---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/14/%d2%9baza%d2%9bmys-zha%d2%a3a-arnajy-tehnikamen-zherasty-zh%d2%b1mysyny%d2%a3-%d2%9bauipsizdigin-k%d2%afshejtude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақмыс жаңа арнайы техникамен жерасты жұмысының қауіпсіздігін күшейтуде

![Қазақмыс жаңа арнайы техникамен жерасты жұмысының қауіпсіздігін күшейтуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/photo_2026-05-14_17-15-16.jpg)

**«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында күрделі тау-кен және шахта жағдайында пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдарын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу жалғасуда.**

Сынақтан өткізіліп жатқан BAW (Beijing Automobile Works) өндірісінің техникасы тар және орташа көлемдегі жерасты қазбаларында пайдалануға бейімделген әрі заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен қамтылған. Техника ROPS/FOPS сертификатталған қорғаныс құрылымымен (аударылған немесе зат құлаған кезде персоналды қорғайды), 360° панорамалық бейнебақылау жүйесімен, күшейтілген тежеу жүйесімен, жылдамдықты автоматты шектеу қызметімен және жабдықтың жай-күйін бақылау құралдарымен жабдықталған.

Бұрын кеніштерде қолданылған жалпы мақсаттағы автокөлікпен салыстырғанда мамандандырылған көлік құралы сенімдірек жұмыс істеп, күрделі пайдалану жағдайына тез бейімделуімен және  қызмет көрсету шығынының төмендігімен ерекшеленді.

Алғашқы сынақ нәтижесі жаңа техниканың еңбек қауіпсіздігін күшейтуге, жабдықтың бос тұрып қалуын азайтуға және өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін растады.

Қазіргі уақытта корпорация бұл техниканы Топтың өндірістік алаңдарына кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастыруда.

[www.instagram.com/kazakhmys.news](https://www.instagram.com/kazakhmys.news/)

---

Жарияланды: 2026-05-14T12:22:01+06:00

Жаңартылды: 2026-05-14T12:22:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/14/%d2%9baza%d2%9bmys-zha%d2%a3a-arnajy-tehnikamen-zherasty-zh%d2%b1mysyny%d2%a3-%d2%9bauipsizdigin-k%d2%afshejtude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.