Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»

admin by admin
4 апреля, 2026
ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»

ҚАЗАҚ АЙТЫС ӨНЕРІНДЕ ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРҒАН ҚЫЗДАР АЗ ЕМЕС. СОЛАРДЫҢ БІРІ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСТАРДА ТОП ЖАРЫП, ТЕРЕҢ ОЙЫ МЕН ӨТКІР ТІЛІ АРҚЫЛЫ КӨРЕРМЕН ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНІП ЖҮРГЕН СУЫРЫП САЛМА АҚЫН, 2018 ЖЫЛҒЫ «АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ – ЖАНСАЯ МУСИНА. БІЗ 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АЙТЫСТЫ ӨМІРЛІК МҰРАТ ЕТІП, САХНА МӘДЕНИЕТІ МЕН СӨЗ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЖОҒАРЫ ҚОЙҒАН АҚЫН ҚЫЗБЕН ӘҢГІМЕЛЕСКЕН ЕДІК.

Байланысты

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

– Жансая Ғалымжанқызы, айтыс өнеріне дегенқызығушылығыңыз қалай басталды? Бір сұқбатыңызда бала кезіңізді еске алып, «Менің атым Қожадағыдай ешнәрсеге бүлдірмеуге тырысатынмын» деген екенсіз. Балалық шағыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

– Бала күнімізде теледидардан айтыс берілсе, айналаның бәрін ұмытып, көгілдір экранға телміріп қалатынбыз. Бірақ сол кезде «ай-

тыскер боламын» деген нақты мақсат болған жоқ. Мектептеәдебиет сабағында айтыс тақырыбын өткенде мұғаліміміз бізді өзара айтыстырып, ашық сабақ ұйымдастыратын. Алғашқы өнердегі жеңістерім де сол сынып ішіндегі шағын тартыстардан бастау алды. Бала кезімде аса тәртіпті болдымдеп айта алмаймын. «Менің атым Қожадағы» Қожа сияқты кінәні мойнына ала беретін, бірақ іштей ізгілікке ұмтылған «ақылды тентек» болған шығармын. Спорттық жарысболсын, өнер сайысы болсын – бас жүлдені алмасақ та, бел ортасында жүріп, белсенділік танытатынмын. Әкеміз өмірден ерте өтті. Анамыз еш жұмыстан қашпай, мектептің еденін жуып, кейін қысқарып қалғанда, шіліңгір шілдедекүнге күйіп, қақаған қыста тоңып, көшеде сауда жасап, ағам екеумізді жалғыз өзі жеткізді. Сол жылдары көкірегімде «анамның үмітін ақтауым керек, жақсы білім алуым керек» деген берік сенім қалыптасты. Бәлкім, өмірге дегенжауапкершілік сезімі де сол кезден басталған шығар.

– Қателеспесем, «Алтын домбыра» байқауының екі мәртежеңімпазысыз. Бұдан бөлек республикалық, халықаралық аламандарда топ жарып жүрсіз. Шабытты қалай шақырасыз? Сахнаға шығар алдында қалай дайындаласыз?

– Қателестіңіз. «Алтын домбыра» жүлдесін 2018 жылдың желтоқсанында бір рет қана иелендім. Ал сіз айтып отырған «екі мәрте» дегеніңіз «Асыл домбыра» болуы мүмкін. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысының айтыскерлер құрамасы жиырма команданың ішінен озып шығып, жеңіске жетті. Сол құрамның ішінде біз де болдық. Ал шабыт деген – еріккенде есігіңді қағып кіретін қонақ емес. Ай-

тыскерге тынымсыз ізденіс, қоғамдағы өзгеріс пен жаңалықты қалт жібермей қадағалайтын зерде қажет. Кейде«дайындығым мықты» деген ақын сахнада тосылып қалады, ал кейде керісінше тосыннан төгіліп кететін сәттер болады. Мың адам отырса да, он адам отырса да, әр көрерменнің көңілінен шығатындай өнер көрсету – мен үшін бастыміндет. Сахнаға шығар алдында әлі күнге дейін қатты толқимын, оңашалықты қалаймын. Сол себепті дабыралықонақтықтардан, артық жиындардан саналы түрде бас тартамын. Бұрын «араласпай кеттің» деп ренжитінжақындарым, қазір бұл әдетіме түсіністікпен қарайтын болды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Есіңізден кетпей, жадыңызда сақталған қызықты айтыстыатап өте аласыз ба?

– Қызық деуге келмес, бірақ бірнеше жыл бұрын ұстаздарым – Мэлс Қосымбаев пен Бауыржан Халиолламенсахнада жолыққан сәттер жадымда ерекше сақталыпты. Сырт көзге байқалмаған шығар, бірақ тізем дірілдепотырғанымды өзім білемін. Ішкі болжамымда «қатты сынайма екен» деп алаңдаған ағаларым керісінше, шәкіртіне сенімартып, демеу көрсетті. Нағыз мықтылармен сөз қағыстырып, сол сыннан сүрінбей өткеннің өзі – үлкен мектеп.

