ретінде Қазақстанды әлемдік кинологияның ең беделді алаңдарының бірінде танытқан маңызды символдық сәт болды.

Қазақы тазының TOP Dog 2026 шоуындағы көрсетілімі Қазақстанның World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуының ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттерінің біріне айналды. Бұл алаңда тазы өзіндік болмысы бар, танымал әрі халықаралық кинологияда лайықты орын алуға қабілетті тұқым ретінде таныстырылды.

Еске сала кетейік, қазақы ит тұқымдарын сақтау және дамыту мәселелері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүйелі түрде қолға алынды. Осыған байланысты 2023 жылғы 3 қаңтарда қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, аталған бағыттағы жұмыстың құқықтық негізі бекітілді.

2024 жылғы 3 қыркүйекте FCI «Қазақы тазы» тұқымын алдын ала негізде танып, Қазақстанға осы тұқымның шыққан елі мәртебесін ресми түрде бекітті. Белгіленген кезең ішінде Қазақстан тұқымды дамыту жұмыстарын жалғастырып, оның түпкілікті мойындалуына қажетті асыл тұқымдық, көрмелік және өзге де деректерді жинақтауы тиіс.

Қазақы тазының Болонья қаласында өткен World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуы осы жолдағы маңызды белес болды. Бүгінде қазақы тазының халықаралық аренаға сенімді түрде шығып, әлемдік кинологиядағы өз орнын иеленіп келе жатқанын нық сеніммен айтуға болады.

Tags: тазыҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Келесі жаңалық

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев: Климаттың өзгеруі жаһандық су цикліне әсер етіп отыр

Тоқаев: Климаттың өзгеруі жаһандық су цикліне әсер етіп отыр

12 ноября, 2024
Қарағанды облысы өкілдері «Жастар таза Қазақстан үшін!» акциясына қолдау білдірді

Қарағанды облысы өкілдері «Жастар таза Қазақстан үшін!» акциясына қолдау білдірді

15 июля, 2024
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді

28 февраля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.