---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/09/10-nauryz%d2%93a-zhosparlan%d2%93an-repatriacziyaly%d2%9b-rejster/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер

![10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/1708h500.jpg)

**Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.**

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:

KC2264 Маскат-Алматы рейсі  

ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.  

KC2258 Маскат-Алматы рейсі  

ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.  

KC2254 Маскат-Алматы рейсі  

ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.

Жергілікті уақыт көрсетілген.

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

Әуе компаниялар тобы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды және қазақстандықтардың отанына қауіпсіз оралуы үшін күш салуды жалғастыруда.

Трансфер бойынша жолаушылардан билеттерді сатып алу орны бойынша туроператорларға немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуларын сұраймыз.

Байланыс:

Air Astana  

Брондау және ақпарат орталығы (24/7):  

help.airastana.com  

+7 727 244 4477  

+7 7172 584477  

+7 702 702 4477  

Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78  

WhatsApp: +7 702 702 00 74  

Online chat: airastana.com

FlyArystan

WhatsApp: + 7 702 702 02 27  

Live-chat: FlyArystan app/flyarystan.com  

+7 727 3311010 (08:00 – 20:00)

---

Жарияланды: 2026-03-09T10:21:16+06:00

Жаңартылды: 2026-03-09T10:21:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/09/10-nauryz%d2%93a-zhosparlan%d2%93an-repatriacziyaly%d2%9b-rejster/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.