– Жансая Ғалымжанқызы, айтыс өнеріндегі ұстаздарыңыз туралы не айтасыз?

– Ұстаздарым «былай айтыс, былай айт» деп арнайыүйреткен жоқ. Бірақ өздерінің айтысы, өмірлік ұстанымдары арқылы көп нәрсе сіңірді. Бір кездері қазір өзім мақтанышпен қызмет етіп жүрген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде студент болдым. Солкезде Мэлс ағамыздан дәріс тыңдадық. Кейін БауыржанХалиолла ағамен жолығып, шәкірті болу бақыты бұйырды. Бәукең – тек менің ғана емес, батыстағы талай ақынның рухани ұстазы. Жалпы айтыс әлемінде Жүрсін Ерманағамыздан бастап үлгі тұтатын, ұстаз санайтын тұлғаларым көп. Кейінгі буынның да өнеріне сүйсіне қараймын.

– Айтыс кезінде қиыннан жол тауып кеткен сәттер болдыма?

– Айтыстың өзі – тосын шабуылдар мен қақпандардан сытылып «жол тауып кетуді» көздейтін күрделі өнер. Сондықтан оны бөліп-жармай-ақ қояйын. Қарсыластарым қақпан құрғанда құтылған да, тұтылған да кездерім болды. Қызыққан адам Бекарыс Шойбеков, Мақсат Аханов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Дидар Қами сындызамандастарыммен айтыстарымды тыңдап көрсе, осы өнердің табиғатын анық аңғарар еді деп ойлаймын.

– Жастардың айтысқа қызығушылығы қай деңгейде? Шәкірт тәрбиелеп жүрсіз бе? Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Қазір жаңа буын айтыскерлер жаңбырдан кейінгісаңырауқұлақтай қаптап өсіп келеді. Олардың екпініне, өлең құраудағы интеллектуалдық деңгейіне қызыға қараймын. Сыр бойындағы Бексұлтан, Ақтөбедегі Нұрбол, Атыраудағы Батыржан сынды жас ақындарға ризамын. Оралдың да отты оғландары жарқырайтын сәтін күтіп жүр. Шәкірт мәселесіне келсек, талант туа бітеді. Табиғатында болмаса, төбеден құйып берсең де ақын шықпайды. «Шәкіртің болайық» деп келетін жастарға білгенімдіүйретуден қашпаймын, бірақ артық ақыл айтып, данышпансып көрген емеспін. Болашақта Ақжайықтың атын абыроймен алып жүретін ақындар әлі талай шығарына сенемін. Шығып та жатыр…

– Сұқбаттарыңыздың бірінде көпшілік ортадан, той-томалақтан алшақтау жүретініңізді айтқан едіңіз. Мұның себебі неде?

– Бұл жерде астар іздейтіндей құпия жоқ. Біріншіден, жаным қаламайды. Екіншіден, денсаулығым көтере бермейді. Ал ет жақындарымның, достарымның, әріптестерімнің басқосуынан қалмауға тырысамын.

– Жиырма жылдан бері айтыс сахнасында жүрсіз. Бұл өнер сізге не үйретті?

– Бәрін. Өмірді, жауапкершілікті, сабырды, сөздің салмағын, елдің көңілін тануды – бәрін осы айтыс үйретті.

– Жетістікке жету жолындағы ізденіс пен айтыскердің бойында болуы тиіс қасиеттер туралы не айтар едіңіз?

– Ең әуелі – еңбекқорлық пен адалдық. Осы екеуі бар адамкөп белесті бағындыра алады.

– Достарыңыз көп пе?

– Көп те емес, аз да емес. Өзіме жетерлік.

– Қандай арманыңыз бар?

– Соңғы кезде әлемдегі саяси ахуалға қарап, ең алдыменелдің амандығын тілеймін. Ал жеке армандар – іштесақталатын, жария ете бермейтін дүниелер ғой.

– Бұл нөмір 8 наурыз – әйелдер мерекесіне арналған. 8 наурызды қалай атап өтетініңізді білгіміз келеді?

– Жылдағы дәстүрім – анамнан бастап айналамдағы қыз-келіншектерді мүмкін болса жүзбе-жүз, болмаса телефон арқылы құттықтаймын. Ал өзімді құттықтап жатса, ілтипатпен қабылдаймын.

– ӘҢГІМЕҢІЗГЕ КӨП РАХМЕТ!

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ҮНДІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ МИССИЯСЫ

Келесі жаңалық

Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген «трихобезоар» науқасына сәтті операция жасады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
Категориясыз

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

10 апреля, 2026
Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді
Категориясыз

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

10 апреля, 2026
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
Категориясыз

Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты

10 апреля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.04.2026 жыл жағдайына

10 апреля, 2026
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген «трихобезоар» науқасына сәтті операция жасады

Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген "трихобезоар" науқасына сәтті операция жасады

Мемлекет басшысының тапсырмасы: Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы: Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

3 марта, 2021
Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады

Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады

11 апреля, 2023
Алматы облысында тұңғыш рет әкелер  кеңесі құрылды

Алматы облысында тұңғыш рет әкелер кеңесі құрылды

2 ноября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
  • Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.