Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

admin by admin
12 марта, 2026
Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

Жетісу облысында Халықаралық волонтерлар жылы аясында «Zhetysu Youth Forum 2026» өңірлік жастар форумы өтті. Форум волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, студенттер, оқушылар – жалпы саны 500-дей адамның басын қосты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Байланысты

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Еркін пікір алмасу форматында өткен форумда облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысты. Форумға қатысушылар жастардың ел дамуындағы рөлі туралы өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Негізінен волонтерлік мәдениетті дамыту тетіктері, сондай-ақ жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылатын бастамалар талқыланды.

— Бәрімізге белгілі, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын. Соған сәйкес аталған жылдың ресми ашылуы ретінде бүгін өңірлік жастар форумын ұйымдастырдық. Мұндай еркін форматтағы шаралар жастардың өзара тәжірибе алмасуына, ашық пікірталас алаңын қалыптастыруға, оларды қоғамдық және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуға ынталандырады деп ойлаймын, — деді «Jetisu jastary» КММ директоры Шамиль Ванкеев.

Басқосудың негізгі спикерлері ретінде сөз алған «Future IT» робототехника мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов озық технологияларды меңгерудің жастарға беретін жаңа мүмкіндіктері жайлы баяндады. Сол сияқты блогер, эко белсенді Дулат Набиев те спикерлер қатарында сөз сөйлеп, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Форумға қатысушылар да өз пікірлерін білдірді.

— Біздің волонтерлік қозғалысымыз шала туған нәрестелерге жүннен жылы киімдер (шұлық, бас киім, күртеше) тоқумен айналысатын адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді. Дайын киімдерді ауруханалардың жансақтау және патология бөлімдеріне риясыз ниетпен тапсырамыз. Біздің бұл бұйымдарымыз сәбилерді жылытуға көмектессе екен дейміз. Мейірім таныту, қайырымдылық көрсету қиын емес, тек адал ниет болса жетіп жатыр. Барлық жастарды біздің қатарымызға қосылуға шақырамын, — деді Талдықорғандағы «28 ілмек» клубының үйлестірушісі Жанна Сакович.

— Менің волонтерлік қызметпен айналысып жүргеніме екі жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде волонтерлік тек адамдарға көмектесу ғана емес, қоғаммен етене жақын болып, түрлі әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамау екенін түсіндім. Волонтерлік арқылы біз тек мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау сияқты маңызды бағыттарға да өз үлесімізді қосып келеміз. Өзім осындай жастарға арналған басқосуларға жиі қатысамын. Себебі мұндай кездесулерде өзіміз секілді белсенді жастармен танысып, ортақ идеяларды бірге талқылауға мүмкіндік береді, — деді Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 4 курс студенті Темірлан Төлеген.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Форум соңында жетісулық жастар 15 наурыздағы референдумға белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Осы орайда олар өскелең ұрпақтың ортақ болашаққа деген жауапкершілікті сезінуінің және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, қазір Жетісу облысында 13 волонтерлік ұйым мен 18 бастамашы топ белсенді жұмыс істейді, оларға шамамен 1100-ден аса жас тартылған. Өткен жылы  мұқтаж жандарға көмек көрсету, ескерткіштерді тазалау, экологиялық, әлеуметтік және басқа да бағыттарда 3 мыңдай волонтерлік акция ұйымдастырылды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсіргендер: Қанат Өмірәлинов, Темірлан Рашидұлы

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Сенің даусың – сенің таңдауың: 2026 жылғы референдум не себепті жаңа буын үшін басты міндет болмақ

Келесі жаңалық

Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз — Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституция туралы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
Категориясыз

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

10 апреля, 2026
Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді
Категориясыз

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

10 апреля, 2026
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
Категориясыз

Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты

10 апреля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.04.2026 жыл жағдайына

10 апреля, 2026
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Бұл жоба – болашақтың Конституциясы

Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз — Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституция туралы

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Желіде Imanbek, Sean Paul және Sofia Reyes-тің бейнебаяны жарық көрді

Желіде Imanbek, Sean Paul және Sofia Reyes-тің бейнебаяны жарық көрді

26 апреля, 2021
Ресейге салынған санкциялар АҚШ пен Еуроодаққа да кесірін тигізіп отыр

Ресейге салынған санкциялар АҚШ пен Еуроодаққа да кесірін тигізіп отыр

10 марта, 2022
Алматыда травматологтар күрделі микрохирургиялық ота жасады

Алматыда травматологтар күрделі микрохирургиялық ота жасады

12 декабря, 2022

Топ жаңалықтар

  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
  • Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.