---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/04/zhansaya-musina-sahna%d2%93a-shy%d2%93arda-%d3%99li-k%d2%afnge-%d2%9batty-tol%d2%9bimyn/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»

![ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/img_7273.jpeg)

**ҚАЗАҚ АЙТЫС ӨНЕРІНДЕ ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРҒАН ҚЫЗДАР АЗ ЕМЕС. СОЛАРДЫҢ БІРІ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСТАРДА ТОП ЖАРЫП, ТЕРЕҢ ОЙЫ МЕН ӨТКІР ТІЛІ АРҚЫЛЫ КӨРЕРМЕН ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНІП ЖҮРГЕН СУЫРЫП САЛМА АҚЫН, 2018 ЖЫЛҒЫ «АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ – ЖАНСАЯ МУСИНА. БІЗ8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АЙТЫСТЫ ӨМІРЛІК МҰРАТ ЕТІП, САХНА МӘДЕНИЕТІ МЕН СӨЗ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЖОҒАРЫ ҚОЙҒАН АҚЫН ҚЫЗБЕН ӘҢГІМЕЛЕСКЕН ЕДІК.**

–ЖансаяҒалымжанқызы,айтысөнерінедегенқызығушылығыңыз қалайбасталды?Бірсұқбатыңызда бала кезіңіздіеске алып, «МеніңатымҚожадағыдай ешнәрсеге бүлдірмеугетырысатынмын»деген екенсіз. Балалық шағыңызтуралықысқашаайтыпөтсеңіз.

– Бала күніміздетеледидардан айтыс берілсе, айналаның бәрін ұмытып, көгілдір экранғателміріпқалатынбыз.Бірақсол кезде«ай-

тыскер боламын»дегеннақты мақсат болған жоқ.Мектептеәдебиет сабағындаайтыстақырыбын өткенде мұғалімімізбіздіөзараайтыстырып, ашық сабақ ұйымдастыратын. Алғашқы өнердегі жеңістерімдесол сынып ішіндегішағынтартыстардан бастау алды. Балакезімдеаса тәртіптіболдымдеп айта алмаймын. «МеніңатымҚожадағы» Қожа сияқты кінәнімойнына ала беретін, бірақіштей ізгіліккеұмтылған «ақылдытентек» болған шығармын. Спорттықжарысболсын, өнерсайысы болсын– бас жүлдені алмасақ та, белортасындажүріп,белсенділік танытатынмын. Әкеміз өмірденертеөтті.Анамыз ешжұмыстан қашпай, мектептіңеденін жуып,кейінқысқарып қалғанда, шіліңгіршілдедекүнге күйіп, қақаған қыста тоңып, көшедесауда жасап, ағамекеуміздіжалғыз өзіжеткізді.Сол жылдарыкөкірегімде «анамның үмітін ақтауымкерек, жақсыбілім алуым керек»деген берік сенімқалыптасты.Бәлкім, өміргедегенжауапкершілік сезімідесол кезденбасталған шығар.

– Қателеспесем, «Алтындомбыра» байқауыныңекімәртежеңімпазысыз.Бұдан бөлек республикалық, халықаралықаламандардатопжарыпжүрсіз.Шабыттықалай шақырасыз?Сахнаға шығаралдындақалайдайындаласыз?

– Қателестіңіз. «Алтындомбыра» жүлдесін 2018 жылдың желтоқсанындабір ретқанаиелендім. Алсіз айтыпотырған «екімәрте» дегеніңіз «Асыл домбыра»болуымүмкін. 2023жылы БатысҚазақстан облысыныңайтыскерлерқұрамасыжиырмакоманданыңішінен озыпшығып, жеңіскежетті.Солқұрамныңішінде бізде болдық. Алшабыт деген–еріккендеесігіңді қағыпкіретінқонақемес. Ай-

тыскерге тынымсыз ізденіс, қоғамдағы өзгеріс пен жаңалықты қалтжібермейқадағалайтынзердеқажет.Кейде«дайындығым мықты»дегенақынсахнада тосылыпқалады, алкейде керісінше тосыннантөгіліп кететінсәттерболады. Мыңадам отырсада, онадам отырсада, әркөрерменнің көңілінен шығатындай өнер көрсету – мен үшінбастыміндет.Сахнаға шығаралдындаәлі күнгедейінқатты толқимын, оңашалықты қалаймын.Сол себепті дабыралықонақтықтардан, артықжиындардан саналытүрде бастартамын.Бұрын «араласпайкеттің»деп ренжитінжақындарым, қазірбұл әдетіме түсіністікпен қарайтынболды.

– Есіңізденкетпей, жадыңызда сақталған қызықтыайтыстыатапөтеаласызба?

– Қызықдеуге келмес, бірақбірнеше жылбұрын ұстаздарым –МэлсҚосымбаев пенБауыржан Халиолламенсахнадажолыққан сәттержадымда ерекшесақталыпты. Сырт көзге байқалмаған шығар, бірақтізем дірілдепотырғанымды өзімбілемін.Ішкі болжамымда«қаттысынайма екен»депалаңдаған ағаларымкерісінше, шәкіртінесенімартып,демеукөрсетті. Нағыз мықтылармен сөз қағыстырып,сол сыннансүрінбей өткеннің өзі –үлкенмектеп.

