13 мамыр күні Алматы қаласында жеке білім беру саласының жаңа қаржылық шындығына арналған Қазақстандағы алғашқы ауқымды ZERO CONF 2026 конференциясы өтті. Іс-шараға жеке мектептердің құрылтайшылары мен басшылары, білім беру орталықтарының өкілдері, инвесторлар, қаржы директорлары, EdTech-сектор өкілдері, кәсіпкерлер және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің білім беру нарығының көшбасшылары қатысты.
Конференцияны ұйымдастырушы — Akbulak Group.
Конференцияның басты тақырыбы:
«Жеке білім берудің жаңа қаржылық шындығы: салықтар, цифрландыру, тұрақтылық»
Бүгінде жеке білім беру саласы елеулі трансформация кезеңінде:
— салықтық бақылау күшейіп келеді;
— қаржылық модельдер өзгеруде;
— басқарушылық шешімдерге түсетін жүктеме артуда;
— қаржылық ашықтық пен цифрландыруға деген қажеттілік өсіп келеді.
ZERO CONF 2026 дәл осы өзекті мәселелерге арналды.
Сала көшбасшыларын біріктірген алаң
ZERO CONF 2026 Қазақстандағы жеке білім беру саласындағы ең ірі кәсіби алаңдардың біріне айналды. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай елдерінен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар қатарында:
— жеке мектептердің құрылтайшылары мен директорлары;
— білім беру холдингтерінің өкілдері;
— қаржы директорлары мен бухгалтерлер;
— EdTech-кәсіпкерлер;
— инвесторлар;
— халықаралық ұйымдар мен қаржы секторының өкілдері болды.
Конференцияның басты хедлайнері — Қазақстандағы салық салу және қаржылық қауіпсіздік саласындағы ең танымал сарапшылардың бірі Дмитрий Казанцев болды.
Сонымен қатар ZERO CONF 2026 спикерлері қатарында:
— Досым Бесбай — экономист, білім беру және медицина саласындағы сарапшы әрі кәсіпкер, EPG адам капиталы қорының негізін қалаушы;
— Ғабит Бекахметов — Paradigm Shift білім беру тобының негізін қалаушы;
— Талғат Аманбаев — Astana International Financial Centre (AIFC) ұйымының Chief Innovation Officer және Басқарма мүшесі;
— Динара Төлегенқызы — «ДАНА» мектебінің қаржы директоры болды.
Конференция барысында қатысушылар:
— білім беру бизнесінің қаржылық тұрақтылығы;
— цифрландыру және процестерді автоматтандыру;
— қаржылық модельдердің ашықтығы;
— заманауи басқару тәсілдері;
— білім берудегі технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлі сынды тақырыптарды талқылады.
Конференциядағы негізгі баяндамалардың бірі Akbulak Group маркетинг директоры Акерке Қонысқызының:
«Білім беру ұйымының қаржылық тұрақтылығы: коммерциялық блок тиімділігі cash flow-ды қалай анықтайды»
атты тақырыптағы баяндамасы болды.
Akbulak Group және ZERO Education негізін қалаушы Мейрман Аяпбергенов:
«Akbulak Group үшін, біз 19 жылдан бері білім беру саласында жұмыс істеп келе жатқан компания ретінде, ZERO CONF — жай ғана конференция емес.
Біз күн сайын білім беру жүйесінің ішінде мектептердің, басшылардың және командалардың нақты мәселелерін көріп келеміз. Сол себепті соңғы жылдары білім беру нарығына арналған өзіміздің цифрлық және IT-шешімдерімізді белсенді түрде дамытып жатырмыз.
ZERO CONF-ты біз жеке білім берудің болашағы, цифрландыру, тұрақтылық және жаңа басқару тәсілдері туралы ашық диалог алаңы ретінде құрдық.
Бүгінде білім беруді технологиядан бөлек қарастыру мүмкін емес. Біз үшін өзгерістер туралы айту ғана емес, білім беру ұйымдарының жүйелі түрде дамуына көмектесетін нақты шешімдер жасау маңызды».
ZERO Education CEO-сы Даурен Момынқұлов:
«Бүгінде Қазақстандағы жеке білім беру жаңа қаржылық шындықпен бетпе-бет келіп отыр.
Мектептерге түсетін жүктеме артып, процестер күрделеніп, қаржылық ашықтық пен басқаруға қойылатын талаптар күшейіп келеді.
Біз көптеген ұйымдардың қолмен басқарудан жүйелі басқаруға көше бастағанын көріп отырмыз.
Сол себепті біз ZERO CONF 2026 — жеке білім берудегі қаржылық тұрақтылық пен заманауи басқаруға арналған Қазақстандағы алғашқы ауқымды конференцияны ұйымдастырдық.
Бұл біз үшін жай ғана технология туралы іс-шара емес.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз