---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/07/super-%d2%b1staz-auyl-o%d2%9bushysy-22-balany%d2%a3-grant-aluyna-%d2%9balaj-k%d3%a9mektesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Супер ұстаз! Ауыл оқушысы 22 баланың грант алуына қалай көмектесті

![Супер ұстаз! Ауыл оқушысы 22 баланың грант алуына қалай көмектесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/ff751332-0f9c-48b5-93ad-802d52593dfa.jpeg)

**IQanatОлимпиадасыныңIIтуры аяқталды, олауылдардағы 10мың сегізінші сынып оқушысының басынқосты.Бұл облыстық кезеңдежаздаIQanatмектебінің гранттарынемесе жобаның бірегей білім беру бағдарламаларына қатысу үшін таласатын финалистер айқындалды.**

Бірақ Олимпиада – жай тестілеу ғана емес. ІІ тур – айқанаттық жастар қауымдастығының еңбегі анық көрінетін сәт. Бұл жерде әңгімеPeer-to-Peerтуралы.

Бағдарлама кедейлікпен күресудің жаңа тәсілдерін ойлап тапқаны үшінНобель сыйлығыниеленгенДюфло, БанерджижәнеКремердің зерттеулеріне негізделген.

Африка және Азия елдерінде олар білім беруді оқушының шынайы деңгейіне қарай құрудың маңызды екенін көрсетті, ал бұл ретте«peer learning» форматындағы дайындық бәрінен тиімді саналады. Оның аясындаүлгеріміжақсырақ оқушылар академиялық деңгейі төмендерге көмектеседі. Материалды мұғалім мен оқушы арасындағы кедергісіз, «өз тілінде» түсіндірген кезде мықты оқушылар сабақтыөзгелерге ұғынықты етіптүсіндіре алады, сонымен біргеөздері де білімін күшейте түседі.Нәтижесінде топтың жалпы деңгейі жылдамырақ өседі.  

«IQanatбұрыннан беріжүрекпен сезіп келгентұжырымдыендізерттеулер растады. БиылОлимпиаданың үш турынан да өткен IQanat-тың 1000 жоғары сынып оқушысы 10 000 сегізінші сынып оқушысынатәлімгер мен мұғалім болды. Жыл бойы олар сабақты онлайн форматта бірге оқыса, Олимпиада кезінде жүзбе-жүз кездесіп,қатаротырып оқу мүмкіндігіне ие болды.IQanat-тың негізгі Giving Back(«Жақсылықты қайтару») идеясыныңмән-маңызы да осы, меценаттар балаларға көмектеседі, ал олар өсе келе өз білімі мен жинаған құндылықтарын«ұрпақтан ұрпаққа»таратады және осылайша бағдарламаның тиімділігін кеңейтеді»,– дейді жобаның облыстық қамқоршысы, кәсіпкер,Atasu Group холдингінің негізін қалаушы және иесіМарат Жуман.

Жоғары сынып оқушылары сабақты бар ықыласымен үйретеді. Олардың бірі– Алматы облысының Алмалыбақ ауылында туған11-сынып оқушысыДиас Абдылхак.Бір жылда олайқанаттық 79балағафизика бойыншакөмектессе, олардың22-сіIQanat мектебінің грантын жеңіп алды.

«Мен үйдің үлкенімін, сондықтан біреуге«аға»болу мен үшін бала кезден үйреншікті нәрсе. Мен оқушыларға әрқашан көмек қолымды созып, білмегенін түсіндіремін. Уақыт өте келебұлменің өзіме де күш беретінін сезіндім»,– дейдіДиас.

Диас бар болғаны17жаста, бірақолнағыз мұғалім қандай болуы керектігінқазірдің өзінде көрсете білді. Ол өзі Олимпиадаға қатысқан кездемектепке түсе алмаған еді,бірақ, жобадан кетпеді. Орасан еңбегі үшін Диасқа алғаш ретжобаның тьюторы ретінде грант берутуралы шешім қабылданды. Қазір Диасөзінің оқушыларымен біргеIQanatмектебінде білім алып жатыр. Грант оның барлық шығындарын өтейді.

Биылғы Олимпиада кезінде ол тағы да өз өңіріне келіп, ауылдағы жаңа балаларды дайындауға кірісті. Енді олар ІІ турдың нәтижелерін бірге күтіп жүр.

IQanat–240+ кәсіпкердің жобасы. Олардың қатарындаДулат Тастекей,Нуржан Бекшенов, Марат Жұман, Аскар Алшинбаев, ⁠Нурасыл Джарбасов, Айдын Рахимбаев, Тимур Турлов, Ерлан Исекешев, Асхат Омаров,Канат Көпбаев, ⁠Газиз Кусайын, Сергей Кан, ⁠Серік Төлбасы, Оразхан Карсыбеков сынды басқа да кәсіпкерлер бар.

Олардың қолдауының арқасындаIQanatтүлектерінің94%—ы ЖОО грантынжеңіп алып, қазірәлемнің19елінде білім алып жатыр.

---

Жарияланды: 2026-04-07T05:52:01+06:00

Жаңартылды: 2026-04-07T05:52:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/07/super-%d2%b1staz-auyl-o%d2%9bushysy-22-balany%d2%a3-grant-aluyna-%d2%9balaj-k%d3%a9mektesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.