STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

2026 жылдың 18 мамыр күні Т. Айбергенов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде жол жүру ережелері бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары мен қызықты іс-шаралар өтті.

Бұл күннің ерекше оқиғасы — іс-шараға жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуы болды. Олар балаларға көшедегі тәртіптің қаншалықты маңызды екенін тереңірек түсінуге көмектесті!

Іс-шараның мақсаты:

Білім алушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Акция аясында бастауыш сынып оқушылары арасында мазмұнды әрі шығармашылық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды:

Мұндай кешенді профилактикалық жұмыстар балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін нығайтып қана қоймай, жауапкершілік пен сақтық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Жаяу жүргінші болсын, велосипед немесе самокат қолданушысы болсын — әр баланың қауіпсіздік дағдыларын арттыру басты назарда!