Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ҮНДІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ МИССИЯСЫ

admin by admin
4 апреля, 2026
ҮНДІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ МИССИЯСЫ

БІЗДІҢ КЕЙІПКЕРІМІЗ «MEDICAL TRAVEL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ГҮЛЖАЗИРА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗДАРЫНЫҢ БІРІ. ОЛ БҮГІНДЕРІ ЖАНЫНА ШИПА ІЗДЕГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҮНДІ ЕЛІНЕ БАРЫП ЕМДЕЛУГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІП, ЖОЛ КӨРСЕТІП ЖҮР. 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ ЕЛДІҢ АРАСЫНДА АЛТЫН КӨПІР БОЛЫП, ТАЛАЙ ЖАННЫҢ АТЫ ЖАМАН АУРУДАН САУЫҒЫП КЕТУІНЕ СЕБЕПШІ БОЛЫП ЖҮРГЕН КЕЙІПКЕРІМІЗБЕН БІРАЗ СҰҚБАТТАСҚАН ЕДІК.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

БАЛАЛЫҚ АРМАН

Кез келген бала кішкентай кезінде бірі ұстаз, енді бірі ұшқыш болуды армандайды ғой. Ал біздің кейіпкерімізсонау сәби кезінен адам өмірін арашалап қалатын хирург болуды қалайды.  Дегенмен, тағдыр жолы оны басқа арнаға бұрарын сол кезде білмеген де шығар.  Бақытқа толы отбасында бір ұл, бес қыз өсті. Өмір бойы тергеуші болудыармандаған әкесі «Перзенттерімнің ішінде тергеуші болу сенің қолыңнан келеді» деп сенім артқанда әке тілегінеқарсы тұра алмады.  Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауиатындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен заңгер мамандығы бойынша білім алып,  алғашқы еңбек жолынМақтарал ауданында  бастайды. Шымкент облыстық Ішкіістер департаментінде аса маңызды істер бойынша ағатергеуші қызметіне дейін көтеріледі. Алайда қызметтің беделі болғанымен, тұрмыстың қиындығы жанға батты. Айлық аз, пәтер жалдап күн көру – жас отбасы үшін ауырсынақ екені айтпаса да белгілі.  Кішкентай кезінен батылшешімдер қабылдаудан қаймықпайтын кейіпкеріміз қиындықтан қашатын жан емес еді. Ол жаңа жол іздеді.

ҮНДІСТАНҒА БАСТАЛҒАН САПАР

Ол әу бастан жаны қалай қоймаған қызметін тапсырып,  бизнеске бет бұрды. Трикотаж саудасы, кейін Үндістанның шөптен жасалған дәрілерін сатумен айналысты. Осы сапарлар барысында кейіпкеріміз үнді  медицинасының күш-қуатының күштілігін байқайды. Тағы бірде туыстарынапарып қаратып, нақты нәтижені көрді.  Сол кезде ішкітүйсік «Медицина – сенің жолың» деп сыбырлағандай болды.  Бұл – аяқасты туған ой емес, саналы таңдау еді. «Мен осы елде қаламын» деген шешімді де  компания құрылмай тұрып-ақ қабылдап қойған болатын.

Бүгінде ол – Үндістандағы медициналық туризм саласындатабысты еңбек етіп келе жатқан «Medical Travel» компаниясының негізін қалаушы. Идея авторы – үлкен қызы Сымбат. Анасы мен қызы бірлесіп Instagram парақшасын ашып, үлкен істің іргетасын қалады.  Алғашқы  жылдарыбұл бизнесті жетілдіру оларға оңай болған жоқ. Кейіпкеріміздің сол елдің тілінде сөйлей алмауы да қиындықтар тудырды. Бірақ өмір жолындағы  тергеушіліктәжірибе, зерттеуге бейімділігі бастаған істі тастамай, нәтижесін көруге үйретті.

Гүлжазира Өмірзаққызы  өз табандылығының нәтижесінде әлемге танылған дәрігерлерді ұзақ зерттеп, сараптап, олармен әрпітестік орнатты. Бастапқыда олардың сеніміне кіру оңай болмады. Бірақ ол адал еңбегімен  өзін дәлелдеді. Бүгінде қазақ елінен барған пациенттерді қабылдап алып, олармен елге кеткенше бірге жүретін оның командасытәулік бойы жұмыс істейді.  Қазақ қыздарынан құралған аудармашылар тобын ол  өзі тәрбиеледі. «Пациенттіклиникаға тапсырып кету – біздің жұмыс емес. Біз оныменаяғына дейін  бірге жүреміз» дейді ол.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Кейіпкеріміздің алғашқы ірі серіктестігі Үндістандағы ең беделді клиникалардың бірі –

Apollo Hospitals-пен басталды. Бұл әріптестік компанияның қалыптасуына үлкен серпін берді. Қазір негізгі бағыт – Yashoda Hospitals. Бұл клиниканың ерекшелігі – жоғары технология, тәртіп пен науқасқа жеке көзқарас. Әр пациентке жеке ем жоспары жасалады. Әсіресе, қазақстандықтар үшін қолайлы баға мен сапаның үйлесімі маңызды рөл атқарады.  Дегенмен Apollo-мен байланысүзілген жоқ. Әр науқастың диагнозына, жағдайына қарай шешім қабылданады. Сондықтан кейіпкеріміз ең бастысы  – клиниканың аты емес, нәтижесіне мән бергенді жөн санайды.

