Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

admin by admin
2 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

Біріккен Ұлттар ұйымы деректеріне сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орынға шықты. Орташа жас – 75,4. Бұл – еліміз үшін тарихи ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты. Министрдің мәліметінше, еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген міндетті мерзімінен бұрын орындаған. Атап айтқанда, жұқпалы емес аурулардан ерте қайтыс болу деңгейі 25%-ға төмендеген. Осылайша, Қазақстан өңірде осы көрсеткішке бірінші болып қол жеткізген ел атанды.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

«Ең сезімтал көрсеткіштер бойынша да айтарлықтай өзгерістер бар. 2022 жылдан бері ана өлімі 35%-ға, нәресте өлімі 22%-ға төмендеп, тарихи ең төмен деңгейге жетті. ЮНИСЕФ бағалауы бойынша Қазақстан жаңа туған нәрестелер өлімін азайтуда өңірдегі көшбасшы ел ретінде танылды.» ,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Азаматтардың денсаулығы — мемлекеттік саясаттың басты бағдары

Соңғы жылдары медицина саласындағы реформалар оң нәтижесін беріп отыр. Халық нақты өзгерістерді сезіне бастады, әсіресе өңірлерде медициналық көмек қолжетімді бола түсті.  Министрдің айтуынша, өткен жеті жылда ел бойынша 1250-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның 800-ден астамы соңғы үш жылда пайдалануға берілген. Ауылдық жерлерге ерекше назар аударылып, ұлттық жоба аясында 655 нысан іске қосылды.

Маңыздысы – бұрын 200-ден астам ауылдық елді мекенде мүлде медициналық пункт болмаған. Енді шамамен бір миллион ауыл тұрғыны медициналық көмектің қолжетімділігіне ие болды. Бұл көптеген жылдар ішінде алғаш рет медициналық инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар кадр мәселесі де шешілуде. Өңірлерге жас мамандар тартылуда, олар үшін 8,5 млн теңгеге дейін көтерме төлемдер, тұрғын үй және жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Бұл ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығын шамамен үштен біріне азайтуға мүмкіндік берді, деп ведомство басшысы атап өтті.

Медициналық көмекке қолжетімділік артты

Министрдің айтуынша, қазір басты назар – медициналық қызметті қолжетімді әрі жедел етуге бағытталған. Скринингтер кеңейтілді. Атап айтқанда, 76 жасқа дейінгі азаматтар арасында инсульт қаупін анықтауға арналған жаңа скрининг енгізілді. Онкологиялық тексерулер кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне енгізіліп, шамамен 300 мың адамды қосымша қамтуға мүмкіндік берді. Дәрігер қабылдау уақыты ұлғайтылды, онлайн жазылу енгізілді, пациент маршруттары оңтайландырылды. Нәтижесінде қабылдауды күту уақыты екі аптадан 2–3 күнге дейін қысқарды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Дәрі-дәрмек арзандайды: жаңа жүйе енгізілді

Ведомство дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру жүйесін реформалауды аяқтады. Шекті бағаларды реттеудің жаңа механизмі ең жиі қолданылатын 5 мыңға жуық препаратты қамтыды. Бұл – вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған және асқазан-ішек жолдарын емдеуге арналған дәрілер. Жаңа механизм дәрілер бағасының негізсіз өсуін тежеуге, нарықтың ашықтығын және әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – пациенттердің қаржылық жүктемесін азайтады.

Нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сатып алынатын дәрілер орта есеппен 15%-ға арзандады. Дәріханаларда баға 26%-ға дейін төмендеді. Бұл мемлекет пен азаматтар үшін елеулі үнем әкелді ,- дейді Ақмарал Әлназарова.

Отандық дәрі-дәрмек өндірісі 37%-ға ұлғайды

Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестициялар 2,3 есеге артты, экспорт көлемі екі есеге жуық өсті. Нарық көлемі 1,28 трлн теңгеге жетті, ал отандық дәрі-дәрмек өндірісі 37%-ға ұлғайды. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, онкология, қант диабеті және басқа ауруларды емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, дәрінің 400-ден астам түрін шығару бойынша 316 млрд теңгеге инвестициялық келісімдер жасалды. Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан реформалар нақты нәтижелер беруде. Ең бастысы – пациент. Әрбір қазақстандық қауіпсіз, тиімді және уақтылы медициналық көмек алуы тиіс. Біздің барлық жұмысымыз дәл осы мақсатқа бағытталған.

