Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық аналитикалық орталық сөредегі «Қазақстанда жасалған» белгісі отандық өнімнің сатылымына қалай әсер ететініне эксперимент жүргізді.
Эксперимент төрт апта бойы нақты сатып алу ортасында жүргізілді. Нәтиже халықаралық көрсеткіштерден жоғары болды. Пилоттық дүкендерде қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан. Салыстырмалы түрде алғанда, әлемдік тәжірибеде мұндай мінез-құлықтық құралдардың орташа әсері шамамен 8 пайызды құрайды. Сондай-ақ Сауда министрлігі енді “Қазақстанда жасалған” белгісін маркетплейстерде де орналыстыруды міндеттемек.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз