Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

admin by admin
7 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

Жетісу облысында Отан қорғаушылар күніне орай елдік рух пен ерлік ұғымын ұлықтаған ерекше мәдени жоба жұрт назарына ұсынылды. Жетісу өңірінде әскери-патриоттық рухты көтеру мақсатында «Бейбіт елдің қалқаны» атты муралдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тағылымы терең туынды қоғамдық кеңістікті көркейтіп қана қоймай, жас буынның жүрегіне отансүйгіштік рух дарытуды көздеген мазмұнды бастамаға айналды.

Байланысты

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

Тегінде, қабырғаға бедерленген әрбір бейне мен бояудың астарында уақыттың үні, елдің мұраты жатады. Осы ретте «Көктем» ықшамауданындағы еңселі мурал бейбітшілік пен батырлықтың, серт пен сенімнің, елдік пен ерліктің көркем бейнесіндей әсер қалдырады. Онда баһадүр бабалардың айбыны, бүгінгі сарбаздардың келбеті мен келешек ұрпақтың жарқын бейнесі сабақтасып, халықтың азат рухы мен бейбіт күннің қадірі көрініс тапқан.

Ерекше атап өтерлігі, аталмыш муралдың көркемдік тұжырымдамасы «Zhetisý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен жасанды интеллект технологиясы арқылы әзірленген. Заманауи цифрлық мүмкіндіктер мен ұлттық рухты сабақтастырған тың жоба үш күн ішінде жүзеге асқан. Қысқа мерзімде бой көтерген ауқымды туынды шаһар келбетіне жаңа сипат беріп, қоғамдық ортаға соны тыныс әкелді.

Жобаның басты мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, елге деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери қызметтің маңызын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, ел тыныштығын күзетіп тұрған азаматтардың еңбегін дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру көзделген.

Салтанатты рәсімге Жетісу облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Медет Тұрыскелдиев пен «Zhetisý jastary» КММ директорының міндетін атқарушы Арнай Байжурынов қатысты. Шара барысында қонақтар муралдың көркемдік мазмұнымен танысып, жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде пікір алмасты. Іс-шараға жастар, қоғам белсенділері, шығармашылық орта  өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Жиында сөз алған Медет Болатұлы муралдың терең мазмұнына тоқталды.

– Бұл муралда батырлардың үш кезеңі бейнеленген. Халқымыздың асыл құндылығы, бейбіт өмірдің көркем туындысы деп санаймын. Мұндай дүниелер жас ұрпақты патриоттық сезімге баулиды. Себебі ел тарихын, батыр бабалардың ерлігін өнер арқылы көрсету – ұлт рухын көтерудің бір жолы, – деді ол.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ал Арнай Рақымбердіұлы мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Бүгінгі жас буынның санасына елдік рух пен отансүйгіштік қасиетті сіңіру – баршамызға ортақ міндет. «Бейбіт елдің қалқаны» муралы сол мақсатқа бағытталған тағылымды жобалардың бірі. Қазіргі жастар технология дәуірінде өсіп келеді. Сондықтан ұлттық құндылықтарды насихаттауда заманауи тәсілдерді пайдалану аса маңызды. Осы орайда жасанды интеллект арқылы әзірленген бұл туынды – шығармашылық пен технологияның үндескен көрінісі. Мұндай бастамалар жастарды өнерге жақындатып қана қоймай, олардың елге, жерге деген құрметін арттырады. Бейбіт өмірдің қадірін сезіну, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғыну – нағыз азаматтықтың белгісі. Біз әскери қызметшілердің еңбегін дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың бойында қайсарлық пен адалдық қасиеттерін қалыптастыруды көздейміз. Алдағы уақытта да осындай жобалар жалғасын табуы керек. Елге қызмет ету – тек қару асынып шекара күзету емес, халықтың рухын көтеру, қоғамдық сананы жаңғырту, жастарға дұрыс бағыт көрсету, – деді ол.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілші: Қанат Умиралинов

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының жарғысы бекітілді

Келесі жаңалық

Рахат FEST 2026 — рахатты толығымен сезін!

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады
Категориясыз

Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

5 июня, 2026
ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы
Категориясыз

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы

5 июня, 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

4 июня, 2026
Келесі жаңалық
Рахат FEST 2026 — рахатты толығымен сезін!

Рахат FEST 2026 - рахатты толығымен сезін!

Қазақмыс мыс балқыту зауытында желдету жүйесін жаңғыртуда

Қазақмыс мыс балқыту зауытында желдету жүйесін жаңғыртуда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Астаналық қыз Талғат Мұсабаевты соққы жасады деп айыптады

Астаналық қыз Талғат Мұсабаевты соққы жасады деп айыптады

25 июня, 2021
Назарбаев «Лукойл» компаниясының басшысын қабылдады

Назарбаев «Лукойл» компаниясының басшысын қабылдады

16 июня, 2021
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

22 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.