---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/04/02/almatyda-teer-tehnologiyasy-bojynsha-zhetekshi-haly%d2%9baraly%d2%9b-sarapshyny%d2%a3-%d2%9batysuymen-biregej-operacziyalar-zhasaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

![Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/04/b25ec730-4a9c-4f5a-a6ba-60a0183b44c7.jpeg)

**Қазақстанда клиникалық дағдыларды дамыту және жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің озық технологияларын енгізу шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологтары халықаралық сарапшы Dr.İsmail Ates, MD — Associate Professor of Cardiology Bahcesehir Universityқатысуымен митралдық жетіспеушілікті емдеудің заманауиәдістері бойынша бірегей операция жасады.**

Іс-шара барысында институттың медициналық командасы заманауи Dragonfly жүйесін пайдалана отырып, TEER («шетінен шетіне дейін» митралды қақпақшаны транскатетерлік қалпына келтіру) әдістемесі бойынша 4 жоғары технологиялық операцияны сәтті өткізді.

27 жастағыпациенттіқалыпты дене жүктемесі кезінде (2-қабатқа көтерілгенде), жүрек соғуының жиілігі, бас айналу, жалпы әлсіздікмазалаған.Оғанжүре пайда болған жүрекқызметінің  кемістігі, 3 ст. митралды жетіспеушілік, трикуспидалды қақпақшаның жетіспеушілігі, дилатациялық кардиомиопатия диагнозықойылды. Айқын митралдық регургитацияны, сол қарыншаның төмен фракциясын (небәрі 27%) және ашық хирургиялық араласудың жоғарықаупінескере отырып, клиника дәрігерлерінің консилиумы митралдық қақпақшаны эндоваскулярлық клиптеу операциясын жүргізу туралы шешім қабылдады.

TEER әдістемесі ауыр митральдырегургитацияның ауыр түрібар пациенттердеқолданылады, бұл жағдайда митральды қақпақша жапырақшалары дұрыс жабылмай, қанның кері ағысына әкеледі.

65 жастан асқан адамдардың 10%-дан астамы митральды жетіспеушіліктің орташа немесе ауыр түрінен зардап шегеді және көптеген пациенттер үшін операцияқаупіжоғары болуынан хирургиялық емдеу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда транскатетерлік технологиялар емдеудің жалғыз тиімді нұсқасына айналады.Процедурааз инвазивті тәсілмен орындалады және араласудың жоғары дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 3D-визуализациямен өңеш арқылы жасалатынэхокардиографияның бақылауымен жүргізіледі.

«Мұндай білім беру клиникалық іс-шаралары практикалық дағдыларды жетілдіруге, клиникалық тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды енгізуге және көмек сапасын арттыруға бағытталған. Олар теорияның практикамен байланысын қамтамасыз етіп, дәрігерлерге кәсіби құзыреттілігінарттыруға мүмкіндік береді», — дейдіинституттыңБасқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Рентгенэндоваскулярлық оперблоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, мұндай операциялардан кейін пациенттер тез сауығып, бірнеше күннен кейін үйлеріне шығарылады. Оларда өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, демігу азаяды, дене жүктемесіне төзімділік артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді».

Барлық 4 операция сәтті өтті, науқастар өздерін жақсы сезінуде.

---

Жарияланды: 2026-04-02T05:25:51+06:00

Жаңартылды: 2026-04-02T05:25:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/04/02/almatyda-teer-tehnologiyasy-bojynsha-zhetekshi-haly%d2%9baraly%d2%9b-sarapshyny%d2%a3-%d2%9batysuymen-biregej-operacziyalar-zhasaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.