---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/02/flyarystan-inklyuzivti-ortany-damytu-bastamalaryn-%d2%9boldajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan инклюзивті ортаны дамыту бастамаларын қолдайды

![FlyArystan инклюзивті ортаны дамыту бастамаларын қолдайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/img_7248.jpeg)

**Қазақстандық лоукостер FlyArystanДүниежүзілік аутизм туралы ақпарат таратуайыныңаясында бірқатар бастамаларды қолдайды.**

Әуекомпания 4 сәуір күні Астанада өтетін жыл сайынғы Autism Talks кездесуінің логистикалық серіктесі болады. Іс-шара диалог жүргізуге, ата-аналарды қолдауға және сарапшылардың баяндамаларына арналған ашық алаңға айналады.

Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры:

«FlyArystan үшін тек қолжетімді әуе тасымалдаушы болу ғана емес, сонымен қатар қоғамның жауапты мүшесі болу даерекшемаңызды. Инклюзивті бастамаларды қолдау –біздіңкорпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы тұрақты жұмысымыздың бір бөлігі. Біз инклюзивті ортаны дамытуға және адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты нәтижеге ие жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Әуекомпания ретінде біздің рөліміз тек қалаларды байланыстыру ғана емес, адамдардың бір-біріне жақын болуына ықпал ету деп білеміз».

FlyArystan сондай-ақ «Bolashak Charity» қоғамдық қоры ұйымдастыратын жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жүгіру шарасыныңсеріктесі болады. Бұл жоба халықаралық қозғалыстың бір бөлігіболып, кәсіби спортшыларды, даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерді, олардың отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі жандарды және барлық ниет білдірушілерді біріктіреді.

Төртінші жыл сайынғы жүгіру2026 жылғы 26 сәуірде Астана қаласындағы Ботаникалық бақта өтеді. Қатысушыларға 1-ден 10 км-ге дейінгі төрт қашықтық, сондай-ақ инклюзивті белсенділікойындарымен сыйлықтар ұтысы ұсынылады. Сыйлықтар қатарында Астана – Батуми – Астана бағыты бойынша әуебилеттеріне сертификаттар бар. Сонымен қатар,әуекомпания қор қамқорлығындағы балалар мен оларды ертіп жүретін тұлғаларды Қазақстан өңірлерінен жүгіругеқатысу үшін тегін тасымалдайды.

Динара Гаплан, «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы:

«10 жылдан астам уақыт бойы Bolashak Charity қоры Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытында – инклюзияны қолдау кабинеттерін ашудан бастап, мамандарды даярлау мен заңнамалық деңгейдегі өзгерістерді енгізуге дейінжұмыс істеп келеді. Бүгінде қор моделі бойынша елімізде 1 500-ден астам инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді, ал жобаларымыз мыңдаған отбасылардықамтыды. Сәуір айы біз үшін ерекше кезең. Біз оны ата-аналар мен мамандарға арналған ашық диалог алаңы – Autism Talks іс-шарасымен бастап, мыңдаған қатысушыларды біріктіретін Run for Autismқайырымдылық жүгіруімен аяқтаймыз. Бизнестің, соның ішінде FlyArystan секілді серіктестердің қолдауы бізге аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдердің мүмкіндіктерін, оның ішінде кәсіби білім алу және әлеуметтік бейімделу бағытында кеңейтуге мүмкіндік береді».

Қайырымдылық жобаларын қолдау FlyArystan-ның инклюзивті ортаны дамытудағы практикалықұстанымынкөрсетеді. Бұған дейінәуекомпания «BI Жұлдызай», «Особые праздники», «Территория успеха», Heart Center Foundation, Menin Armanym және «Наследие» қорларымен бірлесіп медициналық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырған.

FlyArystanтуралы:

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры туралы:

Bolashak Charity –2011 жылы құрылған қазақстандық коммерциялық емес ұйым. Қор 15 жылдан бері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, дарынды жастарды дамыту, аутизм және басқа да менталдықауытқуларыбар балалар үшін инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Bolashak Charity ҚР Парламенті Сенаты, «AMANAT» партиясы және министрліктер жанындағы инклюзияны дамыту жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болып табылады.

---

Жарияланды: 2026-04-02T07:43:10+06:00

Жаңартылды: 2026-04-02T07:43:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/02/flyarystan-inklyuzivti-ortany-damytu-bastamalaryn-%d2%9boldajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.