Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin by admin
17 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

2026 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанынан Тұран университетінің базасында «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ресми ашылуы өтті.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Орталықтың негізгі мақсаты – халықаралық зерттеу хабын қалыптастыру және «жұмсақ ғылыми инфрақұрылым» желісін құру. Яғни, бұл тек халықаралық орталық қана емес, бұл бүкіл елді және халықаралық академиялық кеңістікті қамтитын көпдеңгейлі ғылыми желінің іргетасының қалануы.

Салтанатты жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау сөзінде бұл күннің тарихи маңызы ерекше атап өтілді. Министр «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ашылуы отандық гуманитарлық ғылымның жаңа кезеңін айқындайтын маңызды оқиға екенін жеткізді. Бұл бастама алғаш рет 2025 жылдың желтоқсанында академиктермен өткен кездесуде ұсынылып, бұл жоба қысқа уақыт ішінде халықаралық зерттеу орталығына айналып отыр. Сонымен қатар, орталықтың ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрылымында, «Тұран» университеті базасында ашылуы оның маңызын арттыра түседі. Аида Ғалымқызы орталық қызметі Ұлы даланың өркениеттік мұрасын зерттеуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіріп, ұжымға табысты жұмыс тіледі.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаев жаңа Конституцияның преамбуласындағы «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап…» деген сөздер мемлекетіміздің терең тарихи және өркениеттік негізін айқындайтынын атап өтті.

Орталық ашылуына   ҚР ҰҒА президенті  әлемдік тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген Конфуций, Гете және Юнус Эмре институттарын мысалға келтіре отырып, орталық үш деңгейлі модель негізінде жұмыс жасайтынын баса айтты: Ұлттық ғылым академиясы басқаратын орталық ғылыми хаб, ел ішіндегі университеттер мен ғылыми ұйымдарды біріктіретін ұлттық желі, сондай-ақ шетелдік алаңдарда құрылатын «Тұран орталықтары» мен «Тұран кафедралары».

Сонымен қатар ол «Turan Civilization Digital Atlas» платформасы, цифрлық архивтер мен жаңа білім беру бағдарламалары арқылы GIS, жасанды интеллект және интерактивті картографияны гуманитарлық зерттеулерге енгізу көзделетінін, бұл ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл бастама Қазақстанның халықаралық гуманитарлық беделін арттырып, Ұлы дала өркениетін жаһандық ғылыми кеңістікте танымал брендке айналдыру арқылы елдің зияткерлік имиджін нығайтатынын алға тартты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек өз сөзінде «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ашылуымен шын жүректен құттықтап, бұл орталықтың құрылуы – Ұлы даланы тұтас өркениеттік кеңістік ретінде ғылыми тұрғыдан зерделеуге, Орталық Еуразияның тарихи-мәдени мұрасын жаңаша пайымдауға және заманауи технологияларды гуманитарлық зерттеулермен ұштастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Аталған бастама ғылым, білім және сараптамалық қызметтің өзара ықпалдасуын күшейтіп, отандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді деп сенемін білдірді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Іс-шараға  Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Түркияның консулдары мен дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, академиктер мен жетекші сарапшылар қатысты. Ұлы даланы тұтас өркениеттік аймақ ретінде пәнаралық тұрғыдан зерттеу мәселелерін талқылап, «Тұран өркениеті» ғылыми парадигмасының әдіснамалық негіздерін айқындады. Негізгі назар Орталық Еуразияның тарихи-мәдени мұрасын, өркениеттік сабақтастықты, тарихи жадыны цифрландыруды, гуманитарлық зерттеулерге заманауи технологияларды енгізуді, сондай-ақ ғылым, білім және сараптамалық қызметті ықпалдастыру мәселелеріне аударылды.

Орталықтың ашылуына орай салтанатты іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара барысында түрлі этностардың мәдени мұрасын танытатын музыкалық және хореографиялық қойылымдар көрсетіліп, «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ашылу салтанатына ерекше сән мен мазмұн берді.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Тағы бір адамды ит тістеп алды: Жүкті әйелдің жағдайын дәрігерлер бақылап отыр

Келесі жаңалық

Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды

Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Аша Матай желіде өз құпиясын ашты

Аша Матай желіде өз құпиясын ашты

19 августа, 2021
1312 Бірыңғай байланыс орталығы : Алматы медицинасы қала тұрғындарына жақындай түсті

1312 Бірыңғай байланыс орталығы : Алматы медицинасы қала тұрғындарына жақындай түсті

8 сентября, 2025
Білім және ғылым министрлігі онлайн оқу форматы туралы қауесетті жоққа шығарды

Білім және ғылым министрлігі онлайн оқу форматы туралы қауесетті жоққа шығарды

2 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.