Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

admin by admin
16 марта, 2026
«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

Әр көктем сайын бүкіл Қазақстан бойынша 10 мың ауыл оқушысы IQanat Олимпиадасының ІІ турына қатысу үшін өз ауылынан облыс орталығына барады. Олардың көбі үшін бұл – өз ауылынан ұзап шығудың алғашқы мүмкіндігі. Оқушылар үшін бұл сапар Олимпиаданың финалына өтіп, IQanat мектеп-пансионатында оқу немесе интенсивті академиялық бағдарламаларға қатысу жолындағы кезекті қадам.

Байланысты

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Жоба ұсынатын мүмкіндіктердің артында адамдар – жобаның қамқоршылары, қазақстандық кәсіпкерлер тұр. Дәл осы жыл сайын өтетін Олимпиадада меценаттар мен ауыл балаларын ұзақ жылға байланыстыратын оқиғалар бастау алады.

Олардың бірі – Алматы облысынан өткен жылғы Олимпиадаға қатысқан Нұрсаида Алдабергеннің оқиғасы. Ол іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, күн-түн демей дайындалды, алайда финалда оған бар болғаны бірнеше балл жетпей қалды. Нұрсаиданың өңірінің қамқоршысы, кәсіпкер Андрей Захаров оқушыға IQanat мектебіне қосымша – атаулы грант беру жөнінде шешім қабылдады.

«Алматыда мен Андрей ағаның қолынан сертификат алып тұрған кезде біздің ауылда жарық өшіп қалыпты. Соған байланысты отбасым бұл жетістігім туралы бастапқы уақытта білген де жоқ. Есесіне, кейін менің әлемдегі ең күшті мектепте оқитынымды естігенде бәріміз де шексіз қуандық», – дейді оқушы қыз.

Қамқоршы Нұрсаиданы оның нәтижелеріне ғана қарап таңдамағанын еске алады.

«Мен шешім қабылдағанда Нұрсаидамен таныс емес едім. Бірақ, оның анасы Ағира үш баланы жалғыз тәрбиелеп өсіріп жатқанын білуші едім. Бұл – құрметке лайық ерлік деп білемін. Кейін олармен танысып, жақын араласқан сайын шешімімнің дұрыс болғанын түсінемін. Қазір Нұрсаиданың қандай жауапты әрі ұқыпты оқушы екенін көріп жүрмін. Оған қоса, оның анасымен қарым-қатынасы да мені толқытты. Менің отбасымда да балалармен дәл сондай ашықтық бар», – деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, оның шешіміне жеке өзінің оқиғасы да әсерін тигізген.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Менің анам дүние салғанда мен үшін өте ауыр болды. Ол өте мейірімді жан болатын, көршілерге, оқушыларға, аула сыпырушыларға, мүгедек жандарға, үйсіз жануарларға көмектесіп жүретін. Ол өмірден өткен соң біз оның атында қайырымдылық қорын құрып, адамдарға көмектесуді жалғастырдық. Қор арқылы біз IQanat балаларына, оның ішінде Нұрсаидаға да қолдау көрсетеміз».

(Андрей Захаров жұбайы мен қызымен бірге, сонымен қатар Нұрсаида, оның анасы мен тәтесі)

Қазір Нұрсаида Бурабайдағы IQanat мектебінде оқиды, қытай тілін меңгеріп, халықаралық емтихандар мен ҰБТ—ға дайындалып жүр. Бірақ, қамқоршысымен байланысын үзген емес. Ол қамқоршысымен WhatsApp арқылы жетістіктерін бөлісіп, оны «мистер Андрей», ал жұбайын «миссис Марина» деп атайды. Меценат Нұрсаиданың барлық бастамаларына қолдау көрсетеді. Тіпті, оңтүстіктің қызын Бурабайдың суық қысына дайындап, жылы киім, етік және спорт формасын сатып әперді.

IQanat-та мұндай оқиғалар аз емес. Қазір бүкіл ел бойынша Нұрсаида былтыр өткен секілді іріктеу болып жатыр. Ол көптеген ауыл баласының тағдырын өзгертетін мүмкіндік.

Олимпиаданың ІІ туры 15-29 наурыз аралығында өтеді және бірінші кезеңге қатысқан 60 мың оқушыдан іріктелген үздік 10 мың сегізінші сынып оқушысының басын қосады. Оның қорытындысында жазда Буарабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқуға грант үшін таласатын 1000 финалист анықталады. Онда балаларды халықаралық стандарттар бойынша мықты білім беру бағдарламалары, үздік ұстаздар мен университетке түсуге арналған интенсивті дайындық күтіп тұр.

IQanat – қазақстандық 240 кәсіпкердің білім беру жобасы. Олардың қолдауы мен мықты бағдарламалардың арқасында мектеп түлектерінің 94%-ы грант жеңіп алады және қазірдің өзінде әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

Келесі жаңалық

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
Категориясыз

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

10 апреля, 2026
Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді
Категориясыз

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

10 апреля, 2026
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
Категориясыз

Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты

10 апреля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.04.2026 жыл жағдайына

10 апреля, 2026
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Total концерні бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады

Тоқаев Total концерні бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады

18 февраля, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

27 мая, 2023
Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавируспен ауырды

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавируспен ауырды

28 сентября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
  • Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.