---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/04/%d2%afndistanda%d2%93y-%d2%9baza%d2%9b-%d2%9byzyny%d2%a3-missiyasy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҮНДІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ МИССИЯСЫ

![ҮНДІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ МИССИЯСЫ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/img_7272.jpeg)

**БІЗДІҢ КЕЙІПКЕРІМІЗ«MEDICAL TRAVEL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ГҮЛЖАЗИРА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗДАРЫНЫҢ БІРІ. ОЛ БҮГІНДЕРІ ЖАНЫНА ШИПА ІЗДЕГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҮНДІ ЕЛІНЕ БАРЫП ЕМДЕЛУГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІП, ЖОЛ КӨРСЕТІП ЖҮР. 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ ЕЛДІҢ АРАСЫНДА АЛТЫН КӨПІР БОЛЫП, ТАЛАЙ ЖАННЫҢ АТЫ ЖАМАН АУРУДАН САУЫҒЫП КЕТУІНЕ СЕБЕПШІ БОЛЫП ЖҮРГЕН КЕЙІПКЕРІМІЗБЕН БІРАЗ СҰҚБАТТАСҚАН ЕДІК.**

БАЛАЛЫҚ АРМАН

Кез келгенбалакішкентай кезінде біріұстаз,енді бірі ұшқышболуды армандайдығой. Ал біздіңкейіпкерімізсонаусәбикезінен адамөмірінарашалапқалатын хирургболудықалайды.  Дегенмен, тағдыржолыоныбасқа арнаға бұрарынсол кезде білмегенде шығар.  Бақытқа толыотбасында бірұл, бес қыз өсті. Өмірбойы тергеуші болудыармандаған әкесі «Перзенттерімніңішінде тергеушіболу сенің қолыңнанкеледі»деп сенімартқанда әкетілегінеқарсы тұраалмады.  Түркістандағы ҚожаАхмет Ясауиатындағы халықаралық қазақ-түрікуниверситетінензаңгер мамандығыбойынша білім алып,  алғашқы еңбекжолынМақтаралауданында бастайды. Шымкент облыстықІшкіістер департаментіндеаса маңыздыістер бойыншаағатергеушіқызметінедейінкөтеріледі.Алайдақызметтіңбеделіболғанымен, тұрмыстың қиындығы жанғабатты. Айлық аз,пәтержалдапкүн көру –жас отбасыүшінауырсынақекені айтпасадабелгілі.  Кішкентай кезінен батылшешімдерқабылдаудан қаймықпайтынкейіпкеріміз қиындықтан қашатынжан емес еді.Олжаңажол іздеді.

ҮНДІСТАНҒА БАСТАЛҒАН САПАР

Оләу бастан жанықалай қоймаған қызметінтапсырып,  бизнескебет бұрды. Трикотажсаудасы,кейінҮндістанның шөптен жасалған дәрілерінсатумен айналысты. Осысапарлар барысында кейіпкерімізүнді  медицинасының күш-қуатының күштілігін байқайды. Тағыбірде туыстарынапарыпқаратып, нақты нәтижені көрді.  Сол кезде ішкітүйсік«Медицина – сенің жолың»депсыбырлағандайболды.  Бұл – аяқасты туған ойемес,саналытаңдауеді. «Мен осыелдеқаламын»деген шешімдіде  компания құрылмай тұрып-ақ қабылдап қойғанболатын.

Бүгіндеол– Үндістандағы медициналық туризмсаласындатабыстыеңбекетіп кележатқан «Medical Travel» компаниясыныңнегізінқалаушы. Идея авторы – үлкен қызыСымбат.Анасымен қызыбірлесіп Instagramпарақшасынашып, үлкен істіңіргетасынқалады.  Алғашқы  жылдарыбұлбизнесті жетілдіру оларға оңай болған жоқ. Кейіпкеріміздіңсолелдіңтіліндесөйлейалмауыда қиындықтартудырды. Бірақ өміржолындағы  тергеушіліктәжірибе,зерттеуге бейімділігібастағаністі тастамай, нәтижесін көруге үйретті.

Гүлжазира Өмірзаққызы  өз табандылығының нәтижесінде әлемге танылған дәрігерлерді ұзақзерттеп,сараптап,оларменәрпітестікорнатты. Бастапқыда олардыңсеніміне кіру оңайболмады. Бірақол адалеңбегімен  өзін дәлелдеді. Бүгінде қазақеліненбарғанпациенттердіқабылдапалып,олармен елге кеткенше біргежүретін оныңкомандасытәулікбойыжұмысістейді.  Қазақ қыздарынан құралғанаудармашылар тобын ол өзі тәрбиеледі. «Пациенттіклиникағатапсырыпкету – біздің жұмысемес.Біз оныменаяғынадейін біргежүреміз»дейді ол.

