Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстандағы суперқосымшалардың болашағы: Kursiv Ecosystems Forum қорытындысы

admin by admin
21 апреля, 2026
Қазақстандағы суперқосымшалардың болашағы: Kursiv Ecosystems Forum қорытындысы

17 сәуірде Алматыда цифрлық экожүйелерді дамытуға арналған Kursiv Ecosystems Forum 2026 өтті. Ірі технологиялық және қаржылық компаниялардың өкілдері бір алаңда бас қосты.

Байланысты

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

«Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

Негізгі сессияларға қатысқандар:

  • Тимур Турлов Freedom Holding Corp. СЕО-сы;
  • Наталья Боер ТМД-дағы Ozon СЕО-сы;
  • Тимур Шалекенов Yandex Qazaqstan басшысы;
  • Вячеслав Ким Freedom Bank басқарушы директоры;
  • Александр Нагорный Kolesa Group өкілі;
  • Аршын Сұлтанғазы «ЦентрКредит» Банкінің Chief Product Owner-і;
  • Ренат Туканов Freedom Holding Corp. СТО-сы;
  • Сабина Нұрлыбаева QazCloud-тың AI бөлімінің басшысы;
  • Владислав Минкевич  AKASHI Data Center басқарма төрағасы;
  • Алексей Шаравар QazCode СЕО-сы.

Модераторлар Сергей Домнин (Kursiv Research жетекшісі), Татьяна Николаева (Kursiv Media әлеуметтік жобалар редакторы), Әсем Болатжан (Women in Tech Kazakhstan СЕО-сы) болды. Жалпы форумға  400-ден астам адам қатысты.

Суперқосымшалардың болашағы және тіпті олардың жойылу ықтималдығы, Қазақстандағы жасанды интеллекті реттеудің жаңа трендтері, клиенттік тәжірибе және дата-орталықтар инфрақұрылымы форумның негізгі тақырыптары болды.

Пленарлық сессияда Freedom Holding Corp. компаниясының CEO-сы әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов, Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов және Ozon-ның ТМД бойынша CEO-сы Наталья Боер сөз сөйледі.

Тимур Турлов Қазақстандағы суперқосымшалар нарығындағы бәсекелестіктің артуы осы салаға қатысты өнімдерді заңнамалық реттеуге оң әсер етуге тиіс екенін атап өтті:

— Егер нарық бәсекелестік деңгейін сақтап қалса, яғни ешкім абсолютті үстемдікке ие болмай, бірнеше экожүйе нарық үшін өзара күресетін болса, онда, шын мәнінде, әрбір экожүйе реттеуші тарапынан  көбірек мүмкіндік алады…

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бұл суперқосымшаларды дамытып жатқан барлық компания үшін өте күрделі әрі аса маңызды мәселе. Белгілі болғандай, бизнес-ресурстардың қомақты бөлігі дәл осы өзін-өзі реттеу сұрақтарына жұмсалады екен:

— Біздің компанияда іс жүзінде бизнес үшін емес, заңнама талаптарының сақталуын қадағалаумен айналысатын, біз жалақы төлеп отырған орасан көп мамандар жұмыс істейді… 

Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шfлекенов те бұл пікірмен келісіп:

–  Мен кейбір нарықтарда біздің Yandex GO интерфейсіміздің көшіріліп жатқанын көріп жүрмін, бірақ бұл «плиткалы» интерфейс тарихы қазірдің өзінде өзектілігін жоғалтты деп есептеймін, – деді ол. Сондай-ақ ол келесі кезең – AI-интерфейстер мен дауыстық көмекшілер дәуірі екенін атап өтті: – Біз балама жолды көріп отырмыз, елімізде розеткаға қосулы бір миллион белсенді «Алиса» бар. Адамдарға мәселелерін диалог режимінде, дауыстық интерфейс арқылы шешкен әлдеқайда ыңғайлы. Меніңше, жақын арада бүкіл интернет жаңаша кейіпке енеді. Жанды немесе соған жақын ассистенттердің уақыты келді.

