Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

FlyArystan-ға 7 жыл: лоукост сегментінің дамуы және Қазақстан әуе тасымалының қолжетімділігін кеңейту

admin by admin
1 мая, 2026
FlyArystan-ға 7 жыл: лоукост сегментінің дамуы және Қазақстан әуе тасымалының қолжетімділігін кеңейту

Қазақстандық лоукостер FlyArystan бүгін құрылғанына жеті жыл толуын атап өтуде. Осыған орай компания Қазақстан мен Орталық Азияда қолжетімді авиацияны дамытуға қосқан үлесін көрсететін негізгі көрсеткіштер мен деректерді ұсынады.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

2019 жылы іске қосылған сәттен бастап әуекомпания 21 миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, Қазақстанның ішкі әуе нарығының өсуінің негізгі драйверлерінің біріне айналды. Лоукост-модель әуе сапарларын кең аудитория үшін қолжетімді етті: миллиондаған адамдар алғаш рет ұшақпен ұшты, ал ел ішіндегі және одан тыс бағыттардың географиясы айтарлықтай кеңейді.

Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры:

«Жеті жыл ішінде FlyArystan Қазақстанның мобильділік жүйесінің бір бөлігіне айналып, әуе сапарларын миллиондаған адам үшін қолжетімді етті және ел өңірлерін байланыстырды. Біз тек жолаушылар ағынын арттырып қана қоймай, саяхатқа деген көзқарасты өзгерттік, адамдар жиі, жеңіл әрі қолжетімді бағамен ұшатын “smart” сапар мәдениетін қалыптастырдық. Компания құрылғаннан бері барлық билеттердің 40%-ы 20 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылды, бұл біздің модельге деген сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетеді. Біздің басты назарымыз – тиімділік, қызмет сапасы және тұрақты даму арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, ұшулардың қолжетімділігін одан әрі кеңейту».

Қызмет жылдарында әуекомпания Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға айтарлықтай үлес қосып, ел өңірлерін өзара байланыстырып, көліктік қолжетімділікті арттырды, ішкі туризмнің дамуына серпін берді әрі жаңа халықаралық бағыттарды іске қосу және көршілес елдермен байланысты нығайту арқылы елімізге туристер ағынының өсуіне ықпал етті. Жеті жыл ішінде FlyArystan 140 мыңнан астам рейс орындап, Қазақстан өңірлері арасындағы тұрақты байланыс пен жаңа бағыттарға қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бүгінде әуекомпанияның маршруттық желісі 40 бағытты қамтиды, оның 14-і – халықаралықтарды құрайды.

Әуекомпанияның паркі 28 Airbus A320 ұшағына дейін өсті, бұл тасымалдау қуатын арттырып, саяхатқа деген өсіп келе жатқан сұранысқа икемді жауап беруге мүмкіндік берді. ҚР Көлік министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстандағы әуекомпаниялардың жалпы жолаушылар ағыны 20,7 млн адамды құрады, оның ішінде 15,4 млн-ы отандық тасымалдаушыларға тиесілі. Осы көрсеткіш аясында FlyArystan өткен жылы 4,5 млн-нан астам жолаушыны тасымалдап, қазақстандық әуекомпаниялар арасындағы барлық тасымалдардың шамамен 29%-ын қамтамасыз етті. Осылайша, қазақстандық әуе тасымалдаушылар тасымалдаған әрбір үшінші жолаушы FlyArystan-ды таңдаған, бұл лоукостердің нарықтағы үлесінің ауқымын және оның моделіне деген тұрақты сұранысты растайды.

