---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/12/marketplejster-%d2%9baza%d2%9bstanda-zhasal%d2%93an-ta%d2%a3basy-bar-tauarlardy-ilgeriletuge-mindetteledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі

![Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/e20cce4c3c7c0000e0f1c4516d24d53c.webp)

**Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық аналитикалық орталық сөредегі «Қазақстанда жасалған» белгісі отандық өнімнің сатылымына қалай әсер ететініне эксперимент жүргізді.**

Эксперимент төрт апта бойы нақты сатып алу ортасында жүргізілді. Нәтиже халықаралық көрсеткіштерден жоғары болды. Пилоттық дүкендерде қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан. Салыстырмалы түрде алғанда, әлемдік тәжірибеде мұндай мінез-құлықтық құралдардың орташа әсері шамамен 8 пайызды құрайды. Сондай-ақ Сауда министрлігі енді “Қазақстанда жасалған” белгісін маркетплейстерде де орналыстыруды міндеттемек.

Фото: Alistair Berg/Getty Images

---

Жарияланды: 2026-05-12T12:49:39+06:00

Жаңартылды: 2026-05-12T12:49:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/12/marketplejster-%d2%9baza%d2%9bstanda-zhasal%d2%93an-ta%d2%a3basy-bar-tauarlardy-ilgeriletuge-mindetteledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.