Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

admin by admin
4 мая, 2026
«Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

Бүгін Жетісу облысында «Жетісу» волейбол клубының 25 жылдығына орай және ерлер мен әйелдер командаларының 2025–2026 жылғы маусымда жоғары нәтижелер көрсетуіне байланысты волейболшыларға құрмет көрсетілді. Іс-шараға келген жас спортшыларға клуб ойыншыларының қолтаңбасы қойылған 1 мыңдай доп таратылып, мастер класс ұйымдастырылды. Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында өткен салтанатты шараға волейболдан ерлер мен әйелдер командалары және қосалқы құрамдары, спорт ардагерлері, түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары, жас спортшылар – жалпы саны 1500 адам қатысты.

Спортшыларды мерейлі жылмен және жеңістерімен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Ол «Жетісу» әйелдер командасының осы маусымда оныншы мәрте чемпион болғанын, ал ерлер командасының ел чемпионатын, Кубогы мен Суперкобогын ұтып алғанын тілге тиек етіп, барлық клуб мүшелеріне алғысын жеткізді. Сол сияқты болашақ спортшыларды тәрбиелеу ісіне де назар аударды.

— Биылғы кездесудің мән-мағынасы тіпті терең. Себебі осы жылы кәсіби «Жетісу» волейбол клубының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бұл кезең жарқын жеңістерге толы болды және өз ісін адал атқаратын мықты тұлғаларды қалыптастырды. Осы уақыт ішінде «Жетісу» клубы өңіріміздің спорттық мақтанышына, чемпиондар мектебіне және жүйелі дамудың айқын үлгісіне айналды. Біз тек командалар дайындап қана қоймаймыз, біз жыл сайын бәсекеге қабілетті спортшыларды тәрбиелейтін жүйе қалыптастырып отырмыз. Біз алдағы уақытта да спортшыларды дайындауға қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды жаңғыртып, кәсіби клубтар мен балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауды жалғастырамыз. Біздің мақсатымыз — болашақ чемпиондардың туған жерінде өсіп-өнуі, — деген Б. Исабаев мұнан соң марапаттау рәсімін атқарды. Атап айтқанда, «Жетісу» волейбол клубының бас жаттықтырушысы Марат Адрышевке «Құрмет» ордені, «Жетісу» ерлер командасының ойыншысы Айбек Жақсылықовқа, әйелдер командасының ойыншысы Валерия Якутинаға Президенттің Алғысы және төсбелгісі, сол сияқты клубтың бірқатар мүшелеріне Президенттің Алғысы, облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

Марапатталушылар атынан сөз алған клубтың бас жаттықтырушысы Марат Адрышев:

— Бізге берілген марапат үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және болашақта жаңа жеңістерге жетуге қуат береді. Маған сенім артқан басшылыққа, қолдау көрсеткен ұжымға рақмет. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, — деді ол.

Осы басқосуда жас спортшылар клуб жаттықтырушылары мен ойыншыларына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара ой алмасты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Кездесуге келген клуб мүшелерін сөзге тарттық.

— Жасөспірім кезімнен осы «Жастар» Спорт сарайында әртүрлі жас санатында волейболдан жаттығып өстім. 2016 жылдан «Жетісу» волейбол құрамасының сапында ойышы болдым. Кейін мансабымды жаттықтырушы ретінде жалғастырдым. Қазір ұлттық құрамада асситент-статистикпін. Бүгінгі күні Жетісу волейболы жақсы қарқынмен дамып келеді. Осы маусымда ел чемпионатын, Кубогын, Суперкубогын ұттық. Бұл ерлер командасының тарихында болмаған. Бұл жеңіске біз жиналған тәжірибенің, жасалған қолайлы жағдайдың және тынымсыз жаттығудың арқасында жеттік, — деді «Жетісу» ерлер командасының аналитик-статистигі Марлен Айтжанов.

«Жастар» Спорт сарайында келген оқушылардың бірі Балнұр Ерланқызы бүгінгі шараның мән-маңызы туралы өз пікірін білдірді:

— Талдықорған қаласындағы № 18 мектептің 8 «ә» сыныбында оқимын. Волейбол клубындағы үйірмеге қатысып жүргеніме 5 жыл болды. Бүгінге дейін бірнеше рет 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы жарыстардан жүлделі орындар алдық. «Жетісу» кәсіби волейбол командаларының чемпионаттағы ойындарын сайттардан, телеарнадан тамашалап отырдық. Олар жеңіске жеткенде біз де қуандық. Бүгінгі кездесуге асыға келдім, қолтаңба қойылған доп алдым. Мұндай жүздесулер бізге үлкен мотивация береді. Болашақта осы аға-әпкелеріміз секілді мықты спортшы болғым келеді, — дейді жас волейболшы Б. Ерланқызы.

Кездесу соңы Д. Рақышев атындағы облыстық филармония әншілерінің мерекелік концертімен түйінделді.

Еске салсақ, 2025–2026 жылғы маусымда «Жетісу» волейболдан әйелдер командасы ел чемпинатының оныншы мәрте чемпионы атанды. Сол сияқты жуырда Тайландта өткен Азия клубтық чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ал волейболдан ерлер командасы ел чемпионы атанды, оған қоса Кубокты және Суперкубокты жеңіп алды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

Келесі жаңалық

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулап келеді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулап келеді

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулап келеді

Қазақмыс «Тоқтату жиналысын» енгізуде: өмірді сақтап қалатын бес минут

Қазақмыс «Тоқтату жиналысын» енгізуде: өмірді сақтап қалатын бес минут

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

8 декабря, 2022
Алматыда паллиативтік көмекті қайдан алуға болады

Инсультті қалай тануға болатынын Алматы қаласының невропатолог дәрігері айтып берді

4 января, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.