---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/11/%d2%b1staz-bloger-n%d2%b1rzhan-sma%d2%93%d2%b1lov-zhauapkershilikke-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды

![«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/280.jpg)

**Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы (келесі – ДІЖБ) азаматтарды қорлайтын материалдарды таратқаны үшін өзін «ұстаз» деп атайтын Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты.**

Өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды «сиырлармен» салыстырған.

Аталған факті бойынша ДІЖБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.

Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске саламыз.

Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

---

Жарияланды: 2026-04-11T09:40:00+06:00

Жаңартылды: 2026-04-11T09:40:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/11/%d2%b1staz-bloger-n%d2%b1rzhan-sma%d2%93%d2%b1lov-zhauapkershilikke-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.