---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/26/almaty-super-ski-zhobasyny%d2%a3-m%d2%b1zdy%d2%9btar%d2%93a-%d3%99seri-bolmajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Almaty Super Ski жобасының мұздықтарға әсері болмайды

![Almaty Super Ski жобасының мұздықтарға әсері болмайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/fotoo.jpeg)

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің өкілі Ержан Күлдеев ғылыми зерттеулердің нәтижесімен бөлісті.

Оның айтуынша, жоба бойынша таудағы қар жамылғысының жағдайы, қар қоры және климаттық сипаттамалары зерттелген. Зерттеу нәтижесі бойынша кейінгі 10 жылда қар жамылғысының айтарлықтай өзгерісі байқалмаған.

Сондай-ақ жобаның мұздықтарға ықтимал әсері қарастырылған. Ұсынылған деректерге сәйкес, мұздықтар зерттеліп отырған аумақтың сыртында орналасқан. Сондықтан жобаны іске асыру мұздықтардың жағдайына тікелей әсер етпейді.

Ержан Күлдеев құрылыс жүргізілетін аумақта заңнамаға сәйкес алдын ала археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

> — Барлық учаскелер толық зерттеліп, құжаттандырылғаннан кейін ғана құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі, — деді ол.

Оның айтуынша, тұрақты экологиялық бақылау болған жағдайда жобаны іске асыру экологиялық тұрғыдан рұқсат етіледі.

> — Жүргізілген зерттеу нәтижелері табиғатты қорғау талаптары мен тұрақты мониторинг шаралары сақталған жағдайда жобаны іске асыру үшін қарастыруға болатынын көрсетеді, — деді ол.

---

Жарияланды: 2026-05-26T07:28:33+06:00

Жаңартылды: 2026-05-26T07:28:33+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [туризм](https://qazaqpress.kz/tag/twrizm/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/26/almaty-super-ski-zhobasyny%d2%a3-m%d2%b1zdy%d2%9btar%d2%93a-%d3%99seri-bolmajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.