---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/18/zhajymbetov-elektrondy%d2%9b-saudany%d2%a3-damuy-ekologiyaly%d2%9b-zhauapkershilikpen-%d2%9batar-zh%d2%afrui-tiis/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жайымбетов: Электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс

![Жайымбетов: Электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/7fwryyk7.jpg)

**Қазақстан****Республикасы****ның****Премьер-****М****инистр****і О.А.Бектеновке**

**ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ**

**Құрметті Олжас Абайұлы!**

Елімізде жүргізіліп жатқан **реформалар аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз** ету мәселесіне ерекше мән берілуде**. Жаңа Конституция****да** қоғамның басты сұраныстарының бірі — **адам өмірі мен денсаулығына қолайлы орта** қалыптастыру, **табиғатқа жанашырлықпен қарауды** іргелі қағидат ретінде орнықтыру. Аталған ұстаным **экологиялық қауіпсіздікті** мемлекеттің стратегиялық **басымдығы** ретінде айқындап, табиғатты **қорғау ісін** жаңа деңгейде **жүйелі жаңғыртуға** мүмкіндік береді.

Осы бағытта **Мемлекет басшысы** бастамашылық еткен **Таза Қазақстан жалпыұлттық бастамасы** қоғамда экологиялық **мәдениетті қалыптастыруға** және табиғатты аялау **жауапкершілігін арттыруға бағытталған** маңызды бастамаға айналды. Аталған бастаманы іске асыруда **AMANAT партиясы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар** жүргізіп отыр.

Соңғы жылдары **электрондық сауда экономиканың маңызды сегментіне айналып, онлайн-платформалар арқылы сауда жасау** кең тарады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, **2025 жылы электрондық саудаға** қатысты **18 237 өтініш тіркеліп**, бұл сала тұтынушылық **қатынастардың маңызды бөлігіне айналғанын** көрсетеді. **Онлайн — сауданың кеңеюі** бір жағынан **халыққа үлкен қолайлылық әкелсе**, екінші жағынан **экологиялық мәселелерді де алға** шығарып отыр. **Оған бірнеше себеп бар.**

**Біріншіден,** тауарды зақымданбай жеткізу **үшін пластик, пленка, картон секілді** көптеген **«шығын материалдары»** қолданылады. **Жеткізілгеннен кейін олардың басым бөлігі қоқысқа** тасталады. Нәтижесінде **тұрмыстық қатты қалдықтар құрамындағы қаптама үлесі артып, полигондарға түсетін жүктеме жылдан — жылға** көбейіп келеді.

**Екіншіден,** жеткізу процесі **көптеген көлік тасымалдарын талап** етеді. Әлемдік зерттеулерге сәйкес, **жүк пен тауар тасымалы көмірқышқыл газы бөлінуі шамамен 24 пайызын құрайды**, оның ішінде негізгі үлес **жеңіл және жүк көліктеріне** тиесілі.

Сонымен қатар, елімізде **жыл сайын 4,5****— 5****миллион тоннадан** астам коммуналдық **қалдық түзіледі**, ал қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2025 жылы шамамен **2****8****пайызды** ғана құрады. Бірқатар өңірлерде мәселенің күрделене түсуі сұрыптау **инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен** және **бизнестің қаптама көлемін** азайтуға немесе **қайта пайдаланылатын ыдыс жүйесін** дамытуға экономикалық **ынталандырудың әлсіздігімен** байланысты.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, **маркетплейстерде жеткізудің соңғы кезеңінде электр көліктерін пайдалану көміртегі бөлінуі азайтуға** тиімді болып отыр. Мысалы, **бірқатар елдерде маркетплейстер қаптамаларды өздері** қайта өңдеп, қайта **пайдаланылатын орау жүйесін енгізу арқылы экологиялық жауапкершілікті күшейтіп** келеді. Ал елімізде мұндай **тәжірибе әлі де кеңінен енгізуді**қажет етеді.

Сондықтан **электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен** қатар жүруі тиіс. Табиғатты қорғау — **тек мемлекеттің ғана емес**, **бизнес пен қоғамның да ортақ міндеті**.

 

 

 

Осыған байланысты **электрондық сауда саласының қарқынды** дамуын ескере отырып, **экологиялық жүктемені азайту** және **қалдықтарды тиімді басқару** мақсатында мынадай **нақты ұсыныстарды қарастыруды** ұсынамыз:

**Біріншіден.** Электрондық саудада қолданылатын **бір реттік қаптаманы** қысқарту бойынша **нақты нормативтік талаптар** енгізіп, қайта пайдаланылатын әрі **экологиялық қауіпсіз** қаптама үлесін кезең-кезеңімен арттыру.

**Екіншіден.** **Ірі онлайн****—****платформалар** мен **жеткізу компаниялары** үшін **қаптама қалдықтарын** жинау және **қайта өңдеу бойынша кеңейтілген экологиялық жауапкершілік механизмін** енгізу.

**Үшіншіден.** Ірі қалаларда қайтарымды **контейнерлер, жәшіктер және көп рет қолданылатын** қаптама жүйесін енгізуге арналған пилоттық жобаларды іске қосу.

**Төртіншіден.** **Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту** мақсатында өңірлерде заманауи **сұрыптау кешендерін** көбейтіп, осы салаға **инвестиция тарту** үшін экономикалық **ынталандыру шараларын** күшейту.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

**Құрметпен, «AMANAT» партиясының Фракциясының депутаттары                                        **

---

Жарияланды: 2026-03-18T11:43:44+06:00

Жаңартылды: 2026-03-18T11:43:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/18/zhajymbetov-elektrondy%d2%9b-saudany%d2%a3-damuy-ekologiyaly%d2%9b-zhauapkershilikpen-%d2%9batar-zh%d2%afrui-tiis/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.