Кейіпкеріміздің алғашқыірі серіктестігіҮндістандағы еңбеделдіклиникалардыңбірі–

ApolloHospitals-пенбасталды. Бұл әріптестік компанияның қалыптасуына үлкенсерпін берді. Қазірнегізгібағыт –Yashoda Hospitals. Бұл клиниканыңерекшелігі– жоғары технология, тәртіппен науқасқажекекөзқарас. Әр пациенткежекеемжоспары жасалады. Әсіресе, қазақстандықтар үшін қолайлы баға мен сапаның үйлесімі маңызды рөл атқарады.  ДегенменApollo-менбайланысүзілген жоқ. Әрнауқастыңдиагнозына, жағдайына қарайшешімқабылданады. Сондықтанкейіпкерімізеңбастысы – клиниканыңаты емес, нәтижесіне мәнбергендіжөнсанайды.

ҮНДІСТАН МЕДИЦИНАСЫ НЕГЕ МЫҚТЫ?

Осы сұрақ көп адамды мазалайтыныанық. Бұл сұраққа Үндістан медицинасының белортасындажүрген Гүлжазира Өмірзаққызыбылай деп жауап берді:

–Біріншіден, ем бағасы өзгеелдермен салыстырғанда әлдеқайда  қолжетімді.  Екіншіден, дәрі-дәрмектіңбасымбөлігі осыелдеөндіріледі. Үшіншіден, дәрігерлердің даярлығы өте жоғары.Оларонжылдан астамуақытбілімалып, үздіксіз тәжірибе жинақтайды. Еңбастысы–адамикөзқарас өте жоғары деңгейде.  Науқастыңжасы, ұлты, жағдайы маңыздыемес. Әрадамға өзтуысындай жанашырлықпен қарайды. Пациенттердіңбасымбөлігі – онкологиялықдиагнозбен келетіндер. Қазақстандықтаркөбіне асқазан, сүтбезі, өкпеобырысияқтыауырдиагноздарменжүгінеді. Үндістан онкологиясаласындазаманауихимиотерапия,таргеттіктерапия, роботтандырылған хирургия әдістерін кеңінен қолданады.Кейжағдайларда Қазақстанда «үміт аз»делінгеннауқастардың өзі ремиссияға шығып, жаңа өмірбастаған сәттер аземес.Жылап келгенпациенттің күліпқайтқанына қатты қуанамын. Сондықтанауырыпеміздеген адамдархалықтыңсеніміне иеболған, заңталаптарына сайқызмет көрсететінбеделді компанияларға жүгінгені жөн, –  дейдіГүлжазираханым.

Бұлсаладаеңауыры–сенім. Жаны қиналғанадамөз өміріналдыменАллаға,сосын кейіпкеріміз беноныңкомандасынааманаттап келеді.  Гүлжазира Өмірзақызы да өзтарапынанадамдар аманатына адалболуғатырысады.  Өмір болған соң,кейжағдайдакездесіп жататынқиындықтар да оның алға қадамбасуына кедергіболғанемес.  «Мен қиындықтан қашпаймын. Бүгін қиындықболса, ертең сәттілікболады»дейді ол. Бұлоның өмірлік ұстанымы.   Бес баланыңанасы,балдайтәтті немерелерінің әжесі атанғанкейіпкерімізжүздеген отбасының үзіліп бара жатқан үмітін қайта жалғады. Қаншама шаңырақтың сөніп бара жатқан сәулесін қайта жағып, жүздеген адамның ақбатасын алып, алғысына бөленді.   Оныңайтуынша, пациенттің сауығып қана қоймай, өміргедегенсенімінің қайтаоралуынанасқан қымбат дүние жоқ. Бұл өміржалғасадыдегенсөз.

Көпшілік Үндістанғабаруданқорқады.  Халықтыңбіразынтіл,мәдениет, сапа мәселесі алаңдатады. Бірақ кейіпкеріміздің тәжірибесі көрсеткендей, дұрыс ұйымдастырылғанемдеуде ешқауіпжоқ.  «Шетелдеемделуденқорықпаңыздар.  Еңбастысы– уақыт жоғалтпау»дейді ол.

ГҮЛЖАЗИРА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАННАН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЕҢ МЫҚТЫ ДӘРІГЕРДІ ТАУЫП БЕРУ ҮШІН БАРЫН САЛАДЫ. ӨЗІНІҢ БАЛА КҮНГІ ОРЫНДАЛМАҒАН АРМАНЫ АДАМДАРДЫҢ  ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАНДАЙ.   ОЛ ХИРУРГ БОЛА АЛМАДЫ.БІРАҚ ОЛ – АДАМДАРДЫҢ ӨМІРГЕ ҚАЙТА ОРАЛУЫНА ДӘНЕКЕР БОЛЫП ЖҮР.  БҰЛ – ОНЫҢ НЕГІЗГІ МИССИЯСЫ.

---

Жарияланды: 2026-04-04T14:39:50+06:00

Жаңартылды: 2026-04-04T14:39:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/04/%d2%afndistanda%d2%93y-%d2%9baza%d2%9b-%d2%9byzyny%d2%a3-missiyasy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.