---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/30/%d2%9baza%d2%9bmys-%d2%9byzmetkerleri-m%d3%a9ldir-b%d2%b1la%d2%9b-akcziyasy-ayasynda-su-ajdyndaryny%d2%a3-zha%d2%93alauyn-tazartty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

![«Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/487d1279-9525-49bd-b03f-8304fadd8361.jpeg)

30 мамыр күні «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарының 2100-ден астам жұмыскері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» [экологиялық акциясына қатысты](https://www.instagram.com/reel/DY9mj4VIMNw/?igsh=MjlrYzA1Mm5wdWRw).

Акция бір мезгілде Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Шу және Астана қалаларында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – су айдындарының жағалауын қоқыстан тазарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2026/05/5fb51ec2-86ff-4cf6-917f-cb713276ba19.jpeg)

Жұмыс Кеңгір су қоймасы, Балқаш көлі, Федоров су қоймасының жағалауларында, сондай-ақ су нысандарына және тұрғындардың демалатын орындарына іргелес басқа да аумақтарда ұйымдастырылды.

Акция аясында қатысушылар жағалау аймағын тұрмыстық қалдықтан тазартты, санитарлық тазалау жұмысын жүргізді және жиналған қоқысты арнайы белгіленген орынға шығарды.

Жұмысқа 25 бірлік арнайы техника жұмылдырылды және 1500 астам тазалау құралы қолданылды. Акция қорытындысы бойынша шамамен 250 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Экологиялық бастамаға «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарының жұмыскерлері, оның ішінде «Қазақмыс» корпорациясы, Kazakhmys Smelting, Kazakhmys Barlau, Kazakhmys Maintenance Services, Maker және басқа да кәсіпорындар қатысты.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2026/05/d13ab57b-76ee-4419-8c36-e79cccd4e738.jpeg)

Компанияда атап өтілгендей, экологиялық акцияға қатысу қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. «Қазақмыс» табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және өзіне қатысы бар өңірлерде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шараларды тұрақты түрде қолдап келеді.

---

Жарияланды: 2026-05-30T13:47:44+06:00

Жаңартылды: 2026-05-30T13:49:01+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/30/%d2%9baza%d2%9bmys-%d2%9byzmetkerleri-m%d3%a9ldir-b%d2%b1la%d2%9b-akcziyasy-ayasynda-su-ajdyndaryny%d2%a3-zha%d2%93alauyn-tazartty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.