---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/05/09/m%d3%99zhilis-t%d3%a9ra%d2%93asy-tal%d2%93at-bigeldinovti%d2%a3-eskertkishine-g%d2%afl-sho%d2%93yn-%d2%9bojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

![Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/05/photo_2026-05-09_11-22-56.jpg)

**Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды.**

Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен біртуар батыр. Сонымен қатар ол үш мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

---

Жарияланды: 2026-05-09T08:06:11+06:00

Жаңартылды: 2026-05-09T08:06:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/05/09/m%d3%99zhilis-t%d3%a9ra%d2%93asy-tal%d2%93at-bigeldinovti%d2%a3-eskertkishine-g%d2%afl-sho%d2%93yn-%d2%9bojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.