---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/25/%d2%9baza%d2%9bmys-300-den-astam-a%d2%93ash-otyr%d2%93yzyp-%d3%a9%d2%a3irlerde-ekologiyaly%d2%9b-akcziya-%d3%a9tkizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді

![Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/photo_2026-04-25_16-22-35.jpg)

**«Қазақмыс» Тобы қалалық ортаны жақсарту мен абаттандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.**

Кезекті көгалдандыру акциясы Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиясының аумағында «Қазақмыс» Тобының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің қатысуымен өтті. Компания қызметкерлері бірлесіп, 200 түп ағаш отырғызды.

Экологиялық іс-шара Қарағанды облысында да өтті. Көгалдандыру жұмысы өндірістік алаңдарда және елді мекендерде жүргізілді: Шешенқара кентінде — 30 түп ағаш, Бақты кентінде — 50 көшет, «Абыз» кенішінде 20 түп ағаш отырғызылса, тағы 20 көшет Қарағанды құю-машина жасау зауытының аумағына егілді.

Сонымен қатар компанияға қатысы бар аймақтарда сенбілік ұйымдастырылды. Соңғы апта ішінде компанияның 800-ге жуық жұмыскері кәсіпорын аумағы мен қоғамдық кеңістіктерден 580 тоннаға жуық қоқыс жинап, шығарды. Бұл жұмысқа 28 бірлік арнайы техника тартылды. Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында өткен тазалық акциясы Балқаш көлінің жағалауын да қамтыды.

Мұндай экологиялық бастамалар «Қазақмыс» Тобының өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2026/04/photo_2026-04-25_16-22-35-2-300x200.jpg)

---

Жарияланды: 2026-04-25T11:27:05+06:00

Жаңартылды: 2026-04-25T11:27:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/25/%d2%9baza%d2%9bmys-300-den-astam-a%d2%93ash-otyr%d2%93yzyp-%d3%a9%d2%a3irlerde-ekologiyaly%d2%9b-akcziya-%d3%a9tkizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.