Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

FlyArystan Run for Autism қайырымдылық жүгіруін ресми әуе тасымалдаушы ретінде қолдады

admin by admin
26 апреля, 2026
FlyArystan Run for Autism қайырымдылық жүгіруін ресми әуе тасымалдаушы ретінде қолдады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Bolashak Charity қоғамдық қоры ұйымдастырған жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жүгіру жарысын серіктес ретінде қолдады. Іс-шара бүгін Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату айы аясында Астана қаласы Ботаникалық бағында өтті.

Байланысты

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

Серіктес ретінде әуекомпаниясы жарыстың жүлде қорын қолдап, Астана – Батуми – Астана бағыты бойынша ұшу сертификаттарын ұсынды. Сонымен қатар, компания Қазақстан өңірлерінен қор қамқорлығындағы балаларды, олардың қамқоршыларын және келген арнайы қонақтарды тасымалдауды қамтамасыз етті.

Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры:

«Bolashak Charity қорымен серіктестік аясында біз аутизм туралы ақпарат тарату айы аясында бірқатар инклюзивті бастамаларды қолдадық. Бұған дейін әуекомпания Астанада өткен Autism Talks кездесуі спикерлерінің ұшуын ұйымдастырып, ашық диалогты дамытуға және қоғамның осы тақырыптағы хабардарлығын арттыруға өз үлесін қосты. Мұндай жобаларды қолдау – FlyArystan құндылықтарының және баршаға қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі ұстанымымыздың көрінісі. Компания инклюзияны дамыту аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Komek” жеңілдік бағдарламасын да жүзеге асырып келеді және бұл бағыттағы әлеуметтік жобаларды алдағы уақытта да жалғастырады».

Жарысты ұйымдастырушы Bolashak Charity қоры 15 жылдан астам уақыт бойы инклюзивті білім беру мен әлеуметтік бейімдеу бағытында жобаларды жүзеге асырып, даму ерекшеліктері бар балалар мен ересектерге білім алып, кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп келеді.

Динара Гаплан, «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы:

«Run for Autism – ерекше жоба, себебі бұл бастамаға біздің жобаларымызға қатысатын жасөспірімдер, олардың отбасылары, педагогтер, серіктестер мен қор достары қатысады. Сол себепті бұл жүгіру әлдеқашан жай ғана іс-шара шеңберінен шығып, түрлі қалалардан келген адамдарды ортақ идея төңірегінде біріктіретін шынайы қозғалысқа айналды. Біз үшін серіктестердің қолдауы ерекше маңызды. FlyArystan компаниясының біздің жобаларымызға тағы да қолдау білдіріп отырғанын шын жүректен бағалаймыз. Осындай компаниялар мен қор достарының арқасында Run for Autism әр адам үшін спорттың, ізгіліктің және тең мүмкіндіктердің нағыз мерекесіне айналып келеді».

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Run for Autism – халықаралық қайырымдылық спорттық қозғалысының бір бөлігі, жарыс шамамен бес мың қатысушыны – әуесқой жүгірушілерді, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, сондай-ақ инклюзивті қауымдастық өкілдерін біріктірді. Жүгіруге әуекомпания қызметкерлері – FlyArystan корпоративтік жүгіру қауымдастығының қатысушылары да қосылды.

Іс-шара барысында жиналған қаражат аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған кәсіби оқыту бағдарламаларына, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне бағытталады.

FlyArystan инклюзивті ортаны дамытуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған спорттық әрі әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Әуекомпания Almaty Marathon сынды ірі жүгіру іс-шараларды ресми серіктес болып, сондай-ақ бұған дейін трансплантология мәселелеріне назар аударуға және пациенттерді қолдауға бағытталған «Jüregımnıñ Jeñımpazy» қайырымдылық жүгіруіне қолдау көрсетті. Мұндай бастамаларды қолдау FlyArystan-ның қолжетімді мобильділікті дамытуға және ашық әрі инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

FlyArystan туралы:

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры туралы:

Bolashak Charity – 2011 жылы құрылған қазақстандық коммерциялық емес ұйым. Қор 15 жылдан бері аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру жобаларын іске асырып келеді. Сонымен қатар ұйым ҚР Парламенті Сенаты, «AMANAT» партиясы және мемлекеттік органдар жанындағы инклюзияны дамыту жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болып табылады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Аида Балаева: Креативті индустриялар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бағытына айналып келеді

Келесі жаңалық

2026 жылдың I тоқсаны — SITA: жетекші жұмыс беруші және саяхат индустриясындағы инновацияларды ілгерілететін компания

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты
Категориясыз

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты

17 июля, 2026
Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
2026 жылдың I тоқсаны — SITA: жетекші жұмыс беруші және саяхат индустриясындағы инновацияларды ілгерілететін компания

2026 жылдың I тоқсаны — SITA: жетекші жұмыс беруші және саяхат индустриясындағы инновацияларды ілгерілететін компания

Қазақмыста 2060 жылға дейінгі тау-кен байыту кешенін дамытудың стратегиялық жоспары қаралды

Қазақмыста 2060 жылға дейінгі тау-кен байыту кешенін дамытудың стратегиялық жоспары қаралды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда бірінші халықаралық HR Foresight форумы өтті

Алматыда бірінші халықаралық HR Foresight форумы өтті

14 июня, 2023
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

13 июня, 2023
Біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр — тосқауыл неге қойылмайды?

Біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр — тосқауыл неге қойылмайды?

18 апреля, 2023

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
  • Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
  • Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.