Биыл медициналық көмек көрсетуге шамамен 2,6 трлн теңге бөлінеді 

Медициналық көмекті қаржыландыру жыл сайын артып келеді, 2026 жылы медициналық қызметтерді сатып алуға шамамен 2,6 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражат медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, ұйымдардың тұрақтылығын күшейтеді. Сонымен қатар, қаражатты тиімді пайдалану бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2024–2025 жылдары халық арасында ең сұранысқа ие медициналық қызмет түрлері мен бағыттары айқындалып, оларға басымдық берілді. Нәтижесінде 426 қызметтің тарифі жаңартылды. Бұл – жалпы тарифтердің 70%-ы.

1 қаңтардан бастап гастроэнтерология, нефрология, кардиология, неврология, пульмонология, эндокринология, жұқпалы аурулар және басқа да негізгі бағыттар бойынша тарифтер артты. Бұл медициналық ұйымдарға ең қажетті аурулар бойынша көмектің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, тарифтерді, төлем механизмдерін және медициналық көмек көрсету стандарттарын қайта қарау нәтижесінде 2024 жылы 204 млрд теңге, 2025 жылы 152 млрд теңге оңтайландырылды. Бұл қаражат ең сұранысқа ие медициналық қызметтерді қаржыландыруға бағытталды.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар жүйедегі өзгерістердің тек қаржылық емес, сонымен қатар пациенттер үшін нақты сезілетін болуын қамтамасыз етуге бағытталған – яғни мамандандырылған көмектің қолжетімділігі, өңірлерде бөлімшелердің қайта ашылуы және медициналық қызмет сапасының артуы. Бұл өзгерістердің бірқатарын пациенттер қазірдің өзінде сезіне бастады, ал жоспарланған реформалар жүзеге асқан сайын олардың әсері күшейе түседі, деді Денсаулық сақтау министрі.

Педиатриялық көмекті қысқартылмайды

Министр педиатриялық көмектің қысқартылмайтынын жеткізді. Керісінше, 366 жаңа педиатриялық бөлімше және ерте араласу орталықтары ашылды. Диагностика күшейтіліп, баланы сүйемелдеудің мультидисциплинарлық моделі енгізілді. Қазірдің өзінде оң нәтиже байқалады, деді ведомство басшысы. Мысалы, нәресте өлімі тарихи ең төмен деңгейге түскен. Үй жағдайында балалар өлімі 22%-ға азайып, бұзылыстарды ерте анықтау 20%-дан астам өскен.

Дәрігерлерді қолдау жалғасады

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының тұрақты қолдауының арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп келеді. Биылдан бастап инфекциялық қызмет, эпидемиологтар және жедел жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемақылар енгізілді, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі енгізілді, дәрігерлердің құқықтық қорғалуы күшейтілді. Сонымен бірге, медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Өңірлерде қолдау шаралары қарастырылған: оқыту, халықаралық тағылымдамалар, әлеуметтік қолдау. Нәтижесінде дәрігер тапшылығы жалпы ел бойынша шамамен 20%-ға, ауылдық жерлерде 26%-ға азайды, деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда патронаж қызметін дамыту бойынша ЮНИСЕФ кеңесі өтіп жатыр

Келесі жаңалық

Бейбіт Исабаев кезектегі азаматтарға тұрғын үйлердің кілттерін тапсырды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Бейбіт Исабаев кезектегі азаматтарға тұрғын үйлердің кілттерін тапсырды

Бейбіт Исабаев кезектегі азаматтарға тұрғын үйлердің кілттерін тапсырды

Samsung BTS WORLD TOUR ‘ARIRANG’ турнесіне Galaxy көмегімен қолдау көрсетеді

Samsung BTS WORLD TOUR ‘ARIRANG’ турнесіне Galaxy көмегімен қолдау көрсетеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Huawei мен «Самұрық-Қазына» цифрлық трансформация саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Huawei мен «Самұрық-Қазына» цифрлық трансформация саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

18 июня, 2025
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласына локдаун енгізіледі

15 марта, 2021
Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

22 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.