---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/29/almaty-%d2%9balasyny%d2%a3-%e2%84%967-%d2%9balaly%d2%9b-klinikaly%d2%9b-auruhanasyny%d2%a3-d%d3%99rigerleri-%d2%b1j%d2%9by-bezini%d2%a3-auyr-as%d2%9bynuy-bar-%d3%99jeldi%d2%a3-%d3%a9mirin-sa%d2%9btap/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

![Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/665a9412-4639-4936-902b-a72117b85767.jpeg)

**Алматы қаласының№7 Қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет ұйқы безінің жалған жылауығынаэндоскопиялық дренаждау әдісіқолданылды. **

№7 ҚКА дәрігерлері бірегей операция жасап, ұйқы безі ауруының ауыр асқынуы – панкреонекрозы(өлген)бар 45 жастағы науқастың өмірін құтқарды.Әйел бұған дейін ұйқы безініңқаттықабынуы – жіті  деструктивті панкреатитпен ауырған.Уақыт өте келеұйқы безінің жалған жылауығы –сұйықтыққа толы қуыс пайда болған. Әйелдіңжағдайыағзадағы пайда болғаніріңнен нашарлап, дене қызуы көтерілген, ауруы асқынып, әлсіздіккүйге түскен.Қуыстың көлемі шамамен 15 сантиметргедейін ұлғайған– бұл өте ауыр және қауіпті жағдай,бүндай жағдайдыңсалдары  адам ағзасына көптеген  ауыртпалықтарәкелуі ықтимал.    

№7 ҚКА-ның жетекшімамандарының, білікті  хирургтармен эндоскопистердің қатысуыменконсилиумөткізілді. Консилиумге№ 7ҚКА-ның  директоры, профессор МанасЕмбергенұлыРамазанов,  директордыңмедициналық бөлім (хирургия) жөніндегі орынбасары ҚамбарЖұманұлыБайжигитов, № 2 хирургия бөлімшесініңмеңгерушісі, профессор МұсаМеңдібайұлыСахипов, эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Аян Байжанов, № 1 хирургия бөлімшесініңмеңгерушісі ТалғатМұхитұлыБайтурғанов пен хирург Сәкен Бәйімбетов қатысты.Консилиумдапациентті емдеу тәсілі меналдағыоперация  жоспары талқыланды.

Дәрігерлердің алдында күрделі таңдау тұрды: дәстүрлікесінділерменашық операция жасау немесезаманауиқұрылғыларды пайдаланыпаз инвазивтіәдісті қолдану.

Пациенттің клиникалықахуалы, КТ деректерін жәнежалған жылауықтыңинфекциялықбелгілерін ескере отырып, аз инвазивті араласуды — эндоскопиялық цистогастростомиянықолданутуралы шешім қабылданды.

«Операция эндоскопиялық құрылғыны пайдалануарқылыжасалды. Бұл аз инвазивті тіліксізжасалатыноперациятәсілі.Операцияны эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі А.С. Байжанов жасады.Дренажды стент орнату арқылы цистогастростома жасалды»— деді № 1 хирургия бөлімшесініңмеңгерушісі ТалғатМұхитұлыБайтұрғанов.

Операция кезіндеарнайыиілгішқұрал эндоскоп пайдаланды—ол ауызжолдарыарқылы енгізілді.Жабдықтардың бақылауымен олар асқазан менжылауыққуысының арасында шағын «арна» жасады.

Бұл арна арқылыіші қуыс жіңішке құбыр (стент)салынды, соның арқасындажылауықтыңсұйықтығы асқазанға қауіпсіз ағып, кейін ағзадан табиғи жолменшығып кетті.Мұндай әдiстiң басты артықшылығытері жамылғысында тілік  жасалмауында.Бұл асқыну қаупін едәуір төмендетеді, ауырсынуды азайтады және пациенттің тезірек оңалыпқалпына келуінемүмкіндік береді. Алайда, бұл жағдайда операция ерекше дәлдікті талап етті:жалған жылауық көлемі жағынан  өте үлкен болып өседі,жұқпалы жәнеағзаныңмаңыздымүшелеріне жақынорналасқан.

Емдеубарысында іріңпайда болғаны анықталды,бұләйелдің  клиникалық ахуалының қаншалықты ауырлығынтағы да растады.

«Операцияданкейін науқастың жағдайы тез жақсара бастады:дене қызуы түсті,ауырсыну белгілеріазайды, жалпы көңіл-күйі тұрақтанды. Көп ұзамайжақсы көрсеткіштеріменүйінешығарылды» -дедіТалғатМұхитұлы.

Бұлжағдайдыңаурухана үшін маңызды жетістік,  дәрігерлер үшін үлкен тәжірибе болғанын атап айту керек,өйткені мұндай операциямұнда  алғаш рет жасалды.

Бұлдәрігерлердіңдаярлығының жоғары деңгейін және қаладағы заманауимедициналық технологиялардың дамуын көрсетеді.

Жетінші аурухананыңдәрігерлер командасының үйлесімді жұмысының арқасында өте күрделі диагнозды еңсеріп қана қоймай,пациенттіәлдеқайда ұзақ мерзімді қалпына келтіруді талап ететін ауыр ашық операциядан құтқарды.

---

Жарияланды: 2026-04-29T05:14:24+06:00

Жаңартылды: 2026-04-29T05:14:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/29/almaty-%d2%9balasyny%d2%a3-%e2%84%967-%d2%9balaly%d2%9b-klinikaly%d2%9b-auruhanasyny%d2%a3-d%d3%99rigerleri-%d2%b1j%d2%9by-bezini%d2%a3-auyr-as%d2%9bynuy-bar-%d3%99jeldi%d2%a3-%d3%a9mirin-sa%d2%9btap/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.