Сонымен қатар Шалекенов такси қызметі саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті:

– Такси сервисінде жаңбыр жауғанда бағаның көтерілуіне қатысты көптеген талқылаулар болған кезде, біз үшін реттеушіге барлық алгоритмдеріміздің қалай жұмыс істейтінін көрсету маңызды болды. Алматыда жұма күні кешкі сағат алтыда таксиге тапсырыс сенбі түнгі сағат үшке қарағанда әлдеқайда көп болады. Барлық таксист сағат сайын бір жарым, екі, үш, бес мың теңге тапсын деген популистік идеяны алға жылжыту оңай, бірақ бұл барлық шығынды тұтынушының мойнына ілу деген сөз. Өкінішке қарай, маркетплейстің бүкіл логикасы — сұраныс пен ұсыныс заңы — мұндай бастамалардың кесірінен бұзылуы мүмкін.

Ozon өкілі Наталья Боер мемлекеттің қазіргі уақытта «ойын ережелерін» түбегейлі өзгертіп жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, салық органдарының маркетплейс деректеріне қатысты жаңа талаптары «бизнес үшін қосымша жүк» болмақ. Бұл ретте Қазақстандағы Ozon банктік бағытқа емес, маркетплейс пен инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріп отыр: компания логистикаға қазірдің өзінде 80 млрд теңгеден астам инвестиция құйған. Боер ханым экожүйе дегеніміз барлық қызметті міндетті түрде бір қолданбаға жинақтау емес екенін еске салды. Оның пікірінше, бір сервистің ішінде такси де, ыдыс-аяқ та, аяқ киім де қатар ұсынылуы пайдаланушының мазасын алуы мүмкін.

Суперқосымшалардың болашағына арналған бірінші панельдік сессияға Freedom Bank басқарушы директоры Вячеслав Ким, «ЦентрКредит» Банкінің өкілі Аршын Сұлтанғазы және Kolesa Group-тың CPO-сы Александр Нагорный қатысты.

Александр Нагорный ұсыныстар жүйесі таңу емес, керісінше таңдау мүмкіндігін сақтауға тиіс екенін түсіндірді. Ал БЦК өкілі Аршын Сұлтанғазы ашық экожүйе туралы және банк үшін ең маңызды жаңа нарық — аймақтар екенін айтты.

Екінші панельдік сессия жасанды интеллектіні іс жүзінде енгізу мен дата-орталықтар экономикасына арналды. Онда Freedom Holding Corp. СТО-сы Ренат Туканов, Сабина Нұрлыбаева QazCloud-тың AI бөлімінің басшысы және AKASHI Data Center PLC басқарма төрағасы Владислав Минкевич сөз сөйледі.

Жалпы форум қазақстандық экожүйелер нарығының интерфейстер бәсекелестігі, сенім экономикасы, реттеушілік жүктеменің артуы және таңғалдыру қиындап бара жатқан клиент үшін күрес кезеңіне өткенін көрсетті.

Форумның бас серіктесі Kaspi.kz, стратегиялық серіктесі — Yandex Qazaqstan, ресми серіктесі – Ozon болды. Шараға келесі Kolesa Group, Baribar, 7 арна, Liter, Prodengi, 365info, BlueScreen, Profit.kz, Aikyn, Turkistan.TV, DKNews, ER10media, AlemInform, Bizmedia және Optimism.kz   белсенді ақпараттық қолдау көрсетті:.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы өтті

Келесі жаңалық

Жетісу облысына – 4 жыл: «Нұр жолы» пунктінің өткізу қабілеті 5,5, есе артты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
«Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

15 июня, 2026
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Категориясыз

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

14 июня, 2026
Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Келесі жаңалық
Жетісу облысына – 4 жыл: «Нұр жолы» пунктінің өткізу қабілеті 5,5, есе артты

Жетісу облысына – 4 жыл: «Нұр жолы» пунктінің өткізу қабілеті 5,5, есе артты

Қол жетіспейді: көктемде неге жұмысшылар мен желілік мамандарға сұраныс артады

Қол жетіспейді: көктемде неге жұмысшылар мен желілік мамандарға сұраныс артады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қарағандыда «зебрада» екі автобус соқтығысып, жаяу жүргінші мен үш жолаушы зардап шекті

Қарағандыда «зебрада» екі автобус соқтығысып, жаяу жүргінші мен үш жолаушы зардап шекті

30 мая, 2023
Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік дауылды ескерту жарияланды

Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік дауылды ескерту жарияланды

29 мая, 2023

01.04.2025 жылғы жағдай бойынша «Jusan Garant» СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

11 апреля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
  • Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
  • «Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.