ҮНДІСТАН МЕДИЦИНАСЫ НЕГЕ МЫҚТЫ?

Осы сұрақ көп адамды мазалайтыны анық. Бұл сұраққа Үндістан медицинасының бел ортасында жүрген Гүлжазира Өмірзаққызы былай деп жауап берді:

– Біріншіден, ем бағасы өзге елдермен  салыстырғанда әлдеқайда  қолжетімді.  Екіншіден, дәрі-дәрмектің басымбөлігі осы елде өндіріледі. Үшіншіден, дәрігерлердің даярлығы өте жоғары. Олар он жылдан астам уақыт білімалып, үздіксіз тәжірибе жинақтайды. Ең бастысы – адамикөзқарас өте жоғары деңгейде.  Науқастың жасы, ұлты, жағдайы маңызды емес. Әр адамға өз туысындай жанашырлықпен қарайды. Пациенттердің басым бөлігі – онкологиялық диагнозбен келетіндер. Қазақстандықтар көбіне асқазан, сүт безі, өкпе обыры сияқты ауырдиагноздармен жүгінеді. Үндістан онкология саласындазаманауи химиотерапия, таргеттік терапия, роботтандырылған хирургия әдістерін кеңінен қолданады. Кей жағдайларда Қазақстанда «үміт аз» делінгеннауқастардың өзі ремиссияға шығып, жаңа өмір бастаған сәттер аз емес. Жылап келген пациенттің күліп қайтқанына қатты қуанамын. Сондықтан ауырып ем іздеген адамдархалықтың сеніміне ие болған, заң талаптарына сай қызмет көрсететін беделді компанияларға жүгінгені жөн, –   дейдіГүлжазира ханым.

Бұл салада ең ауыры – сенім. Жаны қиналған адам өз өмірін алдымен Аллаға, сосын кейіпкеріміз бен оның командасынааманаттап келеді.  Гүлжазира Өмірзақызы да өз тарапынанадамдар аманатына адал болуға тырысады.  Өмір болған соң, кей жағдайда кездесіп жататын қиындықтар да оның алға қадам басуына кедергі болған емес.  «Мен қиындықтан қашпаймын. Бүгін қиындық болса, ертең сәттілік болады» дейді ол. Бұл оның өмірлік ұстанымы.   Бес баланың анасы, балдай тәтті немерелерінің әжесі атанған кейіпкерімізжүздеген отбасының үзіліп бара жатқан үмітін қайта жалғады. Қаншама шаңырақтың сөніп бара жатқан сәулесін қайта жағып, жүздеген адамның ақ батасын алып, алғысына бөленді.   Оның айтуынша, пациенттің сауығып қана қоймай, өмірге деген сенімінің қайта оралуынан асқан қымбат дүние жоқ. Бұл өмір жалғасады деген сөз.

Көпшілік Үндістанға барудан қорқады.  Халықтың біразынтіл, мәдениет, сапа мәселесі алаңдатады. Бірақ кейіпкеріміздің тәжірибесі көрсеткендей, дұрыс ұйымдастырылған емдеуде еш қауіп жоқ.  «Шетелдеемделуден қорықпаңыздар.  Ең бастысы – уақыт жоғалтпау» дейді ол.

ГҮЛЖАЗИРА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАННАН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЕҢ МЫҚТЫ ДӘРІГЕРДІ ТАУЫП БЕРУ ҮШІН БАРЫН САЛАДЫ. ӨЗІНІҢ БАЛА КҮНГІ ОРЫНДАЛМАҒАН АРМАНЫ АДАМДАРДЫҢ  ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАНДАЙ.   ОЛ ХИРУРГ БОЛА АЛМАДЫ. БІРАҚ ОЛ – АДАМДАРДЫҢ ӨМІРГЕ ҚАЙТА ОРАЛУЫНА ДӘНЕКЕР БОЛЫП ЖҮР.  БҰЛ – ОНЫҢ НЕГІЗГІ МИССИЯСЫ.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында жалпыоблыстық сенбілік аясында 8 мың ағаш егілді

Келесі жаңалық

ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»

ЖАНСАЯ МУСИНА: «САХНАҒА ШЫҒАРДА ӘЛІ КҮНГЕ ҚАТТЫ ТОЛҚИМЫН»

Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген «трихобезоар» науқасына сәтті операция жасады

Алматыда балалар хирургтары үшінші мәрте қайта түзілген "трихобезоар" науқасына сәтті операция жасады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ресейдің бірнеше өңірі «Мәңгілік полк» шеруін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Ресейдің бірнеше өңірі «Мәңгілік полк» шеруін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

23 апреля, 2025
Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5314 адам тіркелді

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 546 адам тіркелді

17 декабря, 2021
Алматыда дәрігерлер бас миына жоғары технологиялық операция жүргізді

Алматыда дәрігерлер бас миына жоғары технологиялық операция жүргізді

30 ноября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.