---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/15/%d2%9baza%d2%9bmys-%d3%a9ndiriste-czifrly%d2%9b-monitoringti-damytudy-zhal%d2%93astyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

![Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/photo_2026-05-15_09-13-45.jpg)

**«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазғанға жұмыс сапары барысында компанияның өндірістік және әкімшілік алаңдарын, сондай-ақ ахуалдық орталықты аралап, цифрлық мониторинг және өндірістік бақылау жүйелерінің жұмысымен танысты.**

Ахуалдық орталықта компания басшылығына кеннің келуі мен өңделуінен бастап концентраттың шығарылуы мен жабдықтың жүктелуіне дейінгі өндірістің негізгі үдерістерін нақты уақыт режимінде қадағалайтын цифрлық платформаның мүмкіндігі көрсетілді.

Өндірістік нысандағы позициялау және бейнебақылау жүйелеріне ерекше көңіл бөлінді. Диспетчерлік орталықтың экранында шахталар, өндірістік алаңдар, техника мен қызметкерлердің қозғалысы бейнеленеді. Жүйе нысандағы жағдай туралы жедел ақпарат алуға және бөлімшелердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Руслан Өскенәлі кәсіпорынның диспетчерлік қызметін аралап, тәулік бойы ұйымдастырылатын кезекшілік барысымен танысты және компанияның бірқатар бөлімшелерінің ұжымымен кездесті.

Сапар қорытындысында Басқарма төрағасы өндірісте цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту мен бейнебақылау жүйесін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Компания өндірістік бақылаудың тиімділігі мен нысандардағы мониторингтің жеделдігін арттыру үшін техникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

[www.instagram.com/kazakhmys.news](https://www.instagram.com/kazakhmys.news/)

---

Жарияланды: 2026-05-15T04:18:25+06:00

Жаңартылды: 2026-05-15T04:18:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/15/%d2%9baza%d2%9bmys-%d3%a9ndiriste-czifrly%d2%9b-monitoringti-damytudy-zhal%d2%93astyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.