---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/13/referendum-komissiyalary-respublikaly%d2%9b-referendumdy-%d3%a9tkizuge-toly%d2%9b-dajyn/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын

![Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/0a3a97fa-929a-4da2-be0e-bd5c52cd91ab.jpeg)

**Барлық деңгейдегіреферендумкомиссиялары республикалық референдумдыөткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады.Бұлтуралы Қазақстан Республикасы Орталықреферендумкомиссиясының отырысындахабарланды.**

«Барлық деңгейдегіреферендумкомиссиялары дайындық жұмыстарынаяқтады.Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді,комиссиялардыңқызметіне әдістемелік қолдау қамтамасызетілді,дауысберурәсімдерін қолданумен референдумтуралы заң талаптарынсақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды.Бұл біздің республикалық референдумдыөткізуге жәнеонызаң талаптарына қатаңсәйкес ұйымдастыруға толық дайынекенімізді айтуға мүмкіндік береді», –депатап өтті Нұрлан Әбдіров.

Дайындықтың негізгі бағыттарының бірікомиссиямүшелерін оқыту болды.Күнтізбелікжоспарға сәйкес, 13наурызда оқытудыңқорытынды кезеңі аяқталды.Жедел ақпаратқасәйкес дайындық барысында5800-денастамоқытусеминарыөткізіліп,оған әртүрлідеңгейдегі комиссиялардың71мыңнан астаммүшесі қатысты.Дайындық деңгейін қосымшабағалау мақсатында қашықтанонлайн-тестілеуұйымдастырылды.

ОРК Төрағасының айтуынша,іске асырылғанкаскадтық оқыту жүйесіелбойыншакомиссиямүшелерін даярлаудың бірыңғайстандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндікберді.

Референдумға дайындық аясында заңнамадакөзделген байқаужүргізуге қажетті жағдайларқамтамасыз етілді. Референдумучаскелеріндеболуға құқығыбарөкілдері қатыса алатынқоғамдық бірлестіктерменкоммерциялық емесұйымдарды аккредиттеу жүргізілді.Бүгінгітаңда256ұйым аккредиттелді,оның ішінде11-інОрталықреферендумкомиссиясы, ал 245-інаумақтық комиссиялар аккредиттеді.

Отырыс соңында дауысберукүні Орталықреферендумкомиссиясы дәстүрлі түрдетікелей эфирде бұқаралық ақпаратқұралдарынаелбойынша дауысберубарысытуралы әр екі сағат сайын ақпарат беріпотыратыны атап өтілді.Ақпарат берілетіннақты уақыт алдыналажарияланатын болады.

---

Жарияланды: 2026-03-13T07:14:55+06:00

Жаңартылды: 2026-03-13T07:14:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/13/referendum-komissiyalary-respublikaly%d2%9b-referendumdy-%d3%a9tkizuge-toly%d2%9b-dajyn/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.