---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/17/sport-zh%d3%99ne-t%d3%99rbie-ar%d2%9byly-%d2%9b%d2%b1%d2%9by%d2%9bty%d2%9b-m%d3%99denietke-atyrauda%d2%93y-au%d2%9bymdy-kezdesudi%d2%a3-%d2%9borytyndysy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

![Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/photo_2026-04-17_20-05-02.jpg)

**Атырау облысының прокуроры Мадияр Бекенұлы Басшыбаевтың төрағалығымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында спорт федерацияларының өкілдері, білім беру ұйымдары, өңірдің танымал спортшылары, ата-аналар комитеттері, сондай-ақ белсенді жастардың қатысуымен ауқымды іс-шара өтті.**

Іс-шара қатысушыларына балалар арасында **қарым-қатынас мәдениетін** қалыптастыру, **позитивті ойлауды дамыту**, **қауіпсіз** және **салауатты өмір салты** дағдыларын, **саналы таңдау** жасап, **жауапкершілік алуды** үйрету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарланды.

Аталған жұмыстың бірінші кезеңінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап оқу орындарында **«Құндылықтардың 5 минуттығы»** жобасы іске асырылуда.

**«****Құндылықтардың****5****минуттығы****»** күн сайын (дүйсенбі – жұма) сыныпта, сабақ басталар алдында **2-5****минут** ішінде балаларға тәрбиелік сипаттағы нақты тақырып түсіндіріледі: тақырып бала толық түсініп, меңгеруі үшін күні бойы енгізіледі.

***Мысалы****,**дүйсенбі* *күні* *бірінші* *сабақта****«******Математика******»*** *пәнінде* *мұғалім****«******Құрмет******»*** *тақырыбы* *бойынша**5**минуттық* *өткізеді**.*

*(**Құрмет* *деген* *не**?**Құрметтің* *түрлері**,**кімді* *құрметтеу* *керек**?**және* *т**.**б**.).*

Осылайша, күні бойы барлық сабақтарда мұғалімдер де сабақ басталар алдында осындай жұмысты жүргізеді.

Нәтижесінде бала жиі естігенін бойына сіңіреді.

Бір ақпаратты үнемі қайталау балаларда тұрақты **нейрондық** **байланыстарды** **қалыптастырып**, іс жүзінде оның мінез-құлқын бағдарламалайды.

Қорытындысында апта соңында «Сынып сағаты» сабағында өткен материал бекітіледі.

Қазіргі таңда жоба облыстың **235** білім беру мекемесінде жүзеге асырылып, **150****мыңнан** **астам** баланы қамтып отыр.

Оң нәтиженің және ата-аналардың кері байланысының бар екенін ескере отырып, **Мадияр** **Басшыбаев** өңірдің спорт қауымдастығы арасында **«****Дала** **қырандары****»** патриоттық қозғалысын тарта отырып, **екінші** **кезеңді** іске асыруды ұсынды.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда спорт федерацияларының, ұйымдардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ патриоттық қозғалыстардың рөлі зор.

Сондықтан бұл іс-шараға ұлттық мақтаныш, патриотизм және жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеудің құралы болып табылатын **жаттықтырушылар** мен **тәлімгерлер** тартылды.

Екі кезеңді біртұтас жүйеге біріктіре отырып, **тәртіп**, **жауапкершілік** және **заңға** **құрмет** нормасына айналатын жастарды тәрбиелеуде бірыңғай тәсілдер қалыптастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, **білімді**, **тәрбиелі**, **мәдениетті** жастарды қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғам өкілдері мен блогерлердің рөлі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, **позитивті** **күн** **тәртібін** **күшейтуге**, **дұрыс** **мінез****—****құлықтың** **үлгілерін** көрсетуге, **өзгелерге** **үлгі** **бола** **алатын** жастар арасынан үздіктерді танымал етуге назар аудару ұсынылды.

Қорытындысында **Мадияр** **Басшыбаев** спорт, білім салаларында өңір чемпиондарына, сондай-ақ олардың ата-аналары мен спорт федерацияларының өкілдеріне лайықты жастарды тәрбиелегені үшін алғыс хаттар табыс етті.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

**Атырау облысының прокуратурасы**

** **

---

Жарияланды: 2026-04-17T15:10:29+06:00

Жаңартылды: 2026-04-17T15:10:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/17/sport-zh%d3%99ne-t%d3%99rbie-ar%d2%9byly-%d2%9b%d2%b1%d2%9by%d2%9bty%d2%9b-m%d3%99denietke-atyrauda%d2%93y-au%d2%9bymdy-kezdesudi%d2%a3-%d2%9borytyndysy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.