---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/26/alaya%d2%9bty%d2%9b-%d3%a9nerge-ajnal%d2%93an-kezde-moshenniki-2-ntk-telearnasynda%d2%93y-televiziyaly%d2%9b-premera-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алаяқтық өнерге айналған кезде: «Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера

![Алаяқтық өнерге айналған кезде: «Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/872e25cb-c790-47f0-82de-21f2238c5637.jpeg)

> **«Мошенники 2» сериалысюжет желісінесуыққанды қылмыскер Дамирдің оқиғаларынегіз болғанавантюралық-шытырман хикаяның жалғасы.**

Ол түрлі алаяқтық схемаларды ойластырып,әрқашан бірнеше қадам алда әрекет етеді. Екінші маусымда оқиға Түркияда өрбиді. Мұнда басты кейіпкер ТМД елдерінің тұрғындарына түрік жылжымайтын мүлкін сатуға байланысты ауқымды алаяқтықты жүзеге асырады. Шетелдегі істерін аяқтаған соң, Дамир отанына оралып, тарихтағы ең ірі әрі батыл алаяқтық схемалардың бірін жүзеге асыру үшін командасын қайта жинайды.

Хикаяның жалғасында көрермендерді не күтеді?Режиссёр Олжас Нұрбайбылай дейді:«Біздің алдымызда тек сапалы сериал түсіру ғана емес, сонымен қатар алаяқтықтың алдын алуға өз үлесімізді қосу міндеті тұрды. Сондықтан бізәрдайым ізденісте болып, жобада ең өзекті алаяқтық схемаларды көрсетеміз. “Мошенники» екінші маусымдаауқымдырақ бола түседі – басты кейіпкез халықаралық деңгейге шығады».

«Мошенники» сериалы алғаш рет эфирге 2023 жылы шығып, тек Қазақстанда ғана емес,шетелдіктерарасында даүлкен танымалдыққа ие болды. Бұған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Украина және Беларусь елдеріндегі көрермендердің жоба авторларына алғыс білдіріп қалдырған көптеген пікірлері дәлел. 2024 жылы «Мошенники» сериалы ұлттық телевизиялық «Тұмар» сыйлығының «Жылдың үздік сериалы» номинациясында жеңімпаз атанды.

«Мошенники 2» сериалының жалғасы 2026 жылдың қаңтар айында интернетте жарияланып, бірден көрермендердің назарын аударды. Алғашқы күндері YouTube платформасында төрт серия 9,4 миллионнан астам қаралым жинады және бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді. Жобаның TikTok желісіндегі аккаунтында 297,2 мың жазылушы бар, ал Instagram-да 131 мыңнан астам адам жазылған. Қазірдің өзінде бұл жобаның true crime («шынайы қылмыс») жанрындағы танымал сериалдардың қатарында үздік депсеніммен айтуға болады.

Басты рөлдерде: Рүстем Омаров, Фариза Ескермес, Азамат Нигманов, Ақылхан Алмасов, Ернар Себетов, Самал Нұрбаева.

Көптен күткен телевизиялық премьера 26 наурыз күні НТК телеарнасында өтеді.

---

Жарияланды: 2026-03-26T07:11:59+06:00

Жаңартылды: 2026-03-26T07:11:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/26/alaya%d2%9bty%d2%9b-%d3%a9nerge-ajnal%d2%93an-kezde-moshenniki-2-ntk-telearnasynda%d2%93y-televiziyaly%d2%9b-premera-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.