Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жыл
Өтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы,
«Жоңғар-Алатау» МҰТП
2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысындакөктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқаарналған маңызды шара.
Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттықтабиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданыТополевка ауылының көркем маңындаұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалғанжоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверсжабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алмасорттарының арғы тегі. Ғалымдардыңбағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғиқорының шамамен 48%-ы Жетісу өңіріндешоғырланған.
Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасыішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлгеоранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініскеайналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сиректабиғи құбылысты тамашалап, оның тарихыментанысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.
Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениетқайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғатсүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмдідамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірдіхалықаралық деңгейде танытуға арналған алаңболмақ.
Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оныңмаңыздылығы мен туристік тартымдылығынайқындайды.
Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекшеатмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansuluжәне Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдегентаулар аясында жарқын концерттік бағдарламаұсынады.
Фестиваль бағдарламасы:
• Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларыныңпанорамалық көріністері;
• Plein air форматындағы суретшілер байқауы;
• Мәдени іс-шаралар;
• Ұлттық спорт ойындары;
• Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;
• Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.
«Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі –Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарыныңбірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясындаөткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуғажәне ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.
Жетісу сіздерді табиғаттың аңызынашақырады!













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз