---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/29/zhomart-kenishinde-shahtany-zheldetu-%d2%9buatyn-arttyru-zh%d2%b1mystary-zh%d2%afrgizilude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жомарт кенішінде шахтаны желдету қуатын арттыру жұмыстары жүргізілуде

![Жомарт кенішінде шахтаны желдету қуатын арттыру жұмыстары жүргізілуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/glav-2-1.jpeg)

«Қазақмыс» корпорациясында биылғы жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Осыған байланысты өндірістік қауіпсіздік талабын күшейту және тау-кен жұмысын сапалы ұйымдастыру мәселелері тұрақты бақылауға алынды.

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров өндіріске жауапты тұлғалармен бірге Жомарт кенішінің шахтасына түсіп, кен өндіру учаскелеріндегі жұмыс барысымен танысты.

Қауіпсіздік талабының сақталуына ерекше назар аударылды. Тексеру [барысында](https://www.instagram.com/p/DY6JHjoCEA6/?img_index=1) кенжарларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы, шахтаның желдету жүйесі, сондай-ақ газталдағыштармен жұмыс істеу үдерісі бақылауға алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырма беріліп, қауіпсіздік талабын қатаң сақтау міндеті қойылды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2026/05/foto-2-4.jpeg)

Қазіргі уақытта желдету ұңғымасын бұрғылау жұмысы толық аяқталып, іске қосу шаралары атқарылуда. Жердің бетіне арнайы желдеткіш қондырғылар орнатылған. Алдағы уақытта 600 метр тереңдікке дейін таза ауа жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кеніш аумағында қосымша желдету ұңғымаларын бұрғылау жұмысы жалғасуда. Жұмыс сапары барысында кен өндіру саласындағы күрделі мәселелерді шешудің тиімді жолы қарастырылып, геомеханика мамандарының қатысуымен болашағы бар жобалар талқыланды. Шахтапроходкалау тресінің мамандарымен және кеніш басшылығымен бірлесіп, болашақта шахтадағы кен қорын ашу жоспары сараланды.

---

Жарияланды: 2026-05-29T05:35:08+06:00

Жаңартылды: 2026-05-29T05:45:45+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/29/zhomart-kenishinde-shahtany-zheldetu-%d2%9buatyn-arttyru-zh%d2%b1mystary-zh%d2%afrgizilude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.