Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Анатолий Пак by Анатолий Пак
9 июня, 2026
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Фото: Depositphotos.com / photosoupy

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы – мемлекеттік театрлар. Олардың қатарында 11 республикалық және 48 өңірлік театр бар. Бұл көрсеткіш театр өнерінің өркендеп, сахна мәдениетіне деген жұртшылық қызығушылығының арта түскенін көрсетеді.

Байланысты

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы атап өткендей, театрдың дамуы – ел мәдениетінің деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Қазақстанда да театр өнеріне деген қызығушылық тұрақты сақталып келеді. Мұны көрермендер қатарының артуы мен жаңа қойылымдарға деген сұраныстың жоғары болуы айқын аңғартады.

Саладағы оң серпін 2025 жылдың қорытындысынан да байқалады. Былтыр мемлекеттік театрларда 410 жаңа қойылым көрерменге жол тартып, 539 гастроль ұйымдастырылды. Оның 495-і ел өңірлерінде, ал 44-і шетелде өтті. Бір жыл ішінде 16 мыңға жуық спектакль сахналанып, оларды 2 832 835 көрермен тамашалады.

Отандық театрлардың халықаралық фестивальдер мен байқауларға белсенді қатысуы да саланың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. 2025 жылы қазақстандық театр қайраткерлері 101 халықаралық және 90 республикалық фестиваль мен байқауда өз өнерін паш етті. Нәтижесінде қазақстандық театрлардың 13 қойылымы «Гран-при» және «Үздік спектакль» аталымдары бойынша жоғары марапаттарға ие болды.

Биыл да саладағы оң үрдіс жалғасын тауып отыр. Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 611 685 көрермен барды. Осы уақыт ішінде 197 жаңа спектакль сахналанды. Оның 146-сы отандық авторлардың шығармалары негізінде ұсынылып, 47-сі шетелдік драматургтердің туындылары бойынша қойылды.

Репертуарды байыту және жаңа қойылымдарды көрерменге ұсынумен қатар, қазақстандық театрлар халықаралық мәдени серіктестікті тереңдетуге мән береді. Жыл басынан бері театр ұжымдары 106 гастроль ұйымдастырды. Оның ішінде Ресей, Сингапур және Түркия елдеріне өнер сапары бар. Сонымен қатар отандық театр ұжымдары Ресей, Испания, Беларусь және Түркияда өтіп жатқан халықаралық фестивальдер мен байқауларға қатысып, ел өнерінің мерейін асыруға үлес қосып келеді.

Атап айтқанда, Ыстамбұл қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық театр сыйлығының XI марапаттау рәсімінде «Астана Опера» театрының режиссері «Үздік театр режиссері» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «Romeo and Juliet» спектаклі Санкт-Петербургте өткен XXVII халықаралық жастар театр фестивалінде «Үздік спектакль» аталымына лайық деп танылды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Театр саласындағы жетістіктер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жүйелі қолдаумен де сабақтасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар театрлардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және олардың кәсіби дамуына жаңа серпін беруге жол ашады. Биыл Мемлекет басшысы Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына «Ұлттық» мәртебесі, ал Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына «Академиялық» мәртебесі берілетінін айтты.

Tags: Қазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Табиғат балалар көзімен: Қазақмыс шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтады

Келесі жаңалық

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Мәдениет

Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

11 июля, 2026
Freedom Кино мен ТВ ұсынады: «ҚАЙРАТ» ФК» деректі сериалы — қазақ футболының жаңа дәуірін айшықтаған бас клубтың шынайы тарихы.
Мәдениет

Freedom Кино мен ТВ ұсынады: «ҚАЙРАТ» ФК» деректі сериалы — қазақ футболының жаңа дәуірін айшықтаған бас клубтың шынайы тарихы.

7 июля, 2026
Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті
Басты

Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

4 июля, 2026
KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

3 июля, 2026
Келесі жаңалық
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Tele2/Altel мен Yandex Qazaqstan Қазақстандағы миллиондаған қолданушыға арналған жасанды интеллект сервистерін бірлесіп дамытады

Tele2/Altel мен Yandex Qazaqstan Қазақстандағы миллиондаған қолданушыға арналған жасанды интеллект сервистерін бірлесіп дамытады

7 июля, 2026
Қазақстанда 9 айда 2075 адам жоғалып кеткен

Қазақстанда 9 айда 2075 адам жоғалып кеткен

31 октября, 2022
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16 января, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.