---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/23/zhas-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-m%d3%a9ldir-b%d2%b1la%d2%9b-respublikaly%d2%9b-akcziyasyna-%d2%9batysuda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

![Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/img_7170.jpeg)

**Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келді.**

Шараның мақсаты – су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда.

Маңғыстау облысының студенттері де Каспий теңізінің жағалауында өткен акцияға атсалысты. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтеді.

Айта кетейік, алдағы бір ай ішінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.

---

Жарияланды: 2026-03-23T10:47:14+06:00

Жаңартылды: 2026-03-23T10:47:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/23/zhas-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-m%d3%a9ldir-b%d2%b1la%d2%9b-respublikaly%d2%9b-akcziyasyna-%d2%9batysuda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.