Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

admin by admin
1 апреля, 2026
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

2026 жылғы наурызда айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады, ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады. Баға өсімінің баяулауы барлық құрамдас бөліктерде де байқалды: азық- түлік тауарларының бағасы 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті. 

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Азық-түлік арасында бір ай ішінде баға қиярға – 22,6%, пиязға – 10,9%, қызанаққа – 2,6%, қырыққабатқа – 1,9%, қарақұмық жармасына – 1,2%, шоколадқа бөккен кәмпиттерге – 0,9% төмендеді. Бұл орайда баға тәтті бұрышқа – 10,7%, бананға – 5,4%, қызылша мен сәбізге – 4,2%-дан, майлылығы 2-3% айранға – 2,3%, балға – 1,8%, қантты печенье мен сиыр бауырына – әрқайсы 1,3%-дан өскен.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш бағасы 8,2%, үтік – 7,7%, смартфон – 2,7%, автомобильдер – 2,3%, әйелдер сөмкесі – 2,1% төмендеген. Бағаның өсуі алтын сақина, ас үй пеші – 5,5%, теледидар – 4,1%, сымсыз құлаққаптар – 2,2, корвалол – 1,7%, қолға жағатын крем – 1,4%, цементке – 1,3% байқалды. Қызметтер арасында бассейнге бару (абонемент) бағасы 3,3%, электрик қызметтері – 2,1%, кариесті емдеу – 1,6%, қалааралық автобуста жол жүру – 1,1%, автомектепте оқу курстары 0,8% өскен.

Жылдық инфляция мәні 2026 жылдың наурызында 11% құрады және ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10% өскен. Жылдық мәнде қияр бағасы 40,9%, қызанақ 16,5%, баклажан 14,8%, күріш 5% арзандаған. Керісінше бір жыл ішінде алма 13,5%, сұлы 12,9%, кеспе 12%, қара шай 6,7% қымбаттаған.

2025 жылдың наурызымен салыстырғанда сусабынның бағасы 13,9%, кір сабын – 7,3%, жайма дастархан – 6,5%, тұсқағаз – 3,3%, бөлме өсімдіктері – 3,2% өскен. Қызметтер арасында сәлемдемелерді жеткізу бойынша курьер қызметінің бағасы 14,3%, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер – 10,8%, теледидарды жөндеу – 7%, балаларды дамыту орталықтарының қызметтері – 6,9% қымбаттаған.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Келесі жаңалық

Alatau City Garant Астанада маршруттық автобуспен болған ЖКО-дан кейін каско бойынша 46,5 миллион теңге төледі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Alatau City Garant Астанада маршруттық автобуспен болған ЖКО-дан кейін каско бойынша 46,5 миллион теңге төледі

Alatau City Garant Астанада маршруттық автобуспен болған ЖКО-дан кейін каско бойынша 46,5 миллион теңге төледі

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мағзұм Мырзағалиев Президентке браконьерлермен күрес жайлы баяндады

Мағзұм Мырзағалиев Президентке браконьерлермен күрес жайлы баяндады

27 мая, 2021
Қарағандыда балалардың жаппай улануы: бүгін тағы екі бала ауруханадан шығады

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: бүгін тағы екі бала ауруханадан шығады

3 августа, 2023
Мұнай кен орындарын барлау жұмыстары өте мардымсыз — депутат сынға алды

Мұнай кен орындарын барлау жұмыстары өте мардымсыз — депутат сынға алды

25 ноября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.