–ЖансаяҒалымжанқызы,айтысөнеріндегі ұстаздарыңызтуралынеайтасыз?

– Ұстаздарым «былай айтыс,былай айт»деп арнайыүйреткен жоқ. Бірақ өздерініңайтысы, өмірлік ұстанымдары арқылы көпнәрсе сіңірді.Бір кездеріқазір өзім мақтанышпен қызмететіпжүрген М.Өтемісов атындағыБатысҚазақстануниверситетіндестудентболдым.Солкезде Мэлсағамыздан дәріс тыңдадық.Кейін БауыржанХалиоллаағамен жолығып, шәкірті болу бақыты бұйырды.Бәукең – тек менің ғанаемес, батыстағыталайақынныңруханиұстазы.Жалпы айтысәлеміндеЖүрсінЕрманағамызданбастапүлгі тұтатын, ұстазсанайтынтұлғаларым көп.Кейінгібуынның да өнеріне сүйсіне қараймын.

–Айтыс кезіндеқиыннанжол тауып кеткенсәттерболдыма?

– Айтыстың өзі –тосын шабуылдар менқақпандардансытылып«жол тауып кетуді» көздейтін күрделі өнер. Сондықтан оны бөліп-жармай-ақ қояйын. Қарсыластарым қақпан құрғанда құтылған да, тұтылған дакездерім болды. Қызыққанадам Бекарыс Шойбеков, МақсатАханов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров,ДидарҚамисындызамандастарыммен айтыстарымдытыңдап көрсе, осы өнердің табиғатын анық аңғарареді деп ойлаймын.

– Жастардыңайтысқа қызығушылығы қай деңгейде?Шәкірт тәрбиелеп жүрсізбе? Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Қазіржаңабуын айтыскерлержаңбырданкейінгісаңырауқұлақтай қаптап өсіпкеледі. Олардыңекпініне, өлең құраудағы интеллектуалдық деңгейіне қызыға қараймын. Сыр бойындағы Бексұлтан, Ақтөбедегі Нұрбол, АтыраудағыБатыржан сынды жасақындарғаризамын. Оралдың даоттыоғландары жарқырайтын сәтін күтіпжүр. Шәкірт мәселесінекелсек, таланттуа бітеді. Табиғатындаболмаса, төбеден құйып берсең де ақын шықпайды. «Шәкіртің болайық»деп келетінжастарғабілгенімдіүйретуден қашпаймын, бірақ артық ақылайтып,данышпансыпкөргенемеспін. БолашақтаАқжайықтыңатын абыроймен алыпжүретін ақындар әліталайшығарынасенемін. Шығып тажатыр…

– Сұқбаттарыңыздыңбіріндекөпшілікортадан, той-томалақтан алшақтау жүретініңізді айтқан едіңіз. Мұныңсебебі неде?

– Бұлжерде астар іздейтіндейқұпия жоқ.Біріншіден,жанымқаламайды.Екіншіден, денсаулығым көтеребермейді. Алетжақындарымның, достарымның, әріптестерімнің басқосуынан қалмауғатырысамын.

–Жиырма жылдан бері айтыс сахнасындажүрсіз. Бұлөнерсізгене үйретті?

– Бәрін. Өмірді,жауапкершілікті,сабырды, сөздің салмағын, елдің көңілінтануды– бәрін осыайтысүйретті.

–Жетістікке жетужолындағыізденіспен айтыскердіңбойында болуы тиісқасиеттертуралынеайтаредіңіз?

– Ең әуелі – еңбекқорлық пен адалдық. Осыекеуібарадамкөп белестібағындыраалады.

– Достарыңыз көп пе?

– Көптеемес, аз даемес. Өзімежетерлік.

– Қандай арманыңыз бар?

– Соңғыкездеәлемдегісаяси ахуалға қарап, еңалдыменелдің амандығынтілеймін. Алжеке армандар–іштесақталатын,жария ете бермейтіндүниелер ғой.

– Бұл нөмір8наурыз– әйелдермерекесінеарналған. 8наурыздықалайатапөтетініңіздібілгіміз келеді?

– Жылдағы дәстүрім –анамнан бастапайналамдағы қыз-келіншектерді мүмкінболсажүзбе-жүз,болмасателефон арқылы құттықтаймын.Алөзімді құттықтапжатса,ілтипатпенқабылдаймын.

– ӘҢГІМЕҢІЗГЕ КӨПРАХМЕТ!

---

Жарияланды: 2026-04-04T14:42:10+06:00

Жаңартылды: 2026-04-04T14:42:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/04/zhansaya-musina-sahna%d2%93a-shy%d2%93arda-%d3%99li-k%d2%afnge-%d2%9batty-tol%d2%9bimyn/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.