Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

admin by admin
6 марта, 2026
ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН  АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ  МАРАПАТ  САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 06 наурызында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді.

Байланысты

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Атаулы іс-шараға отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары қатысып, жалпы саны шамамен 400-ге жуық адам жиналды.

Академик Базанова Найля Оразғұлқызы – қазақстандық көрнекті ғалым, физиолог. Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, биология ғылымының жаңа саласы — ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясының негізін қалаушы.  Ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

Академик Н.Базанова атындағы марапат – Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, жоғары ғылыми жетістіктерге жеткен, жаңалықтар ашқан немесе қолданбалы зерттеулер жүргізген ғалым әйелдерді марапаттауға арналған құрмет белгісі. Бұл марапат отандық ғылымдағы нәзік жандардың жетістіктерін мойындау, дәріптеу және жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында тағайындалған.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаев шараның ашылуындағы сөйлеген сөзінде нәзік жандардың ғылым мен білім саласының дамуына қосып отырған үлесінің ерекше екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда ғылыми зерттеулермен айналысатын нәзік жандардың саны жыл сайын артып, ғылыми қызметкерлердің шамамен 56 пайызын құрап отырғанын (12 893) жеткізді. Олардың ішінде ғылым докторлары – 898, ғылым кандидаттары – 2 859, PhD докторлар – 2 229 және бейіні бойынша докторлар – 185. Бұл көрсеткіштер ғылым саласындағы жетістіктердің елеулі бөлігі әйел ғалымдардың еңбегімен байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін ғылымды басқару тәсілдерін жаңғырту, халықаралық ғылыми орталықтармен ықпалдастықты күшейту және әйел ғалымдарды жан-жақты қолдау қажеттігімен бөлісті. Осы бағыттағы маңызды қадам ретінде Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет көрнекті ғалым, алғашқы әйел-академик Найля Базанова атындағы марапатты тағайындағанын атап өтіп, биыл екінші рет еліміздің үздік әйел ғалымдары марапатталатынын сөзге тиек етті.

А.Күрішбаев сөзінің соңында: «Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтің бастамасымен біз «Әділетті қоғам» құруды алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз. Осы кешенді жоспардың ішінде әйелдердің ғылым саласын дамытудағы алар орны ерекше болмақ. Ендеше алдымызда жауапты міндеттер тұр. Оларды абыройлы деңгейде жүзеге  асыруға барлығымыз бірігіп ат салысуымыз тиіс. Осы тарихи маңызы бар істерде ғылым саласында еңбек етіп жүрген Сіздерге, барлық нәзік жандарға табыс тілеймін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жандарыңызға рухани сұлулық, заманымызға тыныштық тілеймін! Жүздеріңізден әрқашан да көктемнің күніндей күлкісі кетпесін» — деп ыстық ықыласын білдірді.

Салтанатты жиын бағдарламасына сай Алматы қаласы әкімінің құттықтауын  басқарма басшысы Кажденбек Азиз Оралбекұлы жеткізіп, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Кайдарова Диляра Радикқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Каримова, Назарбаев университетінің Вице-провосты Аида Қыстаубайқызы Сагинтаева, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі,Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Ғылым департаментінің директоры Индира Салтанқызы Бейшова сөз сөйлеп, отандық ғылымды дамытудағы әйел-ғалымдардың рөліне тоқталды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Іс-шара аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылған академик Н.Базанова атындағы марапат табыстау рәсімі өтті. Аталған марапатпен отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары әрі ғылымның түрлі бағыттарында елеулі нәтижелерге қол жеткізген 66 жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды.

Бұл марапат еліміздің ғылыми қауымдастығында табысты еңбек етіп жүрген әйел ғалымдардың жетістіктерін мойындаудың және олардың ғылымды дамытудағы рөлін айқындаудың маңызды көрінісі болды. Академик Н.Базанованың ғылыми мұрасы жас зерттеушілер үшін үлгі болып, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады деп сенеміз!

Академик Н.Базанова атындағы марапатқа ие болған отандық әйел-ғалымдар тізімі:

Оразбаева Фаузия Шамсиев

Грищенко Валентина Федоровна

Абусеитова Меруерт Хуатовна

Алимарданова Мариям Калабаевна

Шалахметова Тамара Минажевна

Силачева Наталья Владимировна

Садвокасова Закиш Тулехановна

Ботабекова Турсунгуль Кобжасаровна

Сарсекова Дани Нургисаевна

Алдаш Айманкүл

  • Нурахметова Салтанат Альмухаметовна
  • Избасарова Гульбану Болатовна
  • Спанкулова Лазат Сейтказиевна
  • Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы
  • Ермуханова Людмила Сергеевна
  • Атажанва Гаянэ Абдулкахимовна
  • Алексеева Людмила Алексеевна
  • Топанова Гульмира Туяковна
  • Сатыбалдина Дина Жагыпаровна
  • Манабаева Шуга Аскаровна
  • Есиркепова Гульмира Ербатыровна
  • Шамсутдинова Альфия Гумаровна
  • Молдашева Айсулу Болатовна
  • Бектурганова Нэйла Есенкельдиевна
  • Ситпаева Гульнара Токбергеновна
  • КАЛИЕВА Марал Шатулаевна
  • Жангужинова Меруерт Еркеновна
  • Моренко Марина Алексеевна
  • Анаятова Разиям Курванжановна
  • Хамзина Жанна Амангельдинова
  • Нарманова Роза Абдибековна
  • Ошибаева Айнаш Есимбековна
  • Нугуманова Алия Багдатовна
  • Шевченко Елена Валериевна
  • Степанова Ольга Александровна
  • Шабдарбаева Дария Муратовна
  1. Амандикова Дина Абильмажиновна
  • Зияева Гульнар Керимбековна
  • Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы
  • Разакова Дина Ибрагимовна
  • Дмитриева Елена Анатольевна
  • Баймаханова Гуль Бекарыстановна
  • Бисенбаева Жанат Николаевна
  • Бейшова Индира Салтановна
  • Бегимбаева Енлик Ериковна
  • Алманова Жанна Сарсимбаевна
  • Кучумова Гульфия Жасулановна
  • Уалиева Римма Мейрамовна
  • Бакранова Дина Игоревна
  • Баязитова Зульфия Ерзатовна
  • Жидебекқызы Ақнұр
  • Молдабаева Гульназ Жаксылыковна
  • Аханова Назым Ерлановна
  • Гриценко Диляра Александровна
  • Тиванова Оксана Викторовна
  • Молдабекова Айсулу Турсынбаевна
  • Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна
  • Уазыраханова Гулжаз Кенесханқызы
  • Сафарова Юлия Ивановна
  • Канаева Дамира Ашимхановна
  • Терликбаева Айгуль Талгатовна
  • Витюк Галина Анатольевна
  • Курмамбаева Жулдыз Балтабековна
  • Муталиева Ботагоз Жаксылыковна
  • Барменшинова Мадина Богембаевна
  • Ипалакова Мадина Тулегеновна

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Келесі жаңалық

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
Категориясыз

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

10 апреля, 2026
Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді
Категориясыз

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

10 апреля, 2026
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
Категориясыз

Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты

10 апреля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.04.2026 жыл жағдайына

10 апреля, 2026
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

9 марта, 2022
Тарихшы Н. Атығаев: Мен Александр Невскийге ескерткіш орнатуда оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын

Тарихшы Н. Атығаев: Мен Александр Невскийге ескерткіш орнатуда оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын

11 июля, 2023
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына қолдау көрсетеді

Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына қолдау көрсетеді

30 ноября, 2020

Топ жаңалықтар

  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
  • Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.