Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin by admin
6 мая, 2026
«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру, атап айтқанда экономиканың шикізаттық моделінен өнімді терең өңдеуді дамытуға көшу, су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, экономика салаларын басқаруға цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (әрі қарай — Академия) 2026 жылғы 6 мамырда Қызылорда облысының Қызылорда қаласында Академия Президиумының көшпелі отырысын өткізді.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Негізгі бағыттар мен талқыланған мәселелер:

— Су ресурстарын басқару – өңірді сумен қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми шешімдерді әзірлеу және енгізу, оның ішінде жерасты суларын пайдалану, мониторинг, модельдеу және шешім қабылдауды қолдау жүйелерін дамыту, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізу;

— «DeepBas» жобасының таныстырылымы – бұл жоба су ресурстарын басқарудың отандық интеллектуалды жүйесін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады;

— Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – құрғақшылыққа және тұзға төзімді дақылдарды енгізу, күріш шаруашылығын дамыту, суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығында биотехнологияларды қолдану;

— Экологиялық тұрақтылық – Арал өңірінің проблемаларын шешу, жердің тозуына және топырақтың тұздануына қарсы күрес, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

— Қайта өңдеу саласын ғылыми қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығы, минералдық және техногендік шикізатты терең өңдеу технологияларын дамыту арқылы өнімнің қосылған құнын арттыру;

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— Тау-кен өнеркәсібі және ресурстар – минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу және өңірдің ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану;

— Цифрландыру және ғылым – шешім қабылдауды қолдау жүйелерін қалыптастыру, ғылыми инфрақұрылымды дамыту және өңір үшін білікті кадрлар даярлау.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев көшпелі отырыстың алғы сөзінде елімізде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәсілдеріндегі негізгі өзгерістерге тоқталды: «Ұлттық ғылым академиясы қолданбалы ғылымды қаржыландыру мен ұйымдастырудың жаңа моделін әзірледі. Оның басты қағидаты – ғылымға бағытталған мемлекеттік инвестициялар тек зерттеулермен шектелмей, нақты қолданбалы нәтижелерге және оларды кейіннен практикаға енгізуге ұласуы тиіс. Ол үшін әрбір ғылыми жобаны іске асыруға ғылыми ұйымдармен қатар мүдделі бизнес құрылымдар да тікелей қатысуы қажет. Тек осылай ғана біз ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, бюджет қаражатының тиімділігін арттыра аламыз және ғылыми жетістіктердің нақты нәтижесін көре аламыз.

Бұл тәсілді іске асыру үшін бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырында болған қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу функцияларын тікелей салалық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға беру қажет. Себебі дәл осы құрылымдар өндіріспен тығыз байланысты және салалар мен өңірлердің нақты проблемаларын жақсы біледі. Осылайша, қолданбалы ғылымды дамытуға жауапкершілік салалық министрліктер мен жергілікті әкімдіктерге жүктеледі. Бұл өңірлік ғылыми зерттеулердің тақырыптарын бұрынғыдай ғылыми ұйымдар емес, өндірістің нақты қажеттіліктері мен форсайттық зерттеулер негізінде әкімдіктердің өзі айқындайды деген сөз.

Сонымен қатар облыстардың құзыретіне айқындалған тақырыптардың белгіленген ғылыми басымдықтарға сәйкестігін тексеру, ғылыми-техникалық тапсырмалар дайындау, ғылыми конкурстар ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми жобаларды қаржыландыруға жергілікті бюджет, бизнес және мемлекеттік емес ғылыми қорлар қаражатын тарту кіреді. Бүгінде бұл үшін қажетті заңнамалық және нормативтік база толық қалыптастырылған, ендігі маңызды міндет – оны тиімді пайдалану.

Қазіргі уақытта Ұлттық академияның жетекшілігімен осы модельді іске асыруға арналған цифрлық жүйе әзірленіп жатыр. Оның мақсаты – қолданбалы ғылыми жобаларды дайындау және орындау процесін цифрлық форматта бақылау, олардың орындалу сапасын автоматты түрде бағалау және осы негізде салалық министрліктердің, әкімдердің және ғылыми ұйымдардың рейтингтерін қалыптастыру, сондай-ақ қолданбалы ғылымды дамытудағы негізгі тиімділік көрсеткіштерін, яғни KPI-ларды айқындау».

Баяндамада Қызылорда өңірі үшін басым маңызға ие мәселелерге – су тапшылығы мен Арал теңізінің экологиялық проблемаларына да ерекше назар аударылды. А. Күрішбаев су шаруашылығына озық технологияларды енгізу туралы айта келе: «Қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп, Кеңістіктік-уақыттық интеллект орталығын құрдық және “DeepBas” платформасын әзірледік. Бұл – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін су ресурстарын басқарудың интеллектуалды жүйесі. Келесі жылдан бастап Арал–Сырдария бассейнінде ауқымды 5 жылдық мегажобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді.

Сондай-ақ көшпелі іс-шара аясында 5 мамыр күні форсайт-сессия өткізіліп, онда Академия өкілдері жергілікті кәсіпорын өкілдеріне технологиялық олқылықтарды анықтау әдістерін үйретті. Ал 6 мамыр күні облыс кәсіпорындарында кеңінен енгізуге дайын инновациялық әзірлемелер көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, академиктер, жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ өңірдің бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында су ресурстарын басқару, экология, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін перспективалы әрі тиімді дамытуға бағытталған қарар мен бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

Келесі жаңалық

Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының жарғысы бекітілді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының жарғысы бекітілді

Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының жарғысы бекітілді

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

19 октября, 2025
Үш күн бойы халықаралық және қазақстандық әртістердің қатысуымен жанды джаз музыка кеші өтеді

Үш күн бойы халықаралық және қазақстандық әртістердің қатысуымен жанды джаз музыка кеші өтеді

27 марта, 2026
Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен қыз өлі табылды

Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен қыз өлі табылды

11 апреля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.