Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Бейбіт Исабаев кезектегі азаматтарға тұрғын үйлердің кілттерін тапсырды

admin by admin
2 апреля, 2026
Бейбіт Исабаев кезектегі азаматтарға тұрғын үйлердің кілттерін тапсырды

Бүгін Жетісу облысының орталығында 55 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңа баспаналардың кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Қоныс иелерін құттықтаған өңір басшысы әр отбасының өз баспанасының болуы олардың өмір сүру сапасына оң әсер ететінін атап өтті.

— Бүгін «Жастар-3» тұрғын алабында жер үйлердің кілтін тапсырғалы отырмыз. Бұл үйлердің алдында 5-6 сотық жері бар. Оған бау-бақша егіп, пайдаланатын боласыздар. Электр жарығы, суы, газы тартылған. Жолдарды асфальттау жұмыстары аяқталуға жақын. Автобус маршрутын да жүргіземіз. Үлкен мектеп, фельдшерлік акушерлік пункт, саябақ салынады. Сөйтіп бұл тұрғын алап жайлы коттедж қалашығына айналады, — деген Б. Исабаев азаматтарға үйлердің кілтін тапсырды.

Жаңа қонысқа ие болғандардың бірі Лейла Алексеева:

— Мен балалар үйінде тәрбиелендім. 2013 жылдан бері «жетім балалар» санатында кезекте тұрдым. Бүгін көптен күткен үйіме қол жеткізіп отырмын. Қазір үш балам бар, олар да қуанып жатыр. Оған қоса алдыңғы және былтырғы жылдары менің туған бауырларым да үйлі болды. Бізге көрсеткен қамқорлығы үшін мемлекетке ризамыз, — деді ол.

Бүгін баспаналы болғандардың тағы бірі көп балалы ана Әсел Байтұманова да қуанышын жасырмады:

— Өзім шаштараз болып жұмыс істеймін. Бес балам бар. Балаларымның 4-еуі мектепте оқиды. Олар қаланың әр мектебінде оқып жүр. Кілт беру салтанатында болашақта мұнда жаңа білім ошағы салынатынын естіп, қуанышымыз еселене түсті — деді ол.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сол сияқты осы күні қуанышқа кенелгендер арасында көп балалы әке Азамат Мырзағалиұлы да бар:

– Жасым 46-да. Зайыбым екеуміз 5 бала тәрбиелеп өсіріп отырмыз, олардың алды 20 жаста, кішісі – 10-да. Үй алу кезегіне 2017 жылы тұрғанбыз, баспанаға бүгін қол жеткіздік. Жаңа үйге жақын күндерде көшіп келеміз. Біраз уақыт осы үйлердің құрылыс жұмысында істедім. Үйлердің шатырын жауып, сыртын қаптадық. Баспана сапалы салынғанына өзім куә болған едім, енді бүгін осы ауданның тұрғыны атанып жатырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Балаларымыздың несібесі деп білемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді А. Мырзағалиұлы.

Атап өтсек, Талдықорған қаласындағы бұл «Жастар-3» тұрғын алабында жобаға сәйкес 790 жеке тұрғын үй салу жоспарланған, соның 309-ының құрылысы аяқталған. Соның ішінде бүгінгі үйлерді қосқанда 166 үй пайдалануға берілді. Қазіргі кезде тағы 250 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ісі де қатар жүргізілуде.  Аталған ауданда 1200 орынды мектеп, фельдшерлік-амбулаториялық пункт, учаскелік полиция пукті, спорт кешені салынады, сол сияқты саябақ пен аллея абаттандырылады. Аталған нысандардың бірқатарының жобалық құжаттары дайындалуда.

Жалпы, өткен жылы қалада 630-дан астам адам жаңа қонысқа ие болса, жыл соңына дейін шамамен 1 400 тұрғынды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығында 20 000-нан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

Келесі жаңалық

Samsung BTS WORLD TOUR ‘ARIRANG’ турнесіне Galaxy көмегімен қолдау көрсетеді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Samsung BTS WORLD TOUR ‘ARIRANG’ турнесіне Galaxy көмегімен қолдау көрсетеді

Samsung BTS WORLD TOUR ‘ARIRANG’ турнесіне Galaxy көмегімен қолдау көрсетеді

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында жалпыоблыстық сенбілік аясында 8 мың ағаш егілді

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында жалпыоблыстық сенбілік аясында 8 мың ағаш егілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда қанша мектеп күзетінде лицензиясы бар екені анықталған

Қазақстанда қанша мектеп күзетінде лицензиясы бар екені анықталған

14 февраля, 2023
Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

6 мая, 2024
Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді

Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді

10 мая, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.