---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/15/15-mln-te%d2%a3ge-zh%d3%99ne-zhol-apatyn-%d2%9boldan-%d2%b1jymdastyru-prokuratura-bloger-moldahan-isini%d2%a3-m%d3%99n-zhajyn-t%d2%afsindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

![1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/img_7355.jpeg)

**Алматы прокуратурасы тонау үшін сотталғанблогер Әділетхан Молдаханғақатысты істіңмән-жайынбаяндады.**

Әлеуметтік желілерде блогер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны және оның қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат таралып жатыр.Осыған байланысты Алматы прокуратурасы бұған дейін қаралған істің мән-жайынтүсіндіріп берді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасы бөлімінің бастығы ДидарҚабаевтыңайтуынша,әңгіме2021 жылы жасалған қылмыс туралы болып отыр.

«Бұл оқиға 2021 жылы болған. Сол кезде мен Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокуратурасында мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің бастығы қызметін атқардым. Аталған іс бойынша мемлекеттік айыптаушы болған жоқпын. Алайда қылмыстық істің материалдары мен сот үкімін зерделедім. Істің қысқашасипаттамасымынадай: жәбірленуші Алматы қаласынан баспана сатып алмақ болып, 1,5 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасау үшін Тараз қаласынан келген. Бұл туралы оның танысы біліп, Әділетхан Молдаханмен бірге қылмыстық жоспар құрған. Олар жәбірленушіні жолда күтіп алып, жол-көлікапатынұйымдастырған. Содан кейін ашық түрде 1,5 млн теңгені тартып алған. Кейін күдіктілер ұсталды. Оларға қатыстықамауға алушарасықолданды», – деп түсіндірді Дидар Қабаев.

Күдіктілер дер кезінде ұсталып, қамауға алынған.Қабаевтыңайтуынша,іс қаралып жатқан кездеайыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген.

«Тергеу барысында олар кінәларын толық мойындап, келтірілген залалды өтеді. Қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 382-бабына сәйкес,қысқартылған тәртіппен қаралды. Қысқартылған тәртіп кінәні толық мойындауды және талап-арыздарды дауламауды көздейді. Мұндай жағдайда істің барлық материалдары жан-жақты зерттелмейді, тек сотталушылар мен жәбірленушілер ғана жауап береді. Осыдан кейін жарыссөзбасталып,сотүкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Нәтижесіндесот әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкімге шағым түспеді және ол заңды күшіне енді», – деп мәлімдеді Дидар Қабаев.

Осылайша, Әділетхан Молдахан тонау қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот қылмыстың алдын ала ойластырылған жоспар бойынша, жол-көлік оқиғасын қолдан ұйымдастыру арқылы жасалғанын анықтады. Айыпталушылар кінәларын мойындап, келтірілген шығынды өтеген, нәтижесінде оларға үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

---

Жарияланды: 2026-04-15T12:53:43+06:00

Жаңартылды: 2026-04-15T12:53:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/15/15-mln-te%d2%a3ge-zh%d3%99ne-zhol-apatyn-%d2%9boldan-%d2%b1jymdastyru-prokuratura-bloger-moldahan-isini%d2%a3-m%d3%99n-zhajyn-t%d2%afsindirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.