FlyArystan Орталық Азияда алғаш болып лоукостер бизнес-моделін енгізген әуекомпания болды. Бұл модель «пайдаланатын қызмет үшін ғана төле» қағидатына негізделген: стандартты тариф тек ұшуды қамтиды, ал қосымша қызметтерді жолаушылар өздері таңдайды. Мұндай тәсіл билет құнын оңтайландыруға және оны қолжетімді деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Модель қағидаларына сәйкес жолаушылардың мінез-құлқы да өзгеруде: жеке саяхаттаушылардың үлесі 2024 жылғы 77,7%-дан 2025 жылы 41%-ға дейін төмендеп, отбасымен, достармен немесе топпен бірге сапарлаудың артып келе жатқанын көрсетеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Лоукостердің икемді моделі жолаушылардың таңдауларына да әсер етеді. Өткен жылдың деректері бойынша, 5 жолаушының 4-і ең аз қолжүкпен саяхаттауды таңдайды, ал 2026 жылғы 1 наурыздан бастап минималды қолжүктің салмағы 7 килограммды құрайды. Сонымен қатар, әрбір 10 жолаушының 4-і орын таңдау, жолжүк және борттағы тамақтану сияқты ақылы қызметтерді қосымша рәсімдейді, ал әрбір үшінші жолаушы ұшу кезінде Fly&Fun тегін цифрлық ойын-сауық жүйесіне қосылады. Осылайша, қазақстандық лоукостер жолаушыларға қызметтерді таңдауда икемділік пен ашық тарифтік модель ұсына отырып, ұтымды саяхат мәдениетін қалыптастыруды жалғастыруда.

Дамудағы маңызды факторлардың бірі – клиентке қызмет көрсету үдерісін цифрландыру болды: ішкі рейстер жолаушыларының 93%-ы тегін онлайн тіркеуді пайдаланады, ал FlyArystan мобильді қосымшасының белсенді қолданушыларының саны 700 мыңнан асады. Сонымен қатар, әуекомпания сайтының бірегей қолданушылары саны жолаушылар ағынымен шамалас және 2025 жылы 4,5 млн адамнан асты.

Әуекомпания клиенттердің жайлылығы мен қолайлылығын арттыру мақсатында технологиялық шешімдер мен заманауи сервистерді кезең-кезеңімен енгізуде. iJan өзіндік қызмет көрсету терминалдары алғаш рет 2022 жылы Алматы халықаралық әуежайында орнатылып, кейін FlyArystan маршруттық желісіндегі басқа қалаларға енгізілді. Өткен жылы терминалдарды пайдаланушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ға артты, бұл жолаушылардың өзіне қызмет көрсетуге дайын екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, басып шығарылған билеттер санының тұрақты төмендеуі байқалады – 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда олардың саны 77%-ға қысқарды. Бұл жолаушылардың цифрлық форматтарға көшуін көрсетіп, көміртек ізін азайтуға ықпал етеді.

Операциялық көрсеткіштерден тыс, FlyArystan әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамуға да көңіл бөледі. Жеті жыл ішінде әуекомпания инклюзия, спорт және экология салаларында бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. Абай облысында ауқымды орман отырғызу жобасы аясында үш жылда шамамен 1,5 млн көшет отырғызылды. Сондай-ақ, әлеуметтік осал санаттағы жолаушыларға 50%-дан 100%-ға дейін жеңілдіктер қарастыратын «Komek» бағдарламасы іске қосылды.

Бүгінде FlyArystan маршруттық желіні дамытуды, рейстер жиілігін арттыруды және клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталған жаңа шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Таңдалған модельдің тиімділігі халықаралық деңгейде де мойындалды – әуекомпания Skytrax тарапынан Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы марапатын үш рет иеленді. FlyArystan өз назарын әуе тасымалдарының қолжетімділігін арттыруға және Қазақстанның экономикалық әрі туристік дамуына ықпал етуді жалғастыруға бағыттайды.

FlyArystan туралы:

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу туралы

Келесі жаңалық

Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК отандық бизнес пен өңіраралық кооперацияны дамыту туралы меморандумға қол қойды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК отандық бизнес пен өңіраралық кооперацияны дамыту туралы меморандумға қол қойды

Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК отандық бизнес пен өңіраралық кооперацияны дамыту туралы меморандумға қол қойды

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда коронавирустың 2 480 жаңа жағдайы тіркелді

22 июля, 2022
Әлихан Смайлов: Көмір бағасының күрт өсуіне жол бермеу керек

Әлихан Смайлов: Көмір бағасының күрт өсуіне жол бермеу керек

6 сентября, 2022
Бір тәулікте тағы 33 адамнан пневмония анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

14 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.