Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жайымбетов: Электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс

admin by admin
18 марта, 2026
Жайымбетов: Электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А.Бектеновке

Байланысты

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Олжас Абайұлы!

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілуде. Жаңа Конституцияда қоғамның басты сұраныстарының бірі — адам өмірі мен денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды іргелі қағидат ретінде орнықтыру. Аталған ұстаным экологиялық қауіпсіздікті мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындап, табиғатты қорғау ісін жаңа деңгейде жүйелі жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Осы бағытта Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Таза Қазақстан жалпыұлттық бастамасы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты аялау жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Аталған бастаманы іске асыруда AMANAT партиясы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр.

Соңғы жылдары электрондық сауда экономиканың маңызды сегментіне айналып, онлайн-платформалар арқылы сауда жасау кең тарады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы электрондық саудаға қатысты 18 237 өтініш тіркеліп, бұл сала тұтынушылық қатынастардың маңызды бөлігіне айналғанын көрсетеді. Онлайн — сауданың кеңеюі бір жағынан халыққа үлкен қолайлылық әкелсе, екінші жағынан экологиялық мәселелерді де алға шығарып отыр. Оған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, тауарды зақымданбай жеткізу үшін пластик, пленка, картон секілді көптеген «шығын материалдары» қолданылады. Жеткізілгеннен кейін олардың басым бөлігі қоқысқа тасталады. Нәтижесінде тұрмыстық қатты қалдықтар құрамындағы қаптама үлесі артып, полигондарға түсетін жүктеме жылдан — жылға көбейіп келеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Екіншіден, жеткізу процесі көптеген көлік тасымалдарын талап етеді. Әлемдік зерттеулерге сәйкес, жүк пен тауар тасымалы көмірқышқыл газы бөлінуі шамамен 24 пайызын құрайды, оның ішінде негізгі үлес жеңіл және жүк көліктеріне тиесілі.

Сонымен қатар, елімізде жыл сайын 4,5 — 5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі, ал қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2025 жылы шамамен 28 пайызды ғана құрады. Бірқатар өңірлерде мәселенің күрделене түсуі сұрыптау инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен және бизнестің қаптама көлемін азайтуға немесе қайта пайдаланылатын ыдыс жүйесін дамытуға экономикалық ынталандырудың әлсіздігімен байланысты.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, маркетплейстерде жеткізудің соңғы кезеңінде электр көліктерін пайдалану көміртегі бөлінуі азайтуға тиімді болып отыр. Мысалы, бірқатар елдерде маркетплейстер қаптамаларды өздері қайта өңдеп, қайта пайдаланылатын орау жүйесін енгізу арқылы экологиялық жауапкершілікті күшейтіп келеді. Ал елімізде мұндай тәжірибе әлі де кеңінен енгізуді қажет етеді.

Сондықтан электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс. Табиғатты қорғау — тек мемлекеттің ғана емес, бизнес пен қоғамның да ортақ міндеті.

 

 

 

Осыған байланысты электрондық сауда саласының қарқынды дамуын ескере отырып, экологиялық жүктемені азайту және қалдықтарды тиімді басқару мақсатында мынадай нақты ұсыныстарды қарастыруды ұсынамыз:

Біріншіден. Электрондық саудада қолданылатын бір реттік қаптаманы қысқарту бойынша нақты нормативтік талаптар енгізіп, қайта пайдаланылатын әрі экологиялық қауіпсіз қаптама үлесін кезең-кезеңімен арттыру.

Екіншіден. Ірі онлайн — платформалар мен жеткізу компаниялары үшін қаптама қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша кеңейтілген экологиялық жауапкершілік механизмін енгізу.

Үшіншіден. Ірі қалаларда қайтарымды контейнерлер, жәшіктер және көп рет қолданылатын қаптама жүйесін енгізуге арналған пилоттық жобаларды іске қосу.

Төртіншіден. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту мақсатында өңірлерде заманауи сұрыптау кешендерін көбейтіп, осы салаға инвестиция тарту үшін экономикалық ынталандыру шараларын күшейту.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «AMANAT» партиясының Фракциясының депутаттары                                        

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

FlyArystan Алматы – Самарқан бағыты бойынша алғашқы рейсті орындады

Келесі жаңалық

Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады
Категориясыз

Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

5 июня, 2026
ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы
Категориясыз

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы

5 июня, 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

4 июня, 2026
Келесі жаңалық
Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды

Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды

Алаяқтық өнерге айналған кезде: «Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера

Алаяқтық өнерге айналған кезде: «Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жетісу облысының әкімдігі Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жетісу облысының әкімдігі Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

6 декабря, 2024
Әуежай экскурсия ұйымдастырды

Әуежай экскурсия ұйымдастырды

1 июня, 2022
Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуы

Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуы

20 июня, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.