---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/14/ekonomikany-%d3%99rtaraptandyru-i-to%d2%9bsan-%d2%9borytyndysy-bojynsha-%d3%a9sim-3-%d2%93a-zhetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Экономиканы әртараптандыру: I тоқсан қорытындысы бойынша өсім 3%-ға жетті

![Экономиканы әртараптандыру: I тоқсан қорытындысы бойынша өсім 3%-ға жетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/img_7344.jpeg)

**Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытынды мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.**

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сапалы әрі орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл міндет өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру, өндіріс орындарын технологиялық жаңғырту арқылы іске асырылуда», 

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр экономиканың өсу құрылымына тоқталып, салалардың үлесі мен сыртқы факторлар аясында ішкі экономиканың тұрақтылығын ерекше атап өтті.

«Аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3%-ға өсті.

Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек.

Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр»,

 — деп атап өтті Премьер-министр.

 

---

Жарияланды: 2026-04-14T06:17:00+06:00

Жаңартылды: 2026-04-14T06:17:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/14/ekonomikany-%d3%99rtaraptandyru-i-to%d2%9bsan-%d2%9borytyndysy-bojynsha-%d3%a9sim-3-%d2%93a-zhetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.