---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/25/%d2%9baza%d2%9bmys-%d2%9bytajda%d2%93y-metallurgiya-zh%d3%99ne-energetika-salasynda%d2%93y-ozy%d2%9b-tehnologiyalardy-zerdeleude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» Қытайдағы металлургия және энергетика саласындағы озық технологияларды зерделеуде

![«Қазақмыс» Қытайдағы металлургия және энергетика саласындағы озық технологияларды зерделеуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/glav-7.jpeg)

«Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында аспан асты елінің жетекші өнеркәсіптік және технологиялық компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Қытайдағы заманауи металлургиялық кәсіпорындардың бірі – Хубэй провинциясында орналасқан Daye Smelter мыс балқыту зауытына бару бағдарламаның негізгі тармақтарының бірі болды.

Сапардың негізгі мақсаты – компанияның өндірістік активтерін жаңғыртуда, энергия тиімділігін арттыруда және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамытуда қолдануға болатын тиімді технологиялық шешімдер мен халықаралық тәжірибені зерделеу болды.

Энергетикалық жабдық пен өнеркәсіптік шешімдердің ірі өндірушілерінің бірі – CNPC (Jichai Power Company) компаниясының өкілдерімен өткен келіссөз маңызды кездесулердің бірі болды. Тараптар автономды генерация, өнеркәсіптік энергетика және өндірістік нысандардың энергия тиімділігін арттыру салаларындағы технологияларды, сондай-ақ оларды «Қазақмыс» кәсіпорындарында қолдану мүмкіндігін қарастырды.

Әлемнің әртүрлі елдерінде жобаларын жүзеге асырып отырған халықаралық тау-кен металлургиялық тобы – CNMC (NFC) компаниясымен өзара ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында технологиялық әріптестік мәселесі, тәжірибе алмасу, өндірістік үдерістің тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2026/05/foto-2-1.jpeg)

Сапар аясында Қазақмыс делегациясы Daye Smelter (Yangxin Hongsheng Smelter) зауытындағы өндірістік үдерістің ұйымдастырылуымен, автоматтандыру, энергия тиімділігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы шешімдермен, сондай-ақ заманауи өндірістік және табиғатты қорғау технологиялармен танысты.

Жұмыс сапарының бағдарламасы Қытайдың өнеркәсіптік компанияларымен, жабдық жеткізушілерімен және әлеуетті технологиялық әріптестермен өтетін кездесу сериясымен жалғасады.

[Компанияда](https://www.instagram.com/kazakhmys.news/) мұндай халықаралық сапар Қазақмыстың өнеркәсіптік нысандарын одан әрі жаңғыртуда, өндірістік үдерістің тұрақтылығы мен кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда қолданылуы мүмкін үздік салалық тәжірибе мен заманауи технологиялық шешімдерді зерделеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

---

Жарияланды: 2026-05-25T05:29:25+06:00

Жаңартылды: 2026-05-25T05:29:53+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/)

Тегтер: [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [Китай](https://qazaqpress.kz/tag/kitaj/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/25/%d2%9baza%d2%9bmys-%d2%9bytajda%d2%93y-metallurgiya-zh%d3%99ne-energetika-salasynda%d2%93y-ozy%d2%9b-tehnologiyalardy-zerdeleude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.