Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

Мақсим Горький атындағы театрға ұлттық мәртебе беріледі: ұжым Президентке ризашылығын жеткізді

Анатолий Пак by Анатолий Пак
31 мая, 2026
Мақсим Горький атындағы театрға ұлттық мәртебе беріледі: ұжым Президентке ризашылығын жеткізді

Фото: Яндекс.Карты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Астанадағы Мақсим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына «ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Театр ұжымы бұл бастаманы отандық мәдениетке көрсетілген жоғары құрмет пен шығармашылық қауымдастықтың көпжылдық еңбегіне берілген лайықты баға ретінде қабылдап, Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Байланысты

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Табиғат балалар көзімен: Қазақмыс шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтады

Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады

Мақсим Горький атындағы театр – еліміздегі ең көне мәдени ошақтардың бірі. Биыл театр өзінің 125 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ұжым өкілдерінің айтуынша, Президенттің театрға ұлттық мәртебе беру туралы шешімі тарихи оқиға әрі көпжылдық еңбектің заңды нәтижесі болып табылады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың театрымызға ұлттық мәртебе беру туралы шешімі – біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл – ұжымның көпжылдық еңбегі мен шығармашылық ізденістеріне берілген жоғары баға. Барша театр ұжымы атынан Мемлекет басшысына шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді театр директоры Ғани Кәрімов.

Бүгінде театр ұлттық мәдениетті насихаттауға белсенді үлес қосып келеді. Қазақ драматургиясының үздік туындылары орыс тілінде сахналануда. Театр репертуарында «Шыңғыс хан», «Хан Кене», «Томирис – сақ патшайымы», «Соңғы тәубе», «Әлия», «Сәкен Сейфуллин» және басқа да тарихи тұлғалар мен ұлттық құндылықтарға арналған қойылымдар бар.

Сонымен қатар театр Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде лайықты танытып келеді. Ұжым SAMGAU фестивалінің Гран-при иегері атанып, «Ресейдегі кездесулер» және «Алтын Витязь» секілді беделді халықаралық фестивальдерде табысты өнер көрсетті. Бұдан бөлек, театр Сербия, Қытай, Испания және Венгрия елдеріндегі халықаралық жобалар мен гастрольдік сапарларға қатысып, шетелдік көрермендерді қазақстандық театр өнерімен таныстырды. 2023 жылы театр UMAI ұлттық сыйлығының «Үздік драмалық спектакль» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

Театр директорының айтуынша, ұлттық мәртебенің берілуі шығармашылық ұжымның мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады. Бұл шетелдік режиссерлермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, халықаралық фестивальдер мен гастрольдік бағдарламаларға қатысуға, сондай-ақ танымал өнер қайраткерлерін тартуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Алдағы уақытта театр қазақстандық авторлармен ынтымақтастықты күшейтіп, заманауи драматургияны дамытуға, жас шығармашыл тұлғаларды қолдауға және спектакльдердің сапасы мен мазмұнын арттыруға басымдық береді. Сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстарды кеңейту және театрдың техникалық базасын жаңғырту жұмыстары жалғасады.

«Ұлттық мәртебе – бұл өткен жолымыздың мойындалуы ғана емес, болашақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Біз көрермендердің сенімін ақтап, Қазақстанның театр өнерін халықаралық деңгейде лайықты таныта беретін боламыз», – деп атап өтті Ғани Кәрімов.

Tags: АстанагорьктеатрҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

Келесі жаңалық

Freedom брендтің ауқымды өзгерісі жайында хабарлайды

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Мәдениет

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

5 июня, 2026
Табиғат балалар көзімен: Қазақмыс шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтады
Мәдениет

Табиғат балалар көзімен: Қазақмыс шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтады

5 июня, 2026
Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады
Мәдениет

Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады

29 мая, 2025
«РЭКЕТИР 3»: Қазақстанда қылмыс әлемі туралы жаңа тарау үлкен экранға шығады
Мәдениет

«РЭКЕТИР 3»: Қазақстанда қылмыс әлемі туралы жаңа тарау үлкен экранға шығады

12 февраля, 2025
«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті
Мәдениет

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

26 февраля, 2024
Төреғали Төрәлі 10 млн теңге төлеп, бостандыққа шықты
Мәдениет

Төреғали Төрәлі 10 млн теңге төлеп, бостандыққа шықты

3 октября, 2022
Келесі жаңалық
Freedom брендтің ауқымды өзгерісі жайында хабарлайды

Freedom брендтің ауқымды өзгерісі жайында хабарлайды

Қазақмыста қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған алты айлық бағдарлама басталды

Қазақмыста қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған алты айлық бағдарлама басталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жолаушылардың оң бағасы Air Astana-ға Skytrax сыйлығында кезекті табыс әкелді

Жолаушылардың оң бағасы Air Astana-ға Skytrax сыйлығында кезекті табыс әкелді

20 июня, 2023
Алматы облысында педофил өмір бойына сотталды

Алматы облысында педофил өмір бойына сотталды

3 мая, 2021
Алматы облысында 500 мүмкіндігі шектеулі азамат заңгерлік қызмет ала алмаған

Алматы облысында 500 мүмкіндігі шектеулі азамат заңгерлік қызмет ала алмаған

11 июля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.