Батыс Қазақстанда Women Entrepreneurship Booster бағдарламасы іске қосылуда

Батыс Қазақстанда Women Entrepreneurship Booster бағдарламасы іске қосылуда

Батыс Қазақстанда Women Entrepreneurship Booster бағдарламасы — әйелдер жетекшілік ететін шағын және орта бизнестің жүйелі өсуі мен ауқымдануына бағытталған кешенді бастама — іске қосылуда.

Women Entrepreneurship Booster бағдарламасы әйелдер басқаратын шағын және орта бизнестің жүйелі өсуі мен ауқымдануына бағытталған және Shell LiveWIRE жаһандық бастамасы аясында ұйымдастырылған. Қазақстанда бұл бағдарлама Еуропалық қайта құру және даму банкі және Шелл Қазақстан компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бағдарламаның операторы — She Community.

Бағдарлама стартап кезеңінен өткен, алайда әлі де бірқатар шектеулерге тап болып жүрген кәсіпкер әйелдерге арналған, оның ішінде:
— басқару құрылымдарының негізін қалаушыға тәуелді болуы
— формалданған операциялық жүйелердің болмауы
— өкілеттіктерді беру тетіктерінің жеткіліксіз дамуы
— бизнес-модельдердің ауқымдану мүмкіндігінің шектеулілігі

Women Entrepreneurship Booster — мамырдан қазан айына дейін өтетін акселераторлық бағдарлама. Бағдарлама онлайн және офлайн форматтарды, шағын топтардағы жұмысты, сондай-ақ жеке сүйемелдеуді және трекингті қамтиды.

Бағдарламаның негізгі ерекшелігі — қатысушылардың бизнесіне басқару жүйелерін тікелей енгізуге бағытталған практикалық әдіснама. Бұл тәсіл бағытталған іске асыруды, құрылымдалған консалтингті және трансформацияның өлшенетін кезеңдерімен жұмысты қамтиды.

Бағдарлама бес тақырыптық модульден тұрады:

  1. Басқару жүйелері және рөлдік архитектура
  2. Операциялық процестер және стандарттау
  3. Коммерциялық модельді нығайту
  4. Ауқымдану
  5. Басқару тәсілін өзгерту және өкілеттіктерді беру

Қорытынды кезеңде өңірлік Demo Day өткізіледі, онда қатысушылар өз кәсіпорындарының трансформация нәтижелерін және одан әрі өсу стратегияларын ұсынады.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар She Community түлектер қауымдастығына қосылып, әрі қарай даму, нетворкинг және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

Жоба географиясы Орал, Атырау, Мақат және Ақсай қалаларын қамтиды.

Тіркеу 17 мамырға дейін ашық, қатысушыларды іріктеу 20 мамырға дейін аяқталады, бағдарламаның басталу күні — 2026 жылғы 29 мамыр.

Бағдарлама нақты және өлшенетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

Ұзақ мерзімді перспективада бағдарлама Батыс Қазақстанның кәсіпкерлік экожүйесін нығайтуға және өңір экономикасындағы әйелдердің рөлін арттыруға ықпал етеді.

Өтінімді келесі сілтеме арқылы беруге болады: https://forms.gle/DeD9W1eUyoCh2eE86

Shell LiveWIRE туралы

Shell LiveWIRE — әлемнің 18 елінде жүзеге асырылып отырған жаһандық бағдарлама. Ол инновациялық кәсіпкерлікті қолдау арқылы жергілікті экономикаларды дамытуға ықпал етеді. Қазақстанда 2018 жылдан бері іске асырылып келеді және Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарындағы жаңадан бастап жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің инновациялық бизнес-идеяларын қолдауға және дамытуға, сондай-ақ өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған. Бағдарлама құралдарына кәсіби консалтингтік қызметтер, кәсіпкерлік дағдыларын оқыту және жергілікті бизнес-кеңесшілердің біліктілігін арттыру кіреді.

Шелл туралы

«Шелл» — энергетика және мұнай-химия салаларында жұмыс істейтін жаһандық компаниялар тобы. Қазақстанда 30 жылдан астам уақыттан бері қызмет етеді және ел экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады.

Еуропалық қайта құру және даму банкі туралы

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)— Орталық Азиядағы ең ірі институционалдық инвестор. Оның қызметі жеке секторды дамытуға бағытталған. ЕҚДБ Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық және бизнес-консалтинг, оқыту және менторинг сияқты қаржылық емес құралдар арқылы қолдау көрсетеді.

She Community туралы

She Community — Қазақстандағы 2 000-нан астам әйел кәсіпкерді біріктіретін ұлттық платформа. Ұйым бизнесті дамытуға және кәсіпкерлік ортаны нығайтуға бағытталған білім беру, акселерациялық және менторлық бағдарламаларды жүзеге асырады.