Халықаралық балаларды қорғау күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Қазақмыс» Ұлытау облысы бойынша Экология департаментімен бірлесіп, балалар арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауын өткізді.
Байқау жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін дамытуға және табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
Мереке аясында Жезқазғандағы Маруа Құлұшева атындағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арнайы кездесу ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. Әр балаға спорттық киім, футбол добы, су құтысы мен тәттілерден құралған жеке жиынтық берілді.
Бұл бастама балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауға да бағытталды. Балалар мен жастарды қолдау «Қазақмыстың» әлеуметтік саясатының маңызды